Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по формам представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг

Қаулы · № 70 · қабылданған 22.08.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41686/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по формам представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг Күшін жойған Қаулы ·№ 70 ·22.08.2008
25.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по формам представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг

Күшін жойған Қаулы ·№ 70 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по формам представления финансовой отчетности организациями, осуществляющими брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілікті ұсыну нысандары бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
22.08.2008
Көрсетілген редакция
25.05.2009 AI41686_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005312_
ЭКБ идентификаторы
41686
Редакция идентификаторы
AI41686_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:56

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілікті ұсыну нысандары бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3364 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4702 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 44 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада:
"Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Берілген ұзақ мерзімді заемдар (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)";
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке қойылатын талаптар" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Берілген қысқа мерзімді заемдар (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)";
"Сауда бағалы қағаздары (ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде)" деген жолдағы "(ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде)" деген сөздер алынып тасталсын;
3-қосымшада:
"алатын сыйақы түріндегі есептелген кірістер" және "сыйақы төлеу шығыстары" деген жол алынып тасталсын;
"Операциялық активтердегі (ұлғаю) азаю:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Берілген ұзақ мерзімді заемдардың (ұлғаюы) азаюы";
"болашақ кезеңдер шығыстарының (ұлғаюы) азаюы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Берілген қысқа мерзімді заемдардың (ұлғаюы) азаюы";
5-қосымша мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Түсіндірме жазбадағы, қаржылық есептілікте келтірілген баптарды жіктеу қажет болған кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес олардың мағынасын түсіндіретін ақпаратпен толықтырылады.".

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы " 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3373 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4640 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4702 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 44 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.";
1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Брокер-дилерлердің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жасалады.";
1-қосымшада:
" Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар " деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Берілген ұзақ мерзімді заемдар (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)";
" Алдағы кезеңдердің шығыстары " деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Берілген қысқа мерзімді заемдар (күмәнді борыштар бойынша резервтерді шегергенде)";
" Сауда бағалы қағаздары (ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде) " деген жолдағы " (ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде) " деген сөздер алынып тасталсын.

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және арнайы қаржы компанияларына жіберсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің Төрайымы
Бахмутова Е.Л. _____________
2008 жылғы 3 қыркүйек

Қолданыстағы