Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о порядке вступления в силу международных договоров, направленных на формирование договорно-правовой базы таможенного союза, выхода из них и присоединения к ним

Заң · № 68-IV · қабылданған 29.09.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41722/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о порядке вступления в силу международных договоров, направленных на формирование договорно-правовой базы таможенного союза, выхода из них и присоединения к ним Қолданыста Заң ·№ 68-IV ·29.09.2008
14.10.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о порядке вступления в силу международных договоров, направленных на формирование договорно-правовой базы таможенного союза, выхода из них и присоединения к ним

Қолданыста Заң ·№ 68-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о порядке вступления в силу международных договоров, направленных на формирование договорно-правовой базы таможенного союза, выхода из них и присоединения к ним
Атауы (қаз.)
Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68-IV
Қабылданған күні
29.09.2008
Көрсетілген редакция
14.10.2014 AI41722_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z080000068_
ЭКБ идентификаторы
41722
Редакция идентификаторы
AI41722_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:48

0 Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Душанбеде 2007 жылғы 6 қазанда қол қойылған Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Кеден одағының жоғарғы органы кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын, екі бөліктен тұратын халықаралық шарттардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) айқындайды:
бірінші бөлігі - ЕурАзЭҚ шеңберінде қолданыстағы халықаралық шарттар;
екінші бөлігі - кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтауға бағытталған халықаралық шарттар.

2 2-бап

Кеден одағының жоғарғы органы Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген халықаралық шарттың күшіне енуі туралы шешімді осы халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы депозитарийдің ақпараты болған жағдайда қабылдайды.

3 3-бап

Тараптың Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген халықаралық шарттан шығуы оның Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген барлық халықаралық шарттардан шығуын білдіреді. Мұндай Тарап үшін олардың қолданысы депозитарий шығу туралы хабарламаны алған күннен бастап 12 ай өткен соң тоқтатылады.

4 4-бап

Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген халықаралық шарттар күшіне енгеннен кейін оларға қосылатын мемлекет Тізбенің екінші бөлігіне енгізілген барлық халықаралық шарттардың ол үшін міндеттілігіне келісім білдірген жағдайда, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа басқа мүше мемлекеттердің оларға қосылуы үшін ашық болады.
Қосылатын мемлекет үшін көрсетілген халықаралық шарттар олардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы жазбаша хабарламаларды ол депозитарийге тапсырған күннен бастап үш ай өткен соң бір мезгілде күшіне енеді.

5 5-бап

Тізбеге енгізілген халықаралық шарттардың ережелері, егер мұндай шарттар Тараптардың кірігуінің неғұрлым жоғары дәрежесін көздейтін болса, Тараптардың арасындағы басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.
Тізбеге енгізілген халықаралық шарттардың ережелері Тараптар арасында көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын жаңа халықаралық шарттарды жасасуға кедергі келтірмейді.

6 6-бап

Осы Хаттамаға ескертпелерге жол берілмейді.

7 7-бап

Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, ратификациялануға тиіс және депозитарий соңғы ратификациялау грамотасын алған күннен бастап күшіне енеді.
2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады, депозитарийдың функциясын Кеден одағының комиссиясына бергенге дейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті депозитарий болып табылады.
Депозитарий осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жібереді.
Беларусь                   Қазақстан                Ресей
      Республикасы               Республикасы             Федерациясы
      үшін                       үшін                     үшін

8 Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар ТІЗБЕСІ

ЕурАзЭҚ Мемкеңесінің
(кеден одағының жоғары органы)
2007 жылғы 6 қазандағы
N 1 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар ТІЗБЕСІ
р/с
N
Ха­лы­қа­ра­лық шарт ата­уы
Бі­рін­ші бө­лім
ЕурАз­ЭҚ шең­бе­рін­де қол­да­ны­с­та­ғы ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
1.
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы мен Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы ара­сын­да­ғы Ке­ден ода­ғы ту­ра­лы 1995 жы­л­ғы 6 қаң­тар­да­ғы ке­лі­сім
2.
Ке­ден ода­ғы ту­ра­лы 1995 жы­л­ғы 20 қаң­тар ке­лі­сім. Мәс­кеу.
3.
Ке­ден ода­ғы және бір­тұ­тас эко­но­ми­ка­лық ке­ңі­сті­гі ту­ра­лы 1999 жы­л­ғы 26 ақ­пан­да­ғы шарт
4.
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық қо­ғам­да­стық құ­ру ту­ра­лы 2000 жы­л­ғы 10 қа­зан­да­ғы шарт
5.
Еура­зия эко­но­ми­ка­лық қо­ғам­да­стығ­ы­на мү­ше мем­ле­кет­тер­дің экс­порт­тық ба­қы­ла­у­ы­ның бі­рың­ғай тәр­ті­бі ту­ра­лы 2003 жы­л­ғы 28 қа­зан­да­ғы ке­лі­сім
6.
Ке­ден ода­ғы­на қа­ты­су­шы мем­ле­кет­тер­дің са­уда­сын­да ар­найы қор­ғау, ан­ти­дем­пинг­тік және өтем ша­ра­ла­рын қол­да­ну­дың те­ті­гі ту­ра­лы 2000 жы­л­ғы 17 ақ­пан­да­ғы хат­та­ма
7.
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық қо­ғам­да­стық­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­дің тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­те­рін үй­ле­сті­ру негіз­де­рі ту­ра­лы 2005 жы­л­ғы 24 на­уры­зда­ғы ке­лі­сім
8.
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық қо­ғам­да­стық­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­дің на­ры­ғын­да­ғы өнім­нің бі­рың­ғай ай­на­лым бел­гі­сін қол­да­ну ту­ра­лы 2006 жы­л­ғы 19 ма­мыр­да­ғы ке­лі­сім
9.
Ке­ден ода­ғы ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қа­ты­су­шы мем­ле­кет­тер­дің Дү­ни­е­жү­зі­лік са­уда ұй­ы­мы­на кі­ру ке­зін­де ха­лы­қа­ра­лық са­уда­лық ке­ліс­сө­зде­рі ту­ра­лы 1997 жы­л­ғы 3 мау­сым­да­ғы хат­та­ма
10.
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық қо­ғам­да­стық ту­ра­лы 2000 жы­л­ғы 10 қа­зан­да­ғы шар­тқа өзге­рі­стер ен­гі­зу ту­ра­лы хат­та­ма
Екін­ші бө­лім
Ке­ден ода­ғы­ның шар­ттық-құқық­тық ба­за­сын қа­лып­та­сты­ру­ды аяқ­та­у­ға ба­ғыт­тал­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
1.
Ке­ден ода­ғы­ның ко­мис­си­я­сы ту­ра­лы шарт
2.
Бі­рың­ғай ке­ден ау­ма­ғын құ­ру және ке­ден­дік одақ­ты қа­лып­та­сты­ру ту­ра­лы шарт
3.
Ке­ден ода­ғы­ның шар­ттық-құқық­тық ба­за­сын қа­лып­та­сты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­дың кү­шіне енуі, олар­дан шы­ғу және олар­ға қо­сы­лу тәр­ті­бі ту­ра­лы хат­та­ма
4.
Бі­рың­ғай ке­ден­дік-та­риф­тік рет­теу ту­ра­лы ке­лі­сім
5.
Үшін­ші ел­дер­ге қа­ты­сты ке­ден­дік әке­ту баж­да­ры ту­ра­лы ке­лі­сім
6.
Та­у­ар­лар­дың шы­ға­ры­л­ған елін ай­қын­да­удың бі­рың­ғай ере­же­сі ту­ра­лы ке­лі­сім
7.
Үшін­ші ел­дер­ге қа­ты­сты та­риф­тік емес рет­те­удің бі­рың­ғай ша­ра­ла­ры ту­ра­лы ке­лі­сім
8.
Тех­ни­ка­лық рет­теу, са­ни­тар­лық және фи­то­са­ни­тар­лық ша­ра­ла­ры са­ла­сын­да ке­лі­сі­л­ген са­я­сат жүр­гі­зу ту­ра­лы ке­лі­сім
9.
Үшін­ші мем­ле­кет­тер­ге қа­ты­сты ар­найы қор­ғау, дем­пинг­ке қар­сы және өте­ма­қы ша­ра­ла­рын қол­да­ну ту­ра­лы ке­лі­сім
10.
Ке­ден ода­ғы­ның ке­ден­дік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы өт­кі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­дың ке­ден­дік құ­нын ай­қын­дау ту­ра­лы ке­лі­сім
11.
Ке­ден ода­ғы­ның та­у­ар­ла­ры­мен сырт­қы са­уда­ның және өза­ра са­уда­ның ке­ден­дік ста­ти­сти­ка­сын жүр­гі­зу ту­ра­лы ке­лі­сім
12.
Ке­ден ода­ғы­на та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­ды орын­да­удың, қыз­мет көр­се­ту­лер­дің экс­пор­ты мен им­пор­ты ке­зін­де жа­на­ма са­лық­тар­ды алу қа­ғи­дат­та­ры ту­ра­лы ке­лі­сім
Осымен 2007 жылғы 6 қазанда Душанбеде жасалған Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы Хаттамасының қазақ тіліндегі көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
департаментінің директоры
Е. Бөлегенов

Қолданыстағы