Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил содержания животных в населенных пунктах Тимирязевского района

Ереже · № 9/4 · қабылданған 26.08.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41749/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил содержания животных в населенных пунктах Тимирязевского района Күшін жойған Ереже ·№ 9/4 ·26.08.2008
26.08.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил содержания животных в населенных пунктах Тимирязевского района

Күшін жойған Ереже ·№ 9/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил содержания животных в населенных пунктах Тимирязевского района
Атауы (қаз.)
Тимирязев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/4
Қабылданған күні
26.08.2008
Көрсетілген редакция
26.08.2008 41749_372665.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08SL000080
ЭКБ идентификаторы
41749
Редакция идентификаторы
41749_372665
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:56

0 Тимирязев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы

2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШТІ:

1 1. Ұсынылған Тимирязев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесі бекітілсін

2 2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
2008 жыл 27 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
агроөндірістік кешенінде
мемлекеттік инспекция комитетінің
аумақтық аудандық инспекция бастығы
В.О. Беккер
2008 жыл 27 тамыз
«Тимирязев аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Е. Молдахметов

3 Тимирязев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелері

2008 жылдың «26» тамызындағы
аудандық маслихаттың
сессиясының № 9/4 шешімімен
бекітілген
Тимирязев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелері

1 1. Жалпы жағдайы

5 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2002 жылдың 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, сәйкес осы Ереже әзірленді.

Осы ереже барлық жануарлар иелеріне таратылады, Тимирязев ауданының аумағында қызмет істейтін немесе өмір сүретін, меншік қалыпына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

2 2. Жануарларды ұстау.

7 Жануарлардың иелеріне қажет:

1 1) Жануарларды биологиялық ерекшелігіне сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда ветеринарлық көмекке жүгіну;

2 2) Жануарларды ұстайтын жерлерде тиісті санитарлық жағдайда ұстау;

3 3) Жайылым үшін жинау орнына және жинау орнынан жануарды ұстау орнына дейін белгіленгең жол бағытына келісілген уақытында қосып жіберу;

4 4) Малдардың жайылу кестесін сақтау;

5 5) Ветеринария мекемесіне жануар өліп қалған немесе ауырып қалған жағдайларында жылдам хабарлау;

6 6) Жануарларды бірдейлендіру және оларға ветеринарлық төлқұжат ресімдеуді қамтамасыз ету;

7 7) Ветеринар мамандарына олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер және вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды алып келу;

8 8) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринария мамандарға хабарлауға және ветеринария мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөніндегі шаралар қолдану.

Жануарлар иелеріне рұқсат етілмейді:

1 1) Елді мекен жерлерінде малды бағуға арналған жерден басқа жерлерде көшеге, алаңдарға, саябақта және тағы басқа көпшілік қолданылатын жерге жануарларды бағуға болмайды;

2 2) Ауыз суын (құдықтар, саңылаулар, су тарататын мұнарасының санитарлық зонасы) тарататын орындарда жануарларды суаруға;

3 3) өзендер мен су қоймаларында, адамдар демалатын жерлерде, жануарларды шомылдыруға, жууға болмайды.

Қолданыстағы