Көксу ауыл округіне қарасты Айдарқұл - Қашар, Баспанды, Жоласар елді мекендерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ҚАЗКөксу ауыл округіне қарасты Айдарқұл - Қашар, Баспанды, Жоласар елді мекендерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Көксу ауыл округіне қарасты Айдарқұл - Қашар, Баспанды, Жоласар елді мекендерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауыл округіне қарасты Айдарқұл - Қашар, Баспанды, Жоласар елді мекендерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 354
- Қабылданған күні
- 08.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2009 · қолданыстағы AI41751_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08UO000065
- ЭКБ идентификаторы
- 41751
- Редакция идентификаторы
- AI41751_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:53
0 Көксу ауыл округіне қарасты Айдарқұл - Қашар, Баспанды, Жоласар елді мекендерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 27 тамыздағы N 2-10/258 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көксу ауыл округіне қарасты Айдарқұл-Қашар, Баспанды, Жоласар елді мекендерінде тұрғындардың уақ малдары арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне
байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
2 2. Шардара аудандық аумақтық инспекциясы (Ш. Жарияқұл келісімі бойынша) назарына уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының алдын-алу және таратпау мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспарын дайындау ұсынылсын.
3 3. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторынан (Е. Бекет келісімі бойынша) шектеу қойылған аумақта мал қозғалысын қатаң бақылауға алып, індеттік байланыс тобына әсер ететін ветеринариялық жұмыстарды атқару сұралсын.
4
4. Аудандық медицина бірлестігінен (Ж. Сапаров келісімі бойынша), аудандық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (Е. Төребеков келісімі бойынша), Көксу ауыл округіндегі тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту, бруцеллез (сарып) ауруымен ауырған және аурулармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алу сұралсын.
5 5. Көксу ауыл округі әкіміне белгіленген іс-шараның уақтылы, сапалы орындалуын қамтамасыз ету және шектеу белгіленгені жөнінде ауыл тұрғындарына хабарлау тапсырылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Байтұрғановқа жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Оңтүстік
Қазақстан облысының Шардара аудандық
аумақтық инспекция бастығы Ш. Ө. Жарияқұл
Шардара аудандық медицина
бірлестігінің бастығы Ж. М. Сапаров
Шардара аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы Е. Ә. Төребеков
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Оңтүстік
Қазақстан облысының Шардара аудандық
бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Б. Қ. Бекет