Құжат мәтініне өту

О границах районов в городе Астане

Қаулы · № 134/21-IV · қабылданған 18.08.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41787/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О границах районов в городе Астане Күшін жойған Қаулы ·№ 134/21-IV ·18.08.2008
27.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О границах районов в городе Астане

Күшін жойған Қаулы ·№ 134/21-IV · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О границах районов в городе Астане
Атауы (қаз.)
Астана қаласындағы аудан шекарасы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134/21-IV
Қабылданған күні
18.08.2008
Көрсетілген редакция
27.02.2018 41787_302327.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08A000547_
ЭКБ идентификаторы
41787
Редакция идентификаторы
41787_302327
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:58

0 Астана қаласындағы аудан шекарасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" 2008 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты және ШЕШТІ:

1 1. Астана қаласындағы аудан шекарасының сызбасы мен бейнеленуі 1 және 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Астана қаласы аудандары шекараларының сипаттамасы Астана қаласының "Есіл" ауданы.

Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 66 қаулысы мен
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 18 тамыздағы
N 134/21-IV шешіміне
1 қосымша
Астана қаласы аудандары шекараларының сипаттамасы
Астана қаласының "Есіл" ауданы.
Жаңа аудан шекараларының өту сызықтарын оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс құрауыштары қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі салынып жатқан тасқынға қарсы бөгеттің қиылысы орнынан бастап, шекараның қолданыстағы сызығы бар Есіл өзенінің оң тармағы қиылысына дейінгі қаланың қолданыстағы шекарасымен тура келеді.
Кұрылып жатқан ауданды басқа аудандардан бөлетін шекаралардың бөлігі өзеннің жобаланып жатқан өзен арнасының ортаңғы сызығы бойымен, салынып жатқан тасқынға қарсы бөгеттің қиылысы орнынан өтеді, "жасыл арал", М-1 көпірі, Сарыарқа даңғылындағы көпір аудандарында және жобаланып жатқан өзен арнасының ортаңғы сызығы бойымен каланың батыс бөлігіндегі шекарасына дейін оң саламен өтеді.
Құрылып жатқан ауданның жалпы көлемі - 31,2 мың га.
Астана қаласының "Алматы ауданы".
Ауданның шығыс және солтүстік шекаралары қаланың қазіргі шекарасына тура келеді.
Батыс шекара Республика және Бөгенбай батыр даңғылдары, Алаш тас жолы (Софиевское) осінің бойымен өтеді.
Оңтүстік шекара салынып жатқан тасқынға қарсы бөгеттің қиылысы орнынан, "жасыл арал", М-1 көпірі аудандарында оң сала бойымен және Есіл өзені арнасының ортаңғы сызығы бойымен "Рамстор" сауда үйі ауданындағы көпірге дейін өтеді.
Жаңа шекаралар бойынша Алматы ауданының жалпы аумағы - 21,4 мың. га.
Астана қаласының "Сарыарқа ауданы".
Ауданның батыс және солтүстік шекаралары қаланың қазіргі шекарасына тура келеді.
Шығыс шекара Республика және Бөгенбай батыр даңғылдары, Алаш тас жолы (Софиевское) өсінің бойымен өтеді.
Оңтүстік шекара Есіл өзені арнасының ортаңғы сызығы бойымен "Рамстор" сауда үйі ауданындағы көпірден Сарыарқа даңғылындағы көпір ауданында оң сала бойымен, жобаланып жатқан өзен арнасының ортаңғы сызығы бойымен каланың батыс бөлігіндегі шекарасына дейін өтеді.
Жаңа шекаралар бойынша Сарыарқа ауданының жалпы аумағы - 19,6 мың га.

2 Астана қаласы әкімшілік аудандары шекараларының сызбасы

Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 66 қаулысы мен
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 18 тамыздағы
N 134/21-IV шешіміне
2 қосымша
Астана қаласы әкімшілік аудандары шекараларының сызбасы

Қолданыстағы