Об утверждении дислокации временных торговых точек, площадей (площадок) по реализации плодоовощной продукции и бахчевых культур на територии Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении дислокации временных торговых точек, площадей (площадок) по реализации плодоовощной продукции и бахчевых культур на територии Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін, алаңдардың орынын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 28.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2009 AI41793_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VH000065
- ЭКБ идентификаторы
- 41793
- Редакция идентификаторы
- AI41793_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:55
0 Бородулиха ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін, алаңдардың орынын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсанындағы № 361 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 3-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жоқ тауарларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бородулиха ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын алаңдарды, уақытша сауда нүктелері бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
2
2. Бородулиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Халинға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Бородулиха ауданы аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын сауда нүктелерінің тізбесі
"Бородулиха ауданының аумағында
жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін
сататын уақытша сауда нүктелерін,
алаңдардың орынын бекіту туралы"
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 28 тамыз № 8
қаулысына қосымша
Бородулиха ауданы аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын сауда нүктелерінің тізбесі
р/с
Мекен-жайы
Саны
1
Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік даңғылы (автокөлікпен сауда) – "Мадина" сауда базарының жанында
4
2
Новая-Шульба ауылы, Гагарина көшесі "Надежда" дүкенінің жанында (автокөлікпен сауда)
4
3
Ново-Покровка ауылы "Надежда" дүкенінің жанында (автокөлікпен сауда)
3
4
Жезкент кенті "Дружба" дүкенінің жанында (автокөлікпен сауда)
4
Барлығы:
15