Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137/21-IV
- Қабылданған күні
- 18.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2009 AI41821_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08A000548_
- ЭКБ идентификаторы
- 41821
- Редакция идентификаторы
- AI41821_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:58
0 Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 489 - 492 баптарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкалары бекітілсін.
2
2. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 5 наурыздағы N 149/29-ІІ "Сыртқы (көрнекі) жарнама орнатқаны үшін ақы ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 наурызда N 178 болып тіркелген, 2002 жылғы 30 наурызда N 36 "Вечерняя Астана" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкалары
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрайымы К. Анасова
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 18 тамыздағы
N 137/21-IV шешімімен
бекітілді
Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкалары
Р/с
N
Жарнама объектісінің түрі
Ай сайынғы төлем мөлшері
(айлық есептік көрсеткіште)
"А"
санаты
"В"
санаты
"С"
санаты
"Д"
санаты
1.
Көлемі 3 ш. метрге дейінгі
жарнамалық-ақпараттық
объектілер
2
2
2
2
2.
Көлемі 3-тен 15 ш. метрге
дейінгі жарнамалық-ақпараттық
объектілер
6
4
4
3
3.
Көлемі 15-тен 30 ш. метрге
дейінгі жарнамалық-ақпараттық
объектілер
10
8
6
4
4.
Көлемі 30-дан 70 ш. метрге
дейінгі жарнамалық-ақпараттық
объектілер
14
12
10
8
5.
Көлемі 70-тен 100 ш. метрге
дейінгі жарнамалық-ақпараттық
объектілер
16
14
12
10
6.
Көлемі 100-ден 200 ш. метрге
дейінгі жарнамалық-ақпараттық
объектілер
18
16
14
12
7.
Көлемі 200 ш. метрден жоғары
жарнамалық-ақпараттық
объектілер
20
18
16
14
8.
Жарықтандырылған табло (экран)
18
18
18
18
9.
Шатыр қондырғылары
8
6
5
4
10.
Шығарылатын жарнама
конструкциялары (штендерлер)
10
10
10
10
Ескертпе:
1 1. Ақы ставкалары айлық есептік көрсеткіштер бойынша есептеледі.
2 2. Өздерінің атқаратын функцияларын жүзеге асыру барысында сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары салық төлеуші болып табылмайды.
3 3. Астана қаласының басты алаңдары мен магистральдарының санаттары бойынша тізімі:
"А" санаты: әуежай тас жолы (әуежайдан басталып Қарқаралы тас жолының шеңберіне дейін), Қарқаралы тас жолы (шеңберден басталып Қабанбай батыр даңғылына дейін), Қабанбай батыр даңғылы, қаланың жаңа әкімшілік орталығының барлық көшелері, Сарыарқа даңғылы (сол жағалаудан бастап Кенесары көшесіне дейін), Республика даңғылы (Республика даңғылының басынан бастап Сейфуллин көшесіне дейін), Кенесары көшесі (Сарыарқа даңғылынан Торайғыров көшесіне дейін);
"В" санаты: Республика даңғылы (Сейфуллин көшесінен Гете көшесіне дейін), Бараев к-сі., Тәшенов к-сі., Манас даңғ., Абылай хан даңғ, Б. Момышұлы к-сі., Жеңіс даңғ., Абай даңғ., Сейфуллин к-сі., Бейбітшілік к-сі.;
"С" санаты: Алаш тас жолы, Қарағанды тас жолы, Тілендиев даңғ., Бөгенбай батыр даңғ., Мұңайтпасов к-сі., Можайский к-сі., Уәлиханов к-сі., Иманов к-сі., Пушкин к-сі., Қажымұқан к-сі., Майлин к-сі., Есенберлин к-сі., Біржан Сал к-сі., вокзал ауданы;
"Д" санаты: "А", "В", "С" санаттарына жатпайтын қаланың қалған бөліктері.