Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил софинансирования концессионных проектов

Қаулы · № 945 · қабылданған 15.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41836/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил софинансирования концессионных проектов Күшін жойған Қаулы ·№ 945 ·15.10.2008
26.02.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил софинансирования концессионных проектов

Күшін жойған Қаулы ·№ 945 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил софинансирования концессионных проектов
Атауы (қаз.)
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
945
Қабылданған күні
15.10.2008
Көрсетілген редакция
26.02.2009 AI41836_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000945_
ЭКБ идентификаторы
41836
Редакция идентификаторы
AI41836_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:45

0 Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесін бекіту туралы

2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 152-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 қазандағы
N 945 қаулысымен
бекітілген
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесі

1 1. Осы Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 152-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және концессиялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қоса қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2 2. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектілерін құру (салу) және реконструкциялау үшін белгілі бір шығындар көлемін қаржыландыру үшін бюджеттік қаражатын бөлу.

3 3. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі концессия объектісін құру (салу) және реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.

4 4. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдері қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалар тізбесін ескере отырып жасалған тиісті концессия шарттарымен белгіленеді.

5 5. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдері Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарымен және мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерімен айқындалады.

6 6. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламаларды төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлейді.

8 8. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімдерде бюджеттен қаражат алу үшін концессионерлер бюджет қаражатын бөлуге арналған өтінімді және бұрын алынған қаражаттың игерілуі туралы есепті тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынады.

Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжанып отырған ай басталғанға дейін 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде беріледі.

9 9. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға концессионердің өтінімдерін қанағаттандыру бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.

10 10. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шеңберінде концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және нысаналы іске асырылуы үшін жауапты болады.

Қолданыстағы