Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб

Қаулы · № 949 · қабылданған 15.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41854/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб Күшін жойған Қаулы ·№ 949 ·15.10.2008
31.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб

Күшін жойған Қаулы ·№ 949 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления деятельности негосударственных противопожарных служб
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
949
Қабылданған күні
15.10.2008
Көрсетілген редакция
31.07.2014 AI41854_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000949_
ЭКБ идентификаторы
41854
Редакция идентификаторы
AI41854_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:45

0 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 қазандағы
N 949 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке мынадай негізгі міндет жүктеледі:

1 1) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру;

2 2) тиісті ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

3 3. Негізгі міндеттерге сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:

жолға шығатын техникасы бар - негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобилдерімен жарақтандырылған немесе техникалық сипаттамасы бойынша өрт сөндіру мәселелерін толық көлемде шешуді қамтамасыз ететін бейімделген техникасы бар өрт сөндіру бөлімдері (бекеттері);
жолға шығатын техникасы жоқ - қызметкерлері өрттердің алдын алу (сақтандыру) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және осы мақсаттарда өрт сөндірудің тұрақты, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, өрттерді олардың алғашқы даму сатысында сөндіруге қатысатын өрт сөндіру бекеттері.

4 4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері тұрақты (тәулік бойы) жауынгерлік дайындықта болады.

5

5. Бір мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшесінің оны ұстауда үлестік қатысатын және ҚНжЕ ІІ-89-80* "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары" немесе қарамағындағы немесе салалық қатысы бар ұйымдар мен объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтитын тиісті мемлекеттік органдардың басқа да нормативтік актілеріне сәйкес осы бөлімшенің нормативтік шығу радиусындағы бірнеше ұйымдар мен объектілерге қызмет көрсетуіне болады.
Бұл ретте мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызметкерлерінің жалпы саны мен техникалық жарақтандырылуы осы қызметті ұстауда үлестік қатысатын, өрт қауіптілігі неғұрлым жоғары ұйымдар немесе объектілер үшін есептік санға сәйкес болуы тиіс.

6 6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерін ұстау олар құрылатын ұйымдар мен объектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

7 7. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке қаржы, кадр қызметкерлерінен, өрт техникасы мен байланыс құралдарына қызмет көрсететін мамандардан тұратын ресурстық қамтамасыз ету топтарын енгізу қажеттілігін әрбір нақты жағдайда ұйымдар мен объектілердің басшылары анықтайды.

8

8. Жолға шығатын техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінің (бекеттерінің) негізгі бірлігі өрт сөндіру автомобилінде жауынгерлік есептің командирі басқаратын жауынгерлік есеп болып табылады. Өрт сөндіру бөлімінде (бекетінде) екі және одан астам өрт сөндіру автомобилі болған жағдайда қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.

9 9. Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) өрттердің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін нұсқаушылар бар өрттің алдын алу топтары құрылуы мүмкін.

10 10. Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылған ұйымдар мен объектілерді өрттерден күзетуді нұсқаушы-өрт сөндірушілер тәулік бойы режимінде жүзеге асырады.

Нұсқаушы-өрт сөндірушілердің саны ұйым мен объектінің өндірістік ауданына, қуатына, жұмыс режиміне байланысты анықталады (бірақ кезекшілік ауысымда кемінде 2 штаттық қызметкер).

11 11. Өрт сөндіру қызметін және өрттің алдын алу жұмысын ұйымдастыру тәртібін, өрт сөндіру деполарының, өрт сөндіру техникасының санын, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің санын осы Ережеге сәйкес ұйымдар мен объектілердің басшылары белгілейді

2 2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру

12 12. Ұйымдар мен объектілердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысы:

қауіпсіздік техникасының талаптарына сай келетін және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерін тиісті жұмыс жағдайымен қамтамасыз ететін өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай, депо);
өрт сөндіру автомобилдерінің есептік саны;
нормативтік өрт сөндіру-техникалық жабдығы мен жарағы;
радиожелі байланыс құралдары;
жеке жауынгерлік киім мен жарақ;
ұйымның немесе объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі туралы ережесі болған жағдайда жүзеге асырылады.

13 13. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрттерді сөндіруді ұйымдастыруы өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

14 14. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды осы Ережеге 1-қосымшада келтірілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тізбесіне сәйкес ұйым немесе объект басшысы белгілейді.

15 15. Ұйымдар мен объектілердің өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) күштерді, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау үшін:

өрт, авария туралы хабарларды қабылдауды;
шақыру орнына өрт сөндіру автомобилдерімен жауынгерлік есептерді шығаруды;
өкімдер беруді, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндіруге жұмылдырылған бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін байланыс пункттерін құру ұсынылады.
Бұл ретте өрт сөндіру бөлімінің (бекетінің) байланыс пункті мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жақын орналасқан бөлімшесінің байланыс бекетімен байланыс арнасын қамтамасыз етуі тиіс.

16 16. Өрт сөндіру автомобильдері қалталы радиостанциялармен қамтамасыз етіледі. Қалталы байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндіру басшысы, кезекшілікті жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндіру бөлімі (бекеті) тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегі қызметкерлер қамтамасыз етіледі.

17 17. Ұйымның немесе объектінің технологиялық үдеріс ерекшеліктері негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау, сондай-ақ химиялық бақылау және газ талдау аспаптарымен қамтамасыз етіледі.

18

18. Мемлекеттік орман иеленушілердің өртке қарсы қызмет қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшы лауазымдарына жұмысқа (жасақтардың, өрт сөндіру бөлімдерінің, бекеттердің бастықтары) оларға жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы тиісті кәсіби біліктілігі бар тұлғалар жіберіледі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымдарды күзетілетін объектідегі немесе ұйымдағы басқа лауазымдармен қатар атқаруына жол берілмейді.

19 19. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылданушы тұлғалар өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы дайындықтан және оқыту курстарынан өтеді. Арнайы дайындық пен оқыту курстарынан өтпеген тұлғалар жұмыс істеуге жіберілмейді.

20

20. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде қызметкерлерді жыл сайынғы кезекті дайындық жұмысын ұйымдастыру көзделеді. Кезекті дайындық бағдарламасы ұйымның немесе объектінің өндірістік сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды жүргізуді қамтиды және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.

21 21. Өрт сөндіру бөлімдерінде (бекеттерінде) демалуға қолайсыз орталарда жұмыс істеу мүмкіндігі үшін газ түтінінен қорғау қызметін құру ұсынылады.

22

22. Өрт сөндіру автомобильдері мен тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі жұмысқа мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының техникалық және газ түтінінен қорғау қызметтері жөніндегі нормативтік актілерге сәйкес тиісті біліктілігі бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері жіберіледі.

23

23. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмысын жүзеге асыру үшін өрт сөндіру бөлімдеріндегі (бекеттеріндегі) өрт сөндіру деполарының саны мен оларды ұйымның немесе объектінің аумағында орналастыру ҚНжЕ ІІ-89-80* "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары", ҚНжЕ ІІ-97-76 "Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарлары" талаптарына сәйкес айқындалады.

24

24. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны осы Ережеге 2-қосымшада келтірілген тактикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, төмендегі формула бойынша ұйым мен объектінің сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынының бір өрт сөндіру автомобилінің жауынгерлік есебімен берілетін су шығынына қатынасымен анықталады:
Q каж
N м = ---------------
Q такт. мүмк
мұндағы N м - негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны;
Q каж — ұйымдағы немесе объектідегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығыны (өрттердің есептік санын ескере отырып);
Q такт. мүмк - жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бір өрт сөндіру автомобилі беретін су шығыны.
Ескертпе: Есептерді жүргізу кезінде алынған мәнді дөңгелету қажет: мәні > 0,5 болғанда артуына қарай және керісінше, бірақ бір автомобильден кем емес.

25 25. Ұйымдағы немесе объектідегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны Q каж :

ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен кұрылыстар" 2.22-тармағының талаптарына сәйкес ұйымның немесе объектінің аумағында бір мезгілде болатын өрттердің есептік санын;
ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар" 2.14-тармағының талаптарына сәйкес сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын қажетті су шығынын ескере отырып анықталады.
Ұйымда немесе объектіде бір мезгілде болатын екі өрт кезінде сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететін екі ғимарат бойынша қабылдануы тиіс.

26

26. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы сыртқы өрт сөндіруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау мен тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" талаптарына сәйкес қабылданады.

27

27. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардағы, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупі бар өндірістердің (резервуарлық парктер, сорғымен айдап қотару станцияларының ғимараттары, ағызу-құю эстакадалары) сыртқы технологиялық қондырғылардағы сыртқы өрт сөндіру автоматты өрт сөндіру жүйелерімен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафетті оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген ұйымдар мен объектілерде жолға шығатын техникадан өрттерді сөндіруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндіріс ғимараты (әкімшілік ғимараттар, гараждар, тұрақтар) үшін, сондай-ақ ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары. Өртке қарсы нормалар" 8.6., 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледі.
Бұл ретте ҚНжЕ 2.11.03-93 8.6, 8.19-тармақтарымен анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндірістегі сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығынын ең көп су шығынын қажет ететін ғимараттар (құрылыстар) үшін ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар" 2.14-тармағына сәйкес қабылдау қажет.

28 28. Ұйымдағы немесе объектідегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет кезекшілік ауысымының жауынгерлік есеп қызметкерлерінің саны мынадай формула бойынша анықталады:

N ж.е. = N м х N e ( адам )
мұндағы N ж.е. — кезекшілік ауысымындағы жауынгерлік есеп қызметкерлерінің саны;
N м - негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны;
N e ( адам ) - негізгі өрт сөндіру не бейімделген автомобиль маркасына байланысты қызметкерлердің саны (бөлімше);
мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің саны олардың жұмыс ауысымдарын ескере отырып анықталады;
мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалпы саны (есептермен анықталған) бекітілген ұйым немесе объект қызметкерлерінің жалпы штаттық санына тең немесе артық болған жағдайда өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жауынгерлік есеп қызметкерлерінің есептік саны мен өрт сөндіру техникасының санын (бірақ өрт сөндіру автоцистернасында кемінде жүргізуші мен ауысымның жауапты тұлғасын қоса алғанда, жеке құрамның кемінде 4 адамы) азайтуға рұқсат етіледі. Бұл ретте жауынгерлік есеппен өрт сөндіргіш құралдардың есептік (нормативтік) шығынын жедел беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар мен оларды іске асыру тетіктері бойынша өтем іс-шаралары кешені өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық белімшесімен келісіледі.

29 29. Өрт сөндіргіш ұнтақтарды, газдар мен өрт сөндіргіш қабілеті жоғары басқа да заттарды пайдалануды қажет ететін ұйымдар мен объектілердегі өрттерді сөндіруге мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тиісті түрлендіргіш өрт сөндіру автомобильдерімен жабдықтау қажет.

30 30. Ұйым немесе объект аумағында биіктігі 15 метр және одан астам ғимараттар мен құрылыстар болған жағдайда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті өрт сөндіру автосатысымен (автокөтергіштермен) жарақтандыру ұсынылады.

31 31. Өрт сөндіру автомобильдері ҚР СТ 1174-2003 "Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету" талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.

32 32. Ұйымдар мен объектілердегі өрттерді сөндіру үшін қажетті негізгі өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезінде тасымалды немесе жылжымалы өрт сөндіру мотопомпалары көзделеді.

33 33. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрттермен күресуге дайындығын бақылауды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

1 Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тізбесі

Ережеге
1-қосымша
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тізбесі
р/с N
Құ­жат­тың ата­уы
Сақ­тау ор­ны
1
2
3
Қыз­мет­ті ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша
1.
Қыз­мет кі­та­бы
Қа­ра­уыл ба­стығы
2.
Ке­зек­ші­лік қа­ра­уыл қыз­мет­кер­ле­рі­нің функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рі
Бө­лім ба­стығы, N 1 пап­ка
3.
Бө­лім­ше­де­гі өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­биль­де­рі­нің жа­уын­гер­лік есе­бі­нің та­бе­лі
N 1 пап­ка, стенд
4.
Қа­ра­уы­л­ға қыз­мет­кер­лер­ді бе­кі­тіп бе­ру ту­ра­лы бө­лім ба­стығ­ы­ның бұй­ры­ғы
Бө­лім ба­стығы, N 1 пап­ка
5.
Қыз­мет­кер­лер­дің ме­кен-жайы мен те­ле­фон­да­ры­ның тіз­бе­сі
N 2 пап­ка
6.
Те­ле­фон анық­та­ма­лы­ғы, ӨБОБ (КҚЖ­БО), бө­лім­ше­лер­дің, гар­ни­зон­ның ла­у­а­зым­ды тұ­лға­ла­ры­ның ша­қы­ру ра­дио стан­ци­я­ла­ры
N 1, 2 пап­ка
Дай­ын­дық­ты ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша
7.
Же­ке құ­рам­ның кә­сі­би дай­ынды­ғын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу жө­нін­де­гі бұй­рық (ағым­да­ғы жы­л­ға)
Бө­лім ба­стығы
8.
Өрт сөн­ді­ру­ші, жүр­гі­зу­ші және ра­дио­те­ле­фо­нист ла­у­а­зым­да­ры­на жұ­мысқа қа­был­дан­ған қыз­мет­кер­лер­дің ал­ғаш­қы дай­ынды­ғын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу жө­нін­де­гі құ­жат­тар
Бө­лім ба­стығы
9.
Ал­ғаш­қы дай­ын­дық­тан өт­кен­нен кей­ін дер­бес жұ­мыс іс­те­у­ге жі­бе­ру ту­ра­лы бұй­рық
Бө­лім ба­стығы
10.
Өрт сөн­ді­ру­ші­лер­ді, жүр­гі­зу­ші­лер­ді және ра­дио­те­ле­фо­ни­стер­ді кей­ін­нен дай­ын­дау жө­нін­де­гі та­қы­рып­тық жос­пар­лар мен са­бақ­тар­дың кесте­сі
Бө­лім ба­стығы
11.
Объ­ек­ті­лер­ді же­дел так­ти­ка­лық зер­де­ле­удің жос­пар-кесте­сі, өрт-так­ти­ка­лық са­бақ­тар өт­кі­зу (күн­діз­гі және түн­гі уа­қыт­та)
N 1 пап­ка
12.
Же­ке құ­рам­ды ты­ныс алу және кө­ру ор­ган­да­рын же­ке қор­ғау құ­рал­да­рын­да (бұ­дан әрі — ТКОЖҚҚ) тү­тін ка­ме­ра­сын­да жат­тық­ты­ру­дың жос­пар-кесте­сі
Бө­лім ба­стығы, N 1 пап­ка
Өрт сөн­ді­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша
13.
Бө­лім­ше­лер­дің шы­ғу кесте­сі (үзін­ді кө­шір­ме) неме­се "Кү­ш­тер мен құ­рал­дар­ды жұ­мыл­ды­ру жос­па­ры"
Бө­лім­нің бай­ла­ныс пунк­ті
14.
Бө­лім­ше­лер­дің ор­на­ты­л­ған су көз­де­ріне, өрт шы­ғу, жа­ры­лу қа­у­пі бар объ­ек­ті­лер­ге, ҚӘУЗ объ­ек­ті­ле­ріне, адам­дар жап­пай жи­на­ла­тын объ­ек­ті­лер­ге және бас­қа да ма­ңы­зды объ­ек­ті­лер­ге шы­ғу ауда­ны­ның жос­пар-кар­та­сы
Бө­лі­мі­нің бай­ла­ныс пунк­ті
15.
Өза­ра іс-қи­мыл жа­сау, тір­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету қыз­мет­те­рі­нің, ҚР ТЖМ аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің те­ле­фон анық­та­ма­лы­ғы
N 2 пап­ка
16.
Өза­ра іс-қи­мыл жа­сау, тір­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету қыз­мет­те­рі­мен, ҚР ТЖМ аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­сау нұс­қа­улы­ғы
N 1, N 2 пап­ка
17.
Өрт сөн­ді­ру­дің же­дел жос­пар­ла­ры мен кар­точ­ка­ла­ры­ның ті­зі­мі
Бө­лім­нің бай­ла­ныс пунк­ті, N 2 пап­ка
18.
Өрт сөн­ді­ру­дің же­дел жос­пар­ла­ры мен кар­точ­ка­ла­ры
Бө­лім­нің бай­ла­ныс бе­ке­ті
19.
Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­биль­де­рі­нің өрт ор­ны­на шы­ғу жол­да­ма­ла­ры
Бө­лім­нің бай­ла­ныс бе­ке­ті
20.
Бө­лім­нің бай­ла­ныс пунк­ті­нің жур­на­лы
Бө­лім­нің бай­ла­ныс бе­ке­ті
21.
Сап­тық жа­з­ба жур­на­лы
Бө­лім­нің бай­ла­ныс бе­ке­ті
22.
Кі­ріс те­ле­фо­но­грам­ма­ла­ры­ның жур­на­лы
Бө­лім­нің бай­ла­ныс бе­ке­ті
23.
Жа­бық өту жол­да­рын, жол­дар­ды, ақа­уы бар өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­тау учас­ке­ле­рін және т.б. есеп­ке алу жур­на­лы
Бө­лім­нің бай­ла­ныс бе­ке­ті
Газ тү­ті­ні­нен қор­ғау қыз­ме­ті бой­ын­ша (болған жағ­дай­да)
24.
Газ тү­ті­ні­нен қор­ғау­шы­ның же­ке кар­точ­ка­сы
Қа­ра­уыл ба­стығы
25.
Газ тү­ті­ні­нен қор­ғау­шы­ға ТОЖҚҚ бе­кі­ту (қай­та бе­кі­ту) ту­ра­лы бұй­рық
N 1 пап­ка
26.
Қыз­мет­кер­лер­ді қа­уіп­сіз­дік бе­ке­тіне дер­бес жұ­мыс іс­те­у­ге жі­бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тан үзін­ді кө­шір­ме
N 1 пап­ка
27.
ГТҚҚ бе­ке­т­ін­де­гі ГТҚҚ мү­лі­гі­нің ті­зі­мі (жаб­дық, ас­пап, мас­ка жа­ра­ғы, бал­лон­дар, ре­ге­не­ра­тив­ті па­трон­дар, ТОЖҚҚ)
ГТҚҚ бе­ке­ті
28.
ГТҚҚ бе­ке­т­ін­де жұ­мыс іс­те­ген және ТОЖҚҚ қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де­гі қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры ту­ра­лы нұс­қа­улық
ГТҚҚ бе­ке­ті
29.
ТОЖҚҚ жөн­де­у­ге тап­сы­ру ту­ра­лы акт
ГТҚҚ бе­ке­ті (пап­ка­да)
30.
ТОЖҚҚ N 1 тек­се­рі­сті тір­ке­уді есеп­ке алу жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
31.
ТОЖҚҚ N 2 тек­се­рі­сті тір­ке­уді есеп­ке алу жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
32.
ГТҚҚ жұ­мыс іс­те­у­ші буын­дар­ды есеп­ке алу жур­на­лы
Жа­уын­гер­лік есеп­те­гі әр­бір негіз­гі ав­то­мо­биль­ге 1
Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша
33.
Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша нұс­қа­улық жур­на­лы
Бө­лім ба­стығы
Өрт сөн­ді­ру тех­ни­ка­сы бой­ын­ша
34.
Өрт сөн­ді­ру ма­ши­на­ла­ры­на жүр­гі­зу­ші­лер құ­ра­мын бе­кі­тіп бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тан үзін­ді кө­шір­ме
N 1 пап­ка
35.
Өрт сөн­ді­ру ма­ши­на­ла­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту кесте­сі, өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­биль­де­ріне ТҚК жүр­гі­зу­дің жос­пар-кар­та­сы
Бө­лім ба­стығы, N 1 пап­ка, стенд
36.
Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­биль­де­рін қа­был­дау-тап­сы­ру жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
Өрт-тех­ни­ка­лық жа­рақ бой­ын­ша
38.
Өрт-тех­ни­ка­лық жа­рақ­ты сы­нау жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
39.
Әр­бір негіз­гі және ар­найы ав­то­мо­биль­ге өрт-тех­ни­ка­лық жа­рақ ті­зі­мі
Қа­ра­уыл ба­стығы, ав­то­кө­лік
40.
Ди­элек­тр­лік құ­рал­дар­ды сы­нау ак­ті­ле­рі
Қа­ра­уыл ба­стығы
Жең­дік ша­ру­а­шы­лық бой­ын­ша
41.
Өрт сөн­ді­ру жең­де­рі­нің пас­пор­ты
Қа­ра­уыл ба­стығы
42.
Жең­дер­ді есеп­ке алу жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
43.
Өрт сөн­ді­ру жең­де­рін соң­ғы сы­нау ве­до­мо­сы
Бө­лім ба­стығы, қа­ра­уыл ба­стығы
Өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­тау бой­ын­ша
44.
Гид­рант­тар­ды және бас­қа да су­мен жаб­дық­тау көз­де­рін тек­се­ру жур­на­лы
Қа­ра­уыл ба­стығы
45.
Объ­ек­ті­нің су көз­де­рі­нің анық­та­ма­сы мен план­ше­ті
Жа­уын­гер­лік есеп­те­гі әр­бір негіз­гі ав­то­мо­биль­ге
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ТЖМ - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
ОӨББ - Орталық өрт сөндіру байланыс пункті
КҚЖБО - Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы
ТОЖҚҚ - тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы
ҚӘУЗ - қатты әсер ететін улы заттар
ГТҚҚ - газ түтінінен қорғау қызметі
ТҚК - техникалық қызмет көрсету

2 Өрт сөндіруге су беру бойынша өрт сөндіру автомобиліндегі жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері

Ережеге
2-қосымша
Өрт сөндіруге су беру бойынша өрт сөндіру автомобиліндегі жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері
Р/ c N
Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­биль­де­рі
Ауы­сым­да­ғы өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лін­де­гі жа­уын­гер­лік есеп са­ны тө­мен­де­гідей болған­да ең көп су шы­ғы­ны, литр/сек.,Q такт.мүмк
9 адам
6 адам
1.
Өнім­ді­лі­гі 40 литр/сек және одан астам сор­ғы­шы бар өрт сөн­ді­ру ав­то­ци­стер­на­сы
-
14
2.
Өнім­ді­лі­гі 40 литр/сек және одан астам сор­ғы­шы бар өрт сөн­ді­ру ав­то­сор­ғы­шы
21
14
Ескертпе:

1 1. Өрт сөндіру автомобилдеріндегі жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері оларды типтік өрт-техникалық жарақ жиынтығымен жабдықтауды және қауіпсіздік техникасы мәселелерін сақтауды ескере отырып келтірілген.

2

2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының үлгі нормаларында көзделмеген қазіргі заманғы өрт сөндіру техникасымен және жабдығымен жабдықтаған жағдайда жауынгерлік есептің тактикалық мүмкіндіктері өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша олардың тактикалық-техникалық сипаттарын ескере отырып қарастырылады.

Қолданыстағы