О предоставлении отдельных видов социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении отдельных видов социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 16.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2010 41863_206458.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SF000103
- ЭКБ идентификаторы
- 41863
- Редакция идентификаторы
- 41863_206458
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:52
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне жеңілдіктердің жекелеген түрлері берілсін.
2 2. Әлеуметтік көмекті беруді «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
3 3. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек ретінде моншаға, мәдени-көрініс немесе спорттық іс-шараларға, шаштаразға баруға ай сайын 400(төрт жүз) теңге сомасы мөлшерінде әлеуметтік көмек орнатылсын.
Әлеуметтік көмек өтінішпен бірге барлық қажетті құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.
4
4. Әлеуметтік көмек алу үшін «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырулары қажет: белгіленген үлгідегі өтініш, Ұлы Отан соғысының қатысушы мүгедектерінің жеке куәлігінің көшірмесі, зейнетақы аударылатын жинақ кітапшасы, зейнетақы кітапшасы, жеке басын куәландыратын құжат.
5
5. Әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасы Халық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банк филиалдары және Қазақстан Республикасы Агенттігінің қаржы нарығын және қаржы мекемелерін басқару және қадағалау бойынша лицензиясы бар "Қазпошта" АҚ арқылы, азаматтардың жеке шоттарына салу жолымен жүзеге асырылады.
6
6. Есіл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша Есіл ауданының бюджетімен бекітілген ақша бөлу көлемінде әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.