Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования перечня концессионных проектов, требующих софинансирования

Қаулы · № 955 · қабылданған 16.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41871/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования перечня концессионных проектов, требующих софинансирования Күшін жойған 17.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил формирования перечня концессионных проектов, требующих софинансирования

Күшін жойған Қаулы № 955 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования перечня концессионных проектов, требующих софинансирования
Атауы (қаз.)
Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
955
Қабылданған күні
16.10.2008
Көрсетілген редакция
17.11.2022 41871_602534.kaz
Соңғы өзгеріс
17.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000955_
ЭКБ идентификаторы
41871
Редакция идентификаторы
41871_602534
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:44
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы

2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 58-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 қазандағы
N 955 қаулысымен
бекітілген
Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесі

1. Осы Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 58-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2. Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалар тізбесі (бұдан әрі - жобалар тізбесі) - бұл мемлекеттік қолдау түрінің бірімен бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыруды ұсыну ұйғарылып отырған концессияға берілуі мүмкін объектілер тізбесі.

3. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары концессия саласындағы заңнамада көзделген тәртіппен экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға концессияға берілуі мүмкін және қоса қаржыландыруды талап ететін объектілер бойынша ұсыныстар енгізеді.

4. Мыналар:

1) техникалық-экономикалық негіздеменің болуы;

2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;

3) концессиялық жобаны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және республикалық меншіктің қолданыстағы объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;

4) бюджет комиссиясының оң шешімі жобалар тізбесін қалыптастыруға негіз болып табылады.

5. Жобалар тізбесін қалыптастыруды және бекітуді бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) тізбесінің құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.