Құжат мәтініне өту

Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи

Қаулы · № 438 · қабылданған 15.09.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-41881/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи Күшін жойған Қаулы ·№ 438 ·15.09.2008
30.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи

Күшін жойған Қаулы ·№ 438 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании государственной поддержки талантливой молодежи
Атауы (қаз.)
Дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
438
Қабылданған күні
15.09.2008
Көрсетілген редакция
30.01.2009 41881_201642.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08N0003656
ЭКБ идентификаторы
41881
Редакция идентификаторы
41881_201642
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:52

0 Дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына , "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына , "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 , 11-баптарына сәйкес, сондай-ақ Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасын орындауда Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жоғары оқу орындарының мамандарды үш деңгейлі даярлау жүйесіне көшуіне және аспирантураға қабылдаудың тоқтатылуына байланысты бұрынырақ "2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасын бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 шешімімен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасы (бұдан әрі - Өңірлік бағдарлама) шеңберінде аспирантурада оқу үшін бөлінген қаржы кандидаттық диссертациясын қорғау үшін жас ғалымдарды қолдауға жіберілсін.

2 2. "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету бөлігіндегі өңірлік бағдарлама іс-шараларының орындалуын;
2008 жылы Қостанай облысының дарынды жастарына – бес жас ғалымға кандидаттық диссертациясын қорғау үшін мемлекеттік қолдау 296000,0 (екі жүз тоқсан алты мың) теңге мөлшерінде көрсетілуін қамтамасыз етсін.

3

3. Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалар әкімгері – "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі дарынды жастар арасынан үміткерлерге мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде ұсыныс енгізсін.

4 4. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы