Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил составления и представления клиринговыми организациями, осуществляющими межбанковский клиринг, ежедневной отчетности

Қаулы · № 158 · қабылданған 02.07.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4194/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил составления и представления клиринговыми организациями, осуществляющими межбанковский клиринг, ежедневной отчетности Күшін жойған Қаулы ·№ 158 ·02.07.1999
24.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил составления и представления клиринговыми организациями, осуществляющими межбанковский клиринг, ежедневной отчетности

Күшін жойған Қаулы ·№ 158 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил составления и представления клиринговыми организациями, осуществляющими межбанковский клиринг, ежедневной отчетности
Атауы (қаз.)
Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158
Қабылданған күні
02.07.1999
Көрсетілген редакция
24.08.2012 AI4194_6.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000907_
ЭКБ идентификаторы
4194
Редакция идентификаторы
AI4194_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:04

0 Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы

Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту: Бұйрықтың атауындағы және одан әрi мәтiн бойынша "палаталары", "палаталарының" деген сөздер тиiсiнше "ұйымдары", "ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылды;
атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен , 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы төлем жүйесiнiң жұмысына тиiстi түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .

2 2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.

3 3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн клиринг ұйымдарына жiберсiн.

4 4. Ақпарат технологиясы департаментi (Поликарпов О.Ю.) 1999 жылдың IIІ тоқсанында Төлем жүйесi басқармасына орнатылған "Клиринг статистикасы" бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын қайта пысықтайтын болсын.

5 5. Бюджеттi жоспарлау және бақылау басқармасы (Ғалиева Д.Т.)

Ақпарат технологиясы департаментiмен (Поликарпов О.Ю.) бiрлесiп 1999 жылдың бiрiнші жартысындағы жұмыс нәтижелерi бойынша түзету енгiзгенде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1999 жылғы бюджетiнен (шығыстар сметасынан) тиiстi бағдарламалық қамтамасыз
ету жұмысын әзiрлеуге қажеттi ақша қарастырсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.

0 Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесi

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 3 шiлдедегi
N 158 қаулысымен
Бекітілген
Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесi
Ескерту: Ереженiң атауындағы және одан әрi мәтiн бойынша "палаталары", "палатасы", "палатасының", "палатасына", "палатасын", "палаталарының" деген сөздер тиiсiнше "ұйымдары", "ұйымы", "ұйымының", "ұйымына", "ұйымын", "ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылды;
атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен , 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже клиринг ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) төлем жүйесi бөлiмшесiне (бұдан әрi - бөлiмше) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес күнделiктi есеп жасау және беру тәртiбiн айқындайды.

Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .

2 2. Әрбiр клиринг ұйымы есеп ақпаратын бөлiмшеге төлем жүйесiндегi ақпарат беруге қойылатын белгiленген талаптарға сәйкес берiп отырады.

3 3. Әрбiр клиринг ұйымы есеп ақпаратын таза позициялар бойынша түпкiлiктi есеп айырысу жүргiзiлгеннен кейiн күнделiктi Ұлттық Банк айқындаған электронды арна арқылы есеп берiлiп отырған күннен кейiнгi күнi Алматы уақыты бойынша сағат 9-дан кешiктiрмей бередi.

Ескерту: 3-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

2 2-тарау. Аймақтық клиринг ұйымдары беретiн күнделiктi есепке қойылатын талаптар

4 4. Клиринг ұйымдарының бөлiмшеге беретiн күнделiктi есебiнiң форматы Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне ақпарат беруге қойылатын талаптарына сәйкес болуы тиiс.

5 5. Клиринг ұйымы күнделiктi есептiң форматын қалыптастырған кезде (N 1, 2 қосымшалар) күнделіктi берiлетiн ақпарат саны және сомасы (цифрлар) оң жақ бойынша теңестiрiледi, ал берiлетiн мәлiметтерде тиынмен көрсетiледi.

6 6. Клиринг ұйымының операциялық күн iшiндегi мәлiметтерде жалпы алғандағы клиринг ұйымы бойынша да, жеке алғандағы банкаралық клирингке қатысушылары бойынша да ақша айналысы жөнiндегi ақпарат болуға тиiс (N 1 қосымша).

Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .

7 7. Клиринг ұйымына төлемдердің өтуi туралы мәлiметтер сома интервалдары бойынша осы Ереженiң N 2 қосымшасында көрсетiлген алғашқы және соңғы интервалдарға сәйкес келуi тиiс.

8 8. Клиринг ұйымын бағдарламалық қамсыздандыру Ұлттық Банктiң нормативтiк құқтық актiлерiне сәйкес төлем белгiлеу кодтары бойынша төлем тапсырмаларын жiктеудi қамтамасыз етуге тиiс.

9 9. Клиринг ұйымын бағдарламалық қамсыздандыру валюталау күндерi бойынша төлем тапсырмаларын өңдеудi қамтамасыз етуге тиiс.

10 10. Клиринг ұйымының операциялық күнi iшiндегi банкаралық клирингке қатысушылар транзакцияларының саны бойынша айналыстар толық түрде санмен көрсетiледi.

Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .

11 11. Клиринг ұйымының операциялық күнi iшiндегi банкаралық клирингке қатысушылар төлемiнiң сомасы бойынша айналыстар санмен тиынмен көрсетiледi.

Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .

12 12. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

13

13. Ақпарат берудi қорғау Ұлттық Банктiң бөлiмшелерi мен электрондық құжаттармен алмасуға қатысатын ұйымдар өзара электрондық құжаттармен алмасқан кезде бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесiн пайдалану тәртiбiн айқындайтын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .

14 14. Клиринг ұйымдарының күнделiктi берген есебi негiзiнде бөлімше Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру жөніндегі қажеттi ақпарат қалыптастыратын болады.

Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен , 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .

15 15. Клиринг ұйымының бөлiмшеге күнделiктi есептi дұрыс және уақытылы берiп отыру жауапкершiлiгi клиринг ұйымының басшысына жүктеледi.

16 16. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

1 Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде төлемдердiң өтуi туралы есептiң клиринг ұйымы ұсынатын форматы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 3 шілдедегі
N 158 қаулысымен бекітілген
Клиринг ұйымдарының
күнделікті есеп жасау және беру
ережесіне
N 1 қосымша
Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен , 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулысымен .
Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде төлемдердiң өтуi туралы есептiң клиринг ұйымы ұсынатын форматы
((ХХ ДД.ММ.ГГГГ
         А     В      КАВ         SAB        RDF       SBA
      ))
      мұндағы,
      (( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ
      ХХ - облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
      ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ
      Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
      асыратын ұйымның (бұдан әрі - банк) банктік бірегейлендіру
      коды (банкаралық клирингке қатысушы) 1 позициядан бастап 9
      символ
         Егер 0 болса - барлық қалған банктер сомасы ретiнде
      есептелсiн.
      В        - Банктiң бiрыңғай банктiк коды (клирингтiң негiзгi
      қатысушысы) 11 позициядан бастап 9 символ
      КАВ      - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар саны, 20
      позициядан бастап 7 символ
      SАВ      - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар сомасы
      (тиынмен), 27 позициядан бастап 18 символ
      КВА      - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар саны, 45
      позициядан бастап 7 символ
      SВА      - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар сомасы
      (тиынмен), 52 позициядан бастап 18 символ
      )) - файлдың аяқталу белгiсi

2 Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде сома интервалдары бойынша төлемдердiң өтуi туралы есептiң клиринг ұйымы ұсынатын форматы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы шiлдедегi
N 158 қаулысымен бекiтiлген
Клиринг ұйымдарының күнделiктi
есеп жасау және беру ережесiне
N 2 қосымша
Ескерту: 2-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 123 қаулысымен .
Клиринг ұйымы бойынша бiр күн iшiнде сома интервалдары бойынша төлемдердiң өтуi туралы есептiң клиринг ұйымы ұсынатын форматы
((ХХ ДД. ММ. ГГГГ
         А      В       К    S
      ))
      мұндағы,
      (( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ
      ХХ - облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
      ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ
      А - соманың алғашқы интервалы 1-позициядан бастап 18 символ
      В - соманың соңғы интервалы 19-позициядан бастап 18 символ
      К - соманың осы интервалындағы өткізiлген құжаттар саны
          37-позициядан бастап 7 символ
      S - соманың осы интервалындағы өткізілген құжаттар сомасы
      44-позициядан бастап 18 символ
      )) - файлдың аяқталу белгiсi
      1-мысал.
      ((32 16.04.1999
              0       1000000        1805       624992242
        1000001       2000000        471        689482706
        2000001       3000000        277        696453763
        3000001       4000000        150        524814446
        4000001       5000000        134        608107760
        5000001       6000000        62         345743708
        6000001       7000000        52         339784007
        7000001       8000000        65         495020211
        8000001       9000000        39         333176510
        9000001       10000000       74         724780346
       10000001       20000000       218        3172830793
       20000001       30000000       122        3100468984
       30000001       40000000       52         18110906713
       40000001       50000000       42         1949063537
       50000001       60000000       21         1155017533
       60000001       70000000       21         1377032096
       70000001       80000000       18         1361124198
       80000001       90000000       8          699395708
       90000001       100000000      18         1774458150
       100000001      1000000000000  46         7369782448
       ))

Қолданыстағы