«Өздері жылытатын үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі мен мөлшері туралы
Қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй катынастары туралы» Заңының
97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6
бабының 1 тармағының 11 тармақшасына,Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылға арналған бағаны бекіту туралы» 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 Үкімет қаулысына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
«Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы бекіту туралы от 15.10.2008 г. № 11-3 («Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы бекіту туралы)
1. Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы Қағида
қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Алакөл аудандық Мәслихатының 28 қаңтар 2008 жылғы № 4-3 «Өздері
жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына(азаматтарға) тұрғын
үй көмегін корсету туралы» Алакөл аудандық Әділет басқармасында 2008
жылы 13 ақпанда № 2-5-56 болып тіркелген ( «Алакөл» газетінің 15 наурыз
2008 жылғы № 12(7296) нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
3. 0сы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл ауданы Мәслихатының
шешімімен бекітілген
15 казан 2008 жыл № 11-5
Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарга) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы Қағида
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып
табылады.
2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі
(жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті
бюджетінің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем
ретінде тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну
төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтж нормалары мен коммуналдық
қызметтерді түтыну нормативтерінің ше/інде отбасы бюджетіндегі оның
жиынтық кірісінің 15 пайыздық үлесінен асқан жағдайда құқығы бар.
Отбасының жиынтық табысының жан басына шыққандағы орташа айлық
табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің тоқсанға бекіткен кедейшілік шегінен аспаған жағдайда ала
алады.
4.Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік
шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке
ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе
тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан
айырылады.
6. Тұрғын үй көмегін алу қүқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен
тапсырған айдаң басталады және сол тоқсанның соңғы айының аяғында
төленеді.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган
өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдармем жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.
8. Қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып
табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы
тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бүдан әрі - телефон үшін
абоңенттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - коммуналдық
қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін.
телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге
арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер
қатарында қызмет етпейтін және «Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде
тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ,
соның ішіне 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа
дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып- күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан ңемесе жұмысқа орналасудан
себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдиіқ жұмысқа, оқыту мен қайта
оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу қүқығынан алты айға айырылады.
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін
берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген
сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй
жәрдемақылары тағайындалады.
12. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары
оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе кенттік, ауылдық
округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау
немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
2) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке
меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет
немесе қандай да болса өзгерістер болғанда;
3) тұрғын үй құқығын куәландыратын қүжаттың көшірмесі (жылына бір
рет) немесе жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім-
шарты, сенімхат;
4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса
өзгерістер болғанда) немесе тұрғылықты жерінен анықтама (тоқсан сайын);
5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен
тоқсанға);
6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға, тоқсан
сайын), егер де газ және көмір бойынша коммуналдық қызметке ақы төлеу
туралы түбіртегі болмаған жағдайда, аудан әкімдігі бекіткен тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар алынады;
7) жеке меншік шаруашылыктары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына
бір рет немесе өзгерістер болғанда).
13. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан
Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың
мынадай тұрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік
жәрдемақы;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі
табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды бағбандықты,
бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кішсі тоқсанына-
қалалық жерде тұратындарға- бес айлық есептік көрсеткіш, ауъілдық жерлерде
тұратындарға- алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
5) өзге де табыс, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өтініш берушінің
түсініктемесі бойынша.
Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) ақшалай және заттай тұрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан
берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты
әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
7) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға
арналған материалдық көмек.
Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға
арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті
анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескер:
отырып есептеледі;
8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне
келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
14. Тұрғын үй көмеғш тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган
немесе кенттің, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтің әкімі
құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне карай учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
15. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша
отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының
мүқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
жөніндегі уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдык
(селолық) округтің әкіміне ұсынады.
16. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш
берушілердің құжаттарын өтініш берушіден қүжаттар қабылданған күннен
бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
жөшндегі уәкілетті органға тапсырады.
17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган
отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және қүұжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
18. Қалалық, кенттік, ауылдық округтердегі учаскелік комиссиялардың
қорытынды актісі басшылыққа алынып, қабылданған шешімі тұрғын үй
жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
19. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органға 15 күн ішінде отбасы
құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы
керек.
20. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда,
тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің
тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпараты тиісті орындардан
сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген
құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің
иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасьш өз еркімен қайтарады, ал бас
тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар
21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1)газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
2) электр жүйесін қолдану
1 адамға - 45 киловатт;
2 адамға-90 киловатт;
3 адамға -135 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт.
3) сумен, газбен жэне көмірмен қамтамасыз ету нормасын қызмет
берушілер ұсынады.
4) бір жылға 5 тонна көмір.
22. Коммуналпық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі
бекітеді.