Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылындағы жеке шаруа ауласында ауыл шаруашылық мал арасындағы құтыру ауруының шығуына байланысты "Қайнар" ауылы аймағына шектеу енгізілуі туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылындағы жеке шаруа ауласында ауыл шаруашылық мал арасындағы құтыру ауруының шығуына байланысты "Қайнар" ауылы аймағына шектеу енгізілуі туралы
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылындағы жеке шаруа ауласында ауыл шаруашылық мал арасындағы құтыру ауруының шығуына байланысты "Қайнар" ауылы аймағына шектеу енгізілуі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 25.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2009 · қолданыстағы 41985_217480.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DL000093
- ЭКБ идентификаторы
- 41985
- Редакция идентификаторы
- 41985_217480
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:50
0 Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылындағы жеке шаруа ауласында ауыл шаруашылық мал арасындағы құтыру ауруының шығуына байланысты "Қайнар"
ауылы аймағына шектеу енгізілуі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, облыстық мал дәрігерлік зертхананың 2008 жылдың 22 қыркүйегіндегі N 2496/1040, N 2498/1041 сараптамалары, Қаратал аудандық бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 44 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2008 жылдың 24 қыркүйегіндегі хаттамасы негізінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылында тұратын Р. Хасхановтың ауласындағы мүйізді ірі қара малдары ішінен құтыру ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, Қайнар ауылы аймағына шектеу енгізілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Амандосовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.