Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по назначению и выплате по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организации образования очной формы обучения города Актау

Нұсқаулық · № 13/127 · қабылданған 15.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42071/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по назначению и выплате по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организации образования очной формы обучения города Актау Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 13/127 ·15.10.2008
12.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по назначению и выплате по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организации образования очной формы обучения города Актау

Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 13/127 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по назначению и выплате по льготному проезду на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организации образования очной формы обучения города Актау
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығын бекіту туралы
Акт түрі
Нұсқаулық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/127
Қабылданған күні
15.10.2008
Көрсетілген редакция
12.04.2012 42071_691198.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08MA000097
ЭКБ идентификаторы
42071
Редакция идентификаторы
42071_691198
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:45

0 Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығын бекіту туралы

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасын, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 Заңының 6 бабының 4 тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабы 1 тармақшасы 15) тармақшасын басшылыққа алып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығы бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ":
"Қалалық білім бөлімі" ММ
бастығының міндетін атқарушы
А.Жұмағұл
2008 жылы 15 қазан

3 Қалалық мәслихаттың

2008 жылғы 15 қазандағы
N 13/127 шешімімен бекітілген
Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1

1. Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің осы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес жасақталған.

2 2. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру бойынша төлеу "Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасымен 2008 жылдың 1 қыркүйектен бастап, жергілікті бюджеттен бөлінеді.

3 3. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдікті тағайындау және төлеу органы болып, "Ақтау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі - Бөлім).

4 4. Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру келесі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге белгіленеді:

жоғары оқу орындарында;
орта арнаулы оқу орындарында;
лицейлерде;
мектеп-интернаттарда.

5 5. Күндізгі оқу нысанының білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - Ұйым) оқитындар мен тәрбиеленушілер туралы мәліметті қоса берілген электронды және жазбаша түрінде тапсырылғаннан кейін Бөліммен жеңілдікпен жүруді тағайындау туралы шешім қабылданады.

Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілері туралы мәліметті әр айдың 5-не дейін Бөлімге тапсырып отырады.

6 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің төмендегі құжаттарының көшірмелерін Бөлімге тапсырулары тиіс:

жеке куәліктің;
СТН;
ЖӘК;
студенттік билеттің;
пластикалық карточканың.
Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің мағлұматтары өзгерген жағдайда белгіленген нысанға сәйкес ақпаратты уақытылы Бөлімге тапсыруы тиіс.

7 7. Ұйым басшылары күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер туралы мәліметтерді ұсынғанда, қол қойып, елтаңбалық мөрмен куәландырады және көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігіне жауапты болады.

8 8. Берілген мәлімет пен құжаттардың көшірмелері бойынша Бөлім алушылардың тізімін тиісті банктерге жинақтап, әр айдың 15-не дейін оқитындар мен тәрбиеленушілердің карт-шотына 520 теңгеден аударып отырады.

9 9. Күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру үшін берілген бюджеттік қаражаты мақсатты жұмсалуына жауапты болып Бөлім саналады.

10 10. Бөліммен бірге Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің саны мен төленген қаржы туралы әр айдың 20-на дейін салыстырмалы актісін жасап отырулары тиіс.

14 Ақтау қаласындағы білім беру

ұйымдарының күндізгі оқу нысанында
оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін
қалалық қоғамдық көлікте (таксиден
басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу
және төлеуінің нұсқаулығына
Қосымша
Ақтау қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу
нысанында оқитындары мен тәрбиеленушілерi жөнiндегi
АҚПАРАТ
N р/р
Оқитын
ның (тәрбиеле
нушінің)
Т.А.Ә.
Жеке куә
лiктің N
Жеке куә
лiктiң берiл
ген күні
СТН
ЖӘК
Сту
денттік билеттің N
Күндізгі оқу бөліміне қабыл
данған жөніндегі
бұй
рықтың
күні, N
Күндізгі
оқу
бөлімінен шыққан жөніндегі бұйрықтың күні, N
Банктің атауы (пласти
калық карта)
Пласти
калық карта
ның N
М.О. Білім беру ұйымы басшысының Т.А.Ә. және қолы

Қолданыстағы