Жалағаш кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзеті коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жалағаш кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзеті коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жалағаш кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзеті коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-2
- Қабылданған күні
- 09.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2016 · қолданыстағы 42176_Some(106789).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08LF000107
- ЭКБ идентификаторы
- 42176
- Редакция идентификаторы
- 42176_Some(106789)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:47
0 Жалағаш кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзеті коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан
Республикасының Жер кодексi" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20
маусымдағы кодексiнiң 8, 11-баптарына сәйкес және "Қазақстан
Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын
басшылыққа ала отырып, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
1 1. Жалағаш кентi бойынша жер учаскелерi үшiн
салықтық базалық ставкаларына түзету коэффиценттерi және жердi аймақтарға бөлу
жобасы (схемасы) 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң колданысқа енгiзiледi.
3 Аймақтық шекараларының сипаттамасы
2008 жылғы 9 қазандағы N 12-2
аудандық мәслихаттың шешіміне
1-қосымша
Жалағаш кентіндегі аймақтардың жер учаскелері үшін
салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтың нөмірі
Салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
І
1,5
ІІ
1,3
ІІІ
1,2
IV
1,0
Аймақтық шекараларының сипаттамасы
Бағалау аймақтарының нөмірі
Аймақ шекаралары және жер-кадастр кварталдарының нөмірі
Аймақ көлемі
І
Аймақ шекарасы Солтүстікте аймақ шекарасы Өмірбай шешен көшесі мен Шаменов көшесінің қиылысынан басталып, әрі қарай солтүстік шығыс бағытта Сәрке батыр көшесінің бойымен Жүргенов көшесі арқылы Бұқарбай батыр көшесіне өтіп, темір жолға келіп тіреледі. Әрі қарай темір жолды бойлап оңтүстік батыс бағытында жүріп отырып Элеватордың шекарасымен Абай көшесіне келіп тіреледі. Одан әрі Абай көшесін бойлап солтүстік-шығыс бағытта Әлмағанбетов көшесі арқылы Төле би көшесіне келіп тіреледі. Төле би мен Сопбеков көшелерінің қиылысынан Бұқарбай батыр көшесі бойлап солтүстік бағытта Өмірбай шешен көшесі мен Шаменов көшесінің қиылысына дейін. (001,002,003,004 кварталдары)
150,0 гектар
ІІ
Аймақ шекарасы Абай көшесі мен Алғабас көшелерінің киылысынан басталып Шаменов көшесі арқылы Әлмағанбетов көшесінен Мырзалиев көшесімен солтүстік шығыс бағытта жүріп отырып Сәрке батыр көшесінен Ізтілеуов көшесіне түсіп одан әрі Шаменов көшесіне келіп тіреледі. Одан әрі қарай Нүрпейісов көшесімен оңтүстік бағытта жүріп отырып Бұқарбай батыр көшесін қиып өтіп Қызылорда-Жалағаш автожолына келіп түседі. Әрі қарай кент шекарасын бойлай отырып Жалағаш-Ақсу автожолына тоқтайды. Содан кейін Жеңістің 50 жылдығы көшесімен Дәуімбай көшесі арқылы темір жолға жетеді. Әрі қарай темір жолды бойлай I аймақтың шекарасының нобайымен Абай көшесі мен Алғабас көшелерінің қиылысына келіп тоқталады. Одан әрі I аймақтың шекарасының нобайымен темір жолға дейін. (001,002,003,004 кварталдары)
304,0 гектар
ІІІ
Аймақ шекарасы бөгет бойымен Қабылов көшелерінің қиылысынан бастап солтүстік шығыс жаққа Әлмағанбетов көшесі арқылы Қалыбаев көшесінің бойымен, одан әрі каналды жағалап Бұқарбай батыр көшесі арқылы Қызылорда-Жалағаш автожолымен батыс бағытта жүріп отырып II, I аймақтардың шекарасының нобайымен Жалағаш-Ақсу автожолымен оңтүстік бағытта кент шекарасына келіп тіреледі. Кент шекарасымен батысқа қарай жүріп отырып Панфилов көшесі арқылы Сәтпаев көшесіне тіреледі. Әрі қарай Сәтпаев көшесімен жүріп отырып Жеңістің 50 жылдығы көшесі арқылы кент шекарасымен жүріп отырып канал арқылы темір жолдан өтіп бөгетке дейін. (001,002,003,004 кварталдары)
245,0 гектар
IV
N 1 учаскесі
Аймақ шекарасы кенттің солтүстік батыс бағытта бөгет бойымен Қабылов көшесін бойлап Әлмағанбетов көшесі Қалыбаев көшесіне тоқтайды. Одан әрі каналды бойлап солтүстік шығыс бағытында жүріп отырып кенттің шекарасына келіп тоқтайды. Әрі қарай кенттің шекарасын бойлап отырып, бөгетке қайта тіреледі. (001,002,003 кварталдары)
N 2 учаскесі
Аймақ шекарасы оңтүстік батыстан Жеңістің 50 жылдығы көшесін бойлап Сәтпаев көшесі арқылы Панфилов көшесімен оңтүстік шығыс бағытында жүріп отырып кенттің шекарасына тіреліп тоқтайды. Одан әрі кенттің шекарасын бойлап арық арқылы Жеңістің 50 жылдығы көшесіне дейін. (004 квартал)
131,0 гектар
4 2008 жылғы 9 қазандағы N 12-2
аудандық мәслихаттың шешіміне
2-қосымша
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінің жерлерін аймақтарға бөлу
СХЕМАСЫ