Об утверждении перечня предприятий, организаций, учреждений, использующих труд лиц, осужденных к наказанию в виде привлечения к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня предприятий, организаций, учреждений, использующих труд лиц, осужденных к наказанию в виде привлечения к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыс атқару жазасына тартылған тұлғалардың еңбегін пайдаланатын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар тізімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/08
- Қабылданған күні
- 30.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2008 AI42207_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KD000122
- ЭКБ идентификаторы
- 42207
- Редакция идентификаторы
- AI42207_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:40
0 Қоғамдық жұмыс атқару жазасына тартылған тұлғалардың еңбегін пайдаланатын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар тізімін бекіту туралы
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Балқаш қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық жұмыс атқару жазасына тартылған тұлғалар еңбегін пайдаланатын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік Мекемесіне (әрі қарай – "ММ") қосымшада көрсетілген қоғамдық жұмыс атқару жазасына тартылған тұлғалар еңбегін пайдаланатын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар басшыларымен бірлесіп, қоғамдық жұмыс атқару жазасына тартылған тұлғалар үшін жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды қолдансын.
3 3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 02 қазандағы N 33/07 "Қоғамдық жұмыс атқару жазасына тартылған тұлғалардың еңбегін пайдаланатын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар тізімін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
"Балқаш қаласының жұмыспен қамту
және әулеметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
Қ.Қ. Адамова
28 қазан 2008 жыл
6 Балқаш қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 30 қазандағы
N 36/08 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыс атқару жазасына тартылған тұлғалардың еңбегін пайдаланатын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар тізімі
N N
Кәсіпорындардың атауы
1
"Балқаш Су" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
2
"Қалалық коммуналдық шаруашылық" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
3
"Балхаш Универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
"Зеленстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі