Об утверждении объема испытаний объектов области аккредитации, подлежащего обеспечению испытательной лабораторией органа по подтверждению соответствия
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 427
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объема испытаний объектов области аккредитации, подлежащего обеспечению испытательной лабораторией органа по подтверждению соответствия
- Атауы (қаз.)
- Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 427
- Қабылданған күні
- 29.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2021 42219_528690.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005353_
- ЭКБ идентификаторы
- 42219
- Редакция идентификаторы
- 42219_528690
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:41
0 Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемі елу пайыздық шамада бекітілсін.
2 2. Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласының меншікті сынақ зертханасымен қамтамасыз етілуін есептеу кезінде анықтау үшін сынақ жабдығы қажет объектілердің сипаттамаларын (көрсеткіштерін) ескеру қажет.
3
3. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5091 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газетінде" жарияланған "Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 376 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.