Құжат мәтініне өту

О правилах по оказанию жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома) и на потребления коммунальных услуг

Ереже · № 10-8 · қабылданған 02.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42222/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О правилах по оказанию жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома) и на потребления коммунальных услуг Күшін жойған Ереже ·№ 10-8 ·02.10.2008
27.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О правилах по оказанию жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома) и на потребления коммунальных услуг

Күшін жойған Ереже ·№ 10-8 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О правилах по оказанию жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома) и на потребления коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ереже туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10-8
Қабылданған күні
02.10.2008
Қолданысқа енгізілген күні
30.11.2008
Көрсетілген редакция
27.01.2009 AI42222_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08GE000067
ЭКБ идентификаторы
42222
Редакция идентификаторы
AI42222_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:48

0 Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ереже туралы

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ереже

Қордай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 2 қазандағы
№ 10-8 шешімімен бекітілген
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға
(жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді
тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ереже
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегі - табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының орнын толтыру үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының негізінде мемлекет тарапынан төленетін ақы.

1 1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен мөлшері

1

1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегі (әрі қарай тұрғын үй көмегі) осы жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қайта жалдаушы) болып табылатын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

2

2. Тұрғын үй көмегі орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табыстары белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының орнын толтыру үшін жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде және тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) жалпыға ортақ кондоминиум объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жетпіс еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады.

3

3. Тұрғын үй көмегін алу үшін Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуіріндегі № 119 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына" сәйкес құжаттар тапсырылуы қажет (Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылы 06 маусымда 1691 нөмірімен тіркелді).

2 2. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

4 4. Тұрғын үй көмегінің төлеуі аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана, екінші деңгейдегі банкілер немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы