Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-2
- Қабылданған күні
- 28.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2008 · қолданыстағы 42264_325412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZK000077
- ЭКБ идентификаторы
- 42264
- Редакция идентификаторы
- 42264_325412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:41
0 Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестендіру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-57 тіркелген), «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 7 наурыздағы № 5-2 «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-61 болып тіркелген), «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 9 маусымдағы № 8-2 «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-68 тіркелген), «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 тамыздағы № 9-2 «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-72 тіркелген) шешімдерімен енгізілген мен толықтыруларды ескере отырып, шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
14 тармақта «күшіне енеді» деген сөздер «бастап қолданысқа енгізіледі» деген сөздерімен ауыстырылсын.
2
2. Аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 7 наурыздағы № 5-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-61 тіркелген ) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
3 тармақта «күшіне енеді» деген сөздер «қолданысқа енгізіледі» деген сөздерімен ауыстырылсын.