Құжат мәтініне өту

Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Өзге акт · № 8-5 · қабылданған 22.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.10.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-42292/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-5 ·22.10.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗМұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-5 · қабылданған 22.10.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-5
Қабылданған күні
22.10.2008
Көрсетілген редакция
22.10.2008 · қолданыстағы 42292_315585.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
22.10.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZB000064
ЭКБ идентификаторы
42292
Редакция идентификаторы
42292_315585
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:43

0 Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын 6-бабын басшылыққа алып Ақжайық аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Ақжайық ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек мөлшері белгіленсін:

1 1) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ;

2 2) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынада әскер қатарына шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3 3) бейбітшілік кезінде әскери қызметін өтеу барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына 1000 теңге көлемінде ;

4 4) 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқаны үшін жауынгерлік награда алған ардагерлерге, І-ІІ топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ;

2

2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларына, мұқтаж адамдарға және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жесірлеріне, көп балалы – «Алтын алқа» иегерлеріне, Кеңес Одағының тылында еңбек етіп, орден, медальдармен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қатысушыларының жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде 1941-1945 жылдар аралығында тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне, оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы комиссияның шешімі негізінде беріледі.
Әлеуметтік көмектің жоғарғы деңгейі – 30 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.