Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-5
- Қабылданған күні
- 22.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2008 · қолданыстағы 42292_315585.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZB000064
- ЭКБ идентификаторы
- 42292
- Редакция идентификаторы
- 42292_315585
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:43
0 Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын 6-бабын басшылыққа алып Ақжайық аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақжайық ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек мөлшері белгіленсін:
1 1) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ;
2 2) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынада әскер қатарына шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3 3) бейбітшілік кезінде әскери қызметін өтеу барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына 1000 теңге көлемінде ;
4 4) 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқаны үшін жауынгерлік награда алған ардагерлерге, І-ІІ топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ;
2
2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларына, мұқтаж адамдарға және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жесірлеріне, көп балалы – «Алтын алқа» иегерлеріне, Кеңес Одағының тылында еңбек етіп, орден, медальдармен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қатысушыларының жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде 1941-1945 жылдар аралығында тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне, оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы комиссияның шешімі негізінде беріледі.
Әлеуметтік көмектің жоғарғы деңгейі – 30 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.