О наложении ограничения по бруцеллезу крупного рогатого скота на п.Чаган и Новобаженовский сельский округ, мелкого рогатого скота на Алгабасский сельский округ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наложении ограничения по бруцеллезу крупного рогатого скота на п.Чаган и Новобаженовский сельский округ, мелкого рогатого скота на Алгабасский сельский округ
- Атауы (қаз.)
- Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіне ірі қара малдарынан және Алғабас ауылдық округіне қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1238
- Қабылданған күні
- 04.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2009 AI42365_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VB000096
- ЭКБ идентификаторы
- 42365
- Редакция идентификаторы
- AI42365_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:40
0 Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіне ірі қара малдарынан және Алғабас ауылдық округіне қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы
Қаланың мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2008 жылғы 21 қазандағы № 1215 ұсынысы негізінде және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 “Ветеринария туралы” Заңының 10-бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіне ірі қара малдарынан және Алғабас ауылдық округіне қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қойылсын
2 2. Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіндегі ірі қара малдарынан 1-қосымшаға сәйкес және Алғабас ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан 2-қосымшаға сәйкес, бруцеллез ауруының алдын алу және жою туралы қоса беріліп отырған іс - шаралар бекітілсін.
3 3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
4 4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіндегі ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының алдын-алу және жою жөніндегі іс-шаралар
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 04 қарашадағы
№ 1238 қаулысына
1-қосымша
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіндегі
ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының алдын-алу және
жою жөніндегі іс-шаралар
№ п/п
Іс-шаралардың аталуы
Мерзімдері
Жауаптылар
1.
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіндегі барлық малдардың түрі есепке алынсын
үнемі.
кент және ауылдық округ әкімдері
2.
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіне уақтылы ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізу
үнемі.
кент және ауылдық округ әкімдері, ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
3.
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіне басқа жақтан малдарды әкеліп қосуға және әкетуге жол бермеу
үнемі.
кент және ауылдық округ әкімдері
4.
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округінде бруцеллез ауруымен ауырған малдар жайылған жайылымдардан дайындалған мал азығын үш ай уақыт сақталғаннан кейін ғана пайдалану.
сауықтыру уақыты кезінде
кент және ауылдық округ әкімдері
5.
Бруцеллезбен ауырған сиырлардың сүтін саууға тыйым салынады. Аурудан таза емес пункттегі теріс нәтиже берген сиырлардан алынған сүт (кілегей) 70 градус С 30 минут бойы залалсыздандырылады, пісіріледі немесе тортасы айырылған майға өңделеді
сауықтыру уақыты кезінде
кент және ауылдық округ әкімдері, ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
6.
Бруцеллезге оң нәтиже берген аулалардағы қой-ешкі малдарынан 15-20 күн сайын қан алынып серологиялық жолмен (РА, РСК, РДСК, РБП) бруцеллез ауруына тексеру.
толық сауыққанша
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
7.
Бруцеллезге оң нәтиже берген малдарды басқа малдардан оқшаулайды және олардың асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде етке союға өткізеді
сауықтыру уақыты кезінде
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ, Павлодар және ШҚО бойынша РМҚК «Республикалық індетке қарсы жасақ»
8.
Бруцеллез ауруына шалдыққан малдардың тұрған орындары мұқият тазаланып, дезинфекция жасалынуы керек. Дезинфекцияның дұрыс жасалғанының қортындысын тексеру үшін ветеринарлық зертханаға сараптама жасауға сынама (проб) іріктеп алып, оны жіберу.
сауықтыру уақыты кезінде
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ, Павлодар және ШҚО бойынша РМҚК «Республикалық індетке қарсы жасақ»
9.
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округіндегі ірі қара малдарының соңғы екі жолғы қанның серологиялық тексерісінде теріс нәтиже бергенше тексеріп, соңынан мал қораларына толық дезинфекция жүргізу
толық сауыққанша
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ, Павлодар және ШҚО бойынша РМҚК «Республикалық індетке қарсы жасақ»
10.
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округінің тұрғындарының медициналық дәрігердің қадағалауында болуын және адамдардың жеке басының санитарлық зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтауларын, малдарды күтуде арнаулы киімдерді пайдалануын қадағалау
үнемі.
ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы
11.
Шаған кенті мен Новобаженово ауылдық округінің тұрғындарына малдан жұғатын бруцеллез ауруының алдын алу және одан сақтану туралы насихат жұмыстарын жүргізу
үнемі.
ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы
12.
Текесергенде екі рет теріс нәтиже алғаннан соң, ірі қара малдары 3 ай уақытқа бақылауға қойылып, 1-1,5 ай аралығында серологиялық әдіспен екі рет тексеруден өткізу.
сауыққаннан кейін
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
6 Алғабас ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының алдын-алу және жою жөніндегі іс-шаралар
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 4 қарашадағы
№ 1238 қаулысына
2-қосымша
Алғабас ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан
бруцеллез ауруының алдын-алу және жою жөніндегі
іс-шаралар
№ п/п
Іс-шаралардың аталуы
Мерзімдері
Жауаптылар
1.
Алғабас ауылдық округіндегі барлық малдардың түрі есепке алынсын.
үнемі.
Кент ауылдық округ әкімі
2.
Алғабас ауылдық округіне уақтылы ветеринарлық- санитарлық шараларды жүргізу.
үнемі.
ауылдық округ әкімі, ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
3.
Алғабас ауылдық округіне басқа жақтан малдарды әкеліп,қосуға және әкетуге жол бермеу.
үнемі.
ауылдық округ әкімі
4.
Алғабас ауылдық округінде бруцеллез ауруымен ауырған малдар жайылған жайылымдардан дайындалған мал азығын үш ай уақыт сақталғаннан кейін ғана пайдалану.
сауықтыру уақыты кезінде
ауылдық округ әкімі
5.
Қой-ешкі малдарының сүтін саууға тыйым салу.
сауықтыру уақыты кезінде
ауылдық округ әкімі, ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
6.
Бруцеллезге оң нәтиже берген аулалардағы қой-ешкі малдарынан 15-20 күн сайын қан алынып серологиялық жолмен (РА, РСК, РДСК, РБП) бруцеллез ауруына тексеру.
толық сауыққанша
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
7.
Бруцеллезге оң нәтиже берген малдарды басқа малдардан бөлек 5 тәуліктен артық ұстамау, 2003 жылдың 28 сәуірінде шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ветеринария саласында нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» № 407қаулысы бойынша ауру малдар жойылғаннан кейін мал иелеріне келген шығынның орнын толтыру.
сауықтыру уақыты кезінде
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ, Павлодар және ШҚО бойынша РМҚК «Республикалық індетке қарсы жасақ»
8.
Әрбір бруцеллез ауруына шалдығып жойылған қой-ешкі малдарының тұрған орындары мұқият тазаланып, дезинфекция жасалынуы керек. Дезинфекцияның дұрыс жасалғанының қортындысын тексеру үшін ветеринарлық зерітханаға сараптама жасауға сынама (проб) іріктеп алып, оны жіберу.
сауықтыру уақыты кезінде
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
9.
Жасы 16-ға толмаған жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді төл алу науқанына қатаң түрде қатыстырмау керек.
төл алу науқанында
ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы
10.
Алғабас ауылдық округіндегі қой-ешкі малдарынан соңғы екі жолғы қанның серологиялық тексерісінде теріс нәтиже бергенше тексеріп, соңынан мал қораларына толық дезинфекция жүргізу.
толық сауыққанша
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
11.
Алғабас ауылдық округінің тұрғындары медициналық дәрігердің қадағалауында болуын және адамдардың жеке басының санитарлық зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтауларын, малдарды күтуде арнаулы киімдерді пайдалануын қадағалау.
үнемі
ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы
12.
Алғабас ауылдық округінің тұрғындарына малдан жұғатын бруцеллез ауруының алдын алу және одан сақтану туралы насихат жұмыстарын жүргізу.
үнемі
ШҚО МСЭҚД Семей қаласы бойынша басқармасы
13.
Тексергенде екі рет теріс нәтиже алғаннан соң, қой-ешкі малдары 3 ай уақытқа бақылауға қойылып, 1-1,5 ай аралығында серологиялық әдіспен екі рет тексеруден өткізу.
сауыққааннан кейін
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ
Ауыл шаруашылығы
бөлімінің бастығы А. Доғалақов
ШҚО МСЭҚД – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті.
ҚР АШМ АӨК МИК СҚАИ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы
РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.