Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы №4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Басқұдық ауылдық округінің тұрғындарымен 2008 жылы 29 сәуір күні өткізілген жиналыстың хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы от 06.06.2008 г. № 10 (Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы)
1. Басқұдық ауылдық округінің «Металлург» саяжай алабы және «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі химиялық комбинатынан «Қошқар-Ата» өлі көліне құятын арық аралығында, Басқұдық-Маңғыстау ауылы бағытындағы тас жолдың сол жағында орналасқан бұрынғы «Энтузиаст» өндірістік кооперативті «Жаңа қоныс» тұрғын-үй массиві деп аталсын.
2. «Жаңа қоныс» тұрғын-үй массивінің көшелері 1 қосымшаға сәйкес атаулар қойылсын.
3. Осы шешім Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқұдық ауылдық округі әкімінің
2008 жылғы «06» маусым
№10 шешіміне
Қосымша №1
№
«Жаңа қоныс» тұрғын-үй массиві көшелерінің атаулары
1
Жадыра көшесі
2
Шапағат көшесі
3
Мирас көшесі
4
Маусым көшесі
5
Темірқазық көшесі
6
Саура көшесі
7
Гүлмайса көшесі
8
Балауса көшесі
9
Арман көшесі
10
Қызғалдақ көшесі
11
Думан көшесі
12
Алау көшесі
13
Отпан көшесі
14
Жаңа құрылыс көшесі
15
Шалқар көшесі
16
Інжу көшесі