Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Басқұдық ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы №4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Басқұдық ауылдық округінің тұрғындарымен 2008 жылы 29 сәуір күні өткізілген жиналыстың хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Басқұдық ауылдық округінің «Металлург» саяжай алабы және «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі химиялық комбинатынан «Қошқар-Ата» өлі көліне құятын арық аралығында, Басқұдық-Маңғыстау ауылы бағытындағы тас жолдың сол жағында орналасқан бұрынғы «Энтузиаст» өндірістік кооперативті «Жаңа қоныс» тұрғын-үй массиві деп аталсын.
Тармақ 2
2. «Жаңа қоныс» тұрғын-үй массивінің көшелері 1 қосымшаға сәйкес атаулар қойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 4
Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы «06» маусым №10 шешіміне Қосымша №1 № «Жаңа қоныс» тұрғын-үй массиві көшелерінің атаулары 1 Жадыра көшесі 2 Шапағат көшесі 3 Мирас көшесі 4 Маусым көшесі 5 Темірқазық көшесі 6 Саура көшесі 7 Гүлмайса көшесі 8 Балауса көшесі 9 Арман көшесі 10 Қызғалдақ көшесі 11 Думан көшесі 12 Алау көшесі 13 Отпан көшесі 14 Жаңа құрылыс көшесі 15 Шалқар көшесі 16 Інжу көшесі