Құжат мәтініне өту

"Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Қаулы · № 140 · қабылданған 31.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42436/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
"Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 140 ·31.10.2008
11.08.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 140 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
"Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
140
Қабылданған күні
31.10.2008
Көрсетілген редакция
11.08.2009 · қолданыстағы AI42436_1.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08L0004212
ЭКБ идентификаторы
42436
Редакция идентификаторы
AI42436_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:40

0 "Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген "Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.

2 2. "Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 85 қаулысы жойылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қызылорда облысы әкімінің Б.Мұхамедовке жүктелсін.

4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою"

4. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім                                             Б. Қуандықов
Қызылорда облысы
әкімдігінің 2008 жылдың
31 қазан N 140 қаулысымен
Бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою"

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою (бұдан - әрі мемлекеттік қызмет).

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 101 бабының 3 тармағы "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1346 қаулысымен бекітілген "Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырған есепке алуды ұйымдастыру Ережесінің" 2 тармағының негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен ұсынылады, Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а.

5 5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1 күн ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минут;

3 3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минут.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қызылорда облысы әкімінің ресми сайтында www.kyzylorda.kz орналастырылған, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша орналасқан стендтерде, үлгілермен ақпараттық тақтайшаларда мемлекеттік қызметті көрсету ғимараттарында орнатылған.

10

10. Жұмыс кестесі: жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою бойынша құжаттарды қабылдау күн сайын (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 13 00 - ден 15 00 - ге дейін түскі үзіліспен сағат 09 00 - ден 19 00 - ге дейін алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11 11. Азаматтарды қабылдау бөлмелері қызметті тұтынушылармен жұмыс үшін жабдықталған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар қарастырылған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжат Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысандағы баланың анкетасы.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер қарастырылмаған.

14 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжат "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, N 7 кабинет.

15 15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжатты тапсырғанын растайтын құжат тіркеу журналындағы жазба (белгі) және мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген талон болып табылады.

16 16. Қызмет көрсету нәтижесі тұтынушының "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жеке бару барысында ұсынылады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жауапты тұлғасымен 14 тармақта көрсетілген мекен-жайы бойынша беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негізі жоқ.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Қызмет көрсету барысында тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, құжаттарды белгіленген мерзімде алған сәтке дейін сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға       сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағым дайындауға жәрдем көрсету "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылады, мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, N 7 кабинет электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru, телефон: 26-13-79.

22 22. Шағым "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінне жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru. немесе құжаттамалық бөлімі арқылы қолма қол беріледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібімен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, есепке алынуға, тіркелуге және қаралуға жатады.

23 23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетілген шағымдарды және сұратуларды тіркеу талоны болып табылады.

Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын, шағымның
қаралу барысы туралы "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде білуге болады, мына мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, N 2 кабинет, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:

1 1) "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru, телефоны: 26-13-79, қабылдау кестесі: жұма 15 00 -ден 19 00 - ге дейін;

2 2) "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары: Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, электрондық пошта: E-mail:bilimkz@mail.ru, телефоны: 27-29-37, қабылдау кестесі: сәрсенбі 15 00 -ден 19 00 -ге дейін;

3 3) Қызылорда облысының әкімдігі: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 76, www.kyzylorda.kz сайты.

25 Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

25. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою мәселелері бойынша консультацияны "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде алуға болады, Қызылорда қаласы, Қорқыт-ата көшесі, 24-а, телефон: 27-29-37.
"Жетім балаларды және
ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды өңірлік есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және қол
же­тім­ді­лік
көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет-
кіш­тің
нор­ма-
тив­тік
мәні
Көр­сет-
кіш­тің
ке­ле­сі
жыл­да­ғы
ны­са­на­лы
мәні
Көр­сет-
кіш­тің
есеп­ті
жыл­да­ғы
ағым­да­ғы
мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет­ті ұсы­ну оқи­ға­ла­ры­ның % (үле­сі)
100
100
100
1.2. қыз­мет алу­ды ке­зек­те 40 ми­нут­тан ас­пай­тын уа­қыт күт­кен тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
100
100
100
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет­ті ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
100
100
100
2.2. құ­жат­тар­ды ла­у­а­зым­ды тұл­ға дұ­рыс рә­сім­де­ген жағ­дай­дың (жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­дер, есеп ай­ы­ры­су­лар және т.б.) % (үле­сі)
100
100
100
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет­ті ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
99
100
99
3.2. тұ­ты­ну­шы құ­жат­тар­ды дұ­рыс тол­тыр­ған және бі­рін­ші рет­тен тап­сыр­ған оқи­ға­лар­дың % (үле­сі)
99
99
99
3.3. Ин­тер­нет ар­қы­лы қол
же­тім­ді қыз­мет­те­рі­нің ақ­па­рат % (үле­сі)
0
0
0
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. қыз­мет­тің  осы тү­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы­лар­дың жал­пы са­ны­на негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
0
0
0,1
4.2. бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­рал­ған және қа­на­ғат­та­ды­ры­л­ған негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
0
0
0
4.3. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­ста­ңы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
100
100
100
4.4. ша­ғым­да­ну мер­зі­міне
қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
100
100
100
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған
тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
100
100
100

Қолданыстағы