Құжат мәтініне өту

Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малы арасында "бруцеллез" ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы

Қаулы · № 337 · қабылданған 24.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42445/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малы арасында "бруцеллез" ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 337 ·24.10.2008
25.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малы арасында "бруцеллез" ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 337 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малы арасында "бруцеллез" ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы
Атауы (қаз.)
Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малы арасында "бруцеллез" ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
337
Қабылданған күні
24.10.2008
Көрсетілген редакция
25.11.2009 · қолданыстағы AI42445_1.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZH000078
ЭКБ идентификаторы
42445
Редакция идентификаторы
AI42445_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:42

0 Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малы арасында "бруцеллез" ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2008 жыл 20 қазандағы N 467 ұсынысы бруцеллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Талдықұдық ауылдық округі аймағына мал басы сауықтырылғанша шектеу салынсын.

2 2. 2009 жылға Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малдарын бруцелез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Талдықұдық ауылдық округ әкіміне (Б. Қабдолов), Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясымен (Н. Құтхожин - келісім бойынша), Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Д. Ғабдуллина - келісім бойынша), Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің Жалпақтал аудандық ауруханасымен (Е. Рабаев - келісім бойынша) бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру, санитарлық және арнайы мал-дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылсын.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

5 5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Е. Садбековке жүктелсін.

6 2009 жылға Талдықұдық ауылдық округі бойынша ірі қара малдарын бруцелез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 24 қазандағы
N 337 қаулысымен бекітілген
2009 жылға Талдықұдық ауылдық округі бойынша
ірі қара малдарын бруцелез ауруынан
сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары
N
Шаралардын атауы
Орындау мерзімі
Орындауға жауаптылар
аяқталу нысаны
1. Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
1
Эпизоотикалық жағдайға байланысты ауылдық округтерде ірі қара мал жайылымының аумағын анықтау
ұдайы
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі және Қошашкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
аудандық мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторына хабарлама
2
Талдықұдық ауылдық округінің аумағында бруцеллезбен ауырған ірі қара мал қорасы немесе ауласын санитарлық тазалау жұмысын ұйымдастыру
ұдайы
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі
акт түзету
3
Санитарлық ағартушылық шараларын жүргізу мақсатында халыққа қажеті ветеринариялық, санитарлық-гигиеналық білімді жеткізу
ұдайы
Талдықұдықауылдық округтің ветеринариялық инспекторы, аудандық МСЭҚБ, ауылдық дәрігерлік амбулатория
Жиындар өткізу Хаттамалық тапсырмалар
2. Індет ошағындағы және бруцеллезден таза емес пункттердегі жүргізілетін ветеринариялық
және санитерлық шаралар
4
Бруцеллезден таза емес пункттің және індет ошағының шекарасын анықтау
ұдайы
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
5
Шектеу шарттары бойынша тиым салынады:

1 1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;

2 2) індет ошағы айқындалған аурудан таза емес аумақтан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;

3 3) бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға; көрсетілген жануарларды тез арада басқа жануарлардан оқшаулайды және олардың асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде етке союға өткізеді.

шектеу кезіне
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, полиция учаскелік инспекторы (келісім бойынша)
Қорытынды акт түзету
6
Бұрын ауру жануарлар (аурудан таза емес мал басы) ұсталған мал қораларына сау малдарды енгізуге тыңғылықты дезинфекцияланғаннан, мал қыдырту алаңдарын және басқа нысандарды тазалағаннан, сондай-ақ дезинсекция және дератизация жүргізілгеннен кейін рұқсат етіледі.
шектеу кезіне
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
7
Аурудан таза емес пунктегі сиырлардан алынған залалсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу мекемелеріне апаруға, базарларда сатуға, асхана жүйесінде пайдалануға тиым салынады. Ондай сүт пісіріліп жас малдарды азықтандыру үшін пайдаланылады.
шектеу кезіне
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
8
Ауырған жануар тұрған қора жайларды дезинфекциялау үшін-хлорлы әктің судағы ерітіндісімен; құрамында 2 процент белсенді хлоры бар немесе ДП-2 препаратымен; формальдегидтің ерітіндісімен
(70 процент формалин және 3 процент күйдіргіш натрий); 2 процент күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісі; 2 процент формальдегидтің ерітіндісі; 0,5 процентті глутарь альдегидтің ерітіндісі; 5 процент техникалық фенолды натрий немесе карбол қышқылы; эстостерил-1 құрамында 0,5 процент мүсәтір қышқылы бар; немесе басқада дезинфекциялық заттар пайдалынады.
Оң нәтиже берген малдарды тез арада табыннан оқшаулайды және оларды айқындаған уақыттан бастап 5 күн ішінде етке сояды. Ауру мал тұрған қораларға дезинфекция жүргізеді (әрбір ауру мал анықталғаннан соң).
шектеу кезіне
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы
9
Әртүрлі жануарларға зерттеулер жүргізіледі:

1

1) ірі қара мал және басқалар мына серологиялық реакциялармен: агглютинация реакциясы (АР), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР), роз бенгал сынамасы (РБС), Сайдулдин реакциясы (СР), иммуноферменттік анализ (ИФА), ал іш тасталған төлді бруцеллездің антигенін табу үшін биологиялық сынама қойып бактериологиялық зерттеулер жүргізіп тексереді;

2 2) қой, ешкі - мына серологиялық әдістермен тексереді: АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-

комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы, бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);

3 3) шошқаны мына серологиялық әдістермен тексереді: КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы; бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);

4 4) жылқыны мына серологиялық әдістермен тексереді: пробиркідегі АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы; бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);

5 5) түйені мына серологиялық әдістермен тексереді: АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы, КҰБР-

комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, РБС-роз бенгал сынамасы, бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы);

6 6) иттерді және жануарлардың басқа түрлерін мына серологиялық әдістермен тексереді: АР-агглютинация реакциясы, КБР-комплемент байланыстыру реакциясы; бактериологиялық (биологиялық сынама қою арқылы).

Қатарынан екі рет теріс нәтижелер алынғаннан кейін, аурудан таза емес пункттегі барлық мал басы 3 айлық бақылауға қойылып, арасына 1,5 ай салып диагностикалық зерттеулермен тексеріледі. Бақылау тексерулері кезінде теріс нәтижелер алынып және қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін аурудан таза емес пункттен шектеу алынады.
мал іш тастаған және өлі туған жағдайда
Аудандық бас ветеринариялық инспекторының бақылауындағы мемлекеттік ветеринариялық қызмет
акт түзеледі
10
Диспансерлік тексеру тек бруцеллезден ресми таза емес шаруашылықтарда емес, сондай-ақ бруцеллезден таза шаруашылықтарда да жүргізіледі.
әр тоқсан сайын
Жалпақтал аудандық ауруханасы
медициналық қорытынды анықтама
11
Бруцеллезден таза емес пункттерде жануарлармен жұмыс істеу (мал күту, тамақтандыру) және мал сою тәртіптерін сақтауға, соңынан жабдықтарды залалсыздандыруға, ауру малдар тасымалдаған көлікті дезинфекциялауға.
Шектеу кезінде
Аудандық МСЭҚБ, Қошанкөл ауылдық округінің инспекторы
акт түзету
12
Бруцеллезге оң нәтиже берген жануарарды қабылдауға, тасымалдауға, союға және олардан алынған шикізаттарды өңдеуге жасы 18-ге толмаған тұлғалар, аяғы ауыр әйелдер, емшектегі балалы әйелдер,уақытша алынған жұмысшылар, жіті және созылмалы түрдегі аурулар, бруцеллездің клиникалық белгілері байқалған, бруцеллездің алдын алу жөнінде санитарлық сынақтан өтпеген адамдар жіберілмейді.
Тұрақты
Аудандық МСЭҚБ, Қошанкөл ауылдық округінің мал-дәрігерлік инспекторы
хабарлама
түсіру
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрінің
МСЭҚБ – Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
АДА – Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы
КҰБР – Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
АР – агглютинация реакциясы
КБР – комплемент байланыстыру реакциясы
РБС – роз бенгал сынамасы
ИФА – имунно-ферменттік анализ

Қолданыстағы