Кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне бір жолғы талон құнының бағасын белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне бір жолғы талон құнының бағасын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне бір жолғы талон құнының бағасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 105
- Қабылданған күні
- 18.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2011 · қолданыстағы AI42488_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KJ000070
- ЭКБ идентификаторы
- 42488
- Редакция идентификаторы
- AI42488_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:35
0 Кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне бір жолғы талон құнының бағасын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 373–бабының 2–тармағын басшылыққа ала отырып, объектінің орналасқан жерін, қызметін жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану өнімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, аудандық салық комитеті жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ара-тұра сипатта кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін қолданылатын бір жолғы талондардың құндары мен қызмет түрлерінің тізбесі N 1 қосымшада көрсетілген көлемде белгіленсін.
2 Базарларда сауда жасағаны үшін алынатын төлем мөлшері N 2 қосымшада көрсетілген көлемде белгіленсін.
3 3. Осы белгіленген ставкаларды ара-тұра сипатта аталған кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.
5 5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы
Қ. Болғанбаев
18.11.2008 жыл
5 Ара – тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің белгіленген түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы берілетін талонның бір күнгі бағасы айлық есептік көрсеткішінен пайызбен алынғанда
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 қарашадағы
9 сессиясының N 105 шешіміне
1 қосымша
Ара – тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің белгіленген түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы берілетін талонның бір күнгі бағасы айлық есептік көрсеткішінен пайызбен алынғанда
N
Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің түрлері.
1 күнге (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда)
1.
Газет және журналдар сатумен
7
2.
Тұқым сатумен қатар отырғызылатын екпе дақылдары
10
3.
Бау бақша өнімдерін сату
13
4.
Үй жанында жаңадан өсірілген гүлдерді сату
10
5.
Қосымша шаруашылықтарда, бау бақшаларда, саяжай учаскелерінде өндірілген өнімдерді сату
4
6.
Автокөліктерді алып өткізу қызметі:
1 1) жақын шет елдерден
2 2) алыс шет елдерден
129
129
7.
Жекеменшік тракторымен жер учаскесін өңдеу қызметі
24
8.
Жүк және жолаушыларды тасымалдау бойынша;
Жүк және жеңіл автокөлік иелерінің тасымалдау қызметін көрсетуі (лицензияланатын тасымалдардан басқасы)
23
8 Аудан көлеміндегі базарларда сауда-саттық жасағаны үшін жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бір күнгі бағасы айлық есептік көрсеткішке пайызбен алынғанда:
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 қарашадағы
9 сессиясының N 105 шешіміне
2 қосымша
Аудан көлеміндегі базарларда сауда-саттық жасағаны үшін жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талонның бір күнгі бағасы айлық есептік көрсеткішке пайызбен алынғанда:
Тауар түрі
Сауда орнының түрі
Сауда орнының көлемі
(м кв)
1 м кв сауда орны үшін талонның мөлшері айлық есептік көрсеткішке пайызбен алынғанда
Азық түлік
Сөрелерде
Ет тағамдары
Сүт тағамдары
3,4
3,4
2,2
4
5
3
Өндіріс тауарлары
Сөрелерде
Қолдан сату
4,2
1,5
3
2