Жаңатілек ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2008 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жаңатілек ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы от 06.11.2008 г. № 151/11 (Жаңатілек ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы)
1. Жаңатілек ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеу (ограничение) тоқтатылсын.
2. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы арналған «Жаңатілек селолық округінде бруцеллез ауруының шығыуна байланысты шектеу (ограничение) жою туралы» № 188/11 қаулысының (Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылғы 11 желтоқсанда № 12-5-46 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Жаңатілек ауылдық округінің әкімі Б. Жапеновке, Жаңатілек ауылдық округінің мемлекеттік мал дәрігер инспекторы Б. Альжановқа (келісім бойынша) 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырмау шараларын мұқият қадағалау тапсырылсын.
4. Қаулы баспасөз бетіне жариаланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ ы
Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Р. Д. Нұргалиев
«4» қараша 2008 жыл