Жаңатілек ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы Қолданыста
Басқа 0
Жаңатілек ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2008 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңатілек ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеу (ограничение) тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы арналған «Жаңатілек селолық округінде бруцеллез ауруының шығыуна байланысты шектеу (ограничение) жою туралы» № 188/11 қаулысының (Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылғы 11 желтоқсанда № 12-5-46 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Жаңатілек ауылдық округінің әкімі Б. Жапеновке, Жаңатілек ауылдық округінің мемлекеттік мал дәрігер инспекторы Б. Альжановқа (келісім бойынша) 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырмау шараларын мұқият қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Қаулы баспасөз бетіне жариаланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ ы
Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Р. Д. Нұргалиев
«4» қараша 2008 жыл