Қолданыстағы ред. 06.11.2008

Шөптікөл ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы от 06.11.2008 г. № 152/11 (Шөптікөл ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы)

0

Шөптікөл ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2008 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөрекәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шөптікөл ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылды шектеу (ограничение) тоқтатылсын.

2

2. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы «Шөптікөл селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) жою туралы» № 189/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылғы 11 желтоқсанда № 12-5-47 саны тіркелген ) күші жойылды танылсын.

3

3. Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Ә. Омаровқа, Шөптікөл ауылдық округінің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы Н. Даулетовқа (келісім бойынша) 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырму шараларын мұқтаж қадағалау тапсырылсын.

4

4. Қаулы баспасөз бетіне жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі
Мемлекеттік инспекция комитетінің
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Р. Д. Нұрғалиев
«4» қараша 2008 жыл