Шөптікөл ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы Қолданыста
Басқа 0
Шөптікөл ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылған шектеуді (ограничение) тоқтау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және 2008 жылғы аталған ауруға қарсы жүргізілген іс-шараларға байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөрекәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шөптікөл ауылдық округінде бруцеллез ауруына қарсы қойылды шектеу (ограничение) тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы «Шөптікөл селолық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу (ограничение) жою туралы» № 189/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2007 жылғы 11 желтоқсанда № 12-5-47 саны тіркелген ) күші жойылды танылсын.
Тармақ 3
3. Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Ә. Омаровқа, Шөптікөл ауылдық округінің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы Н. Даулетовқа (келісім бойынша) 1 жыл бойы қауіпті жұқпалы мал ауруларын болдырму шараларын мұқтаж қадағалау тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Қаулы баспасөз бетіне жарияланған соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Д. Рахметовке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі
Мемлекеттік инспекция комитетінің
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Р. Д. Нұрғалиев
«4» қараша 2008 жыл