Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом"

Бұйрық · № 555 · қабылданған 22.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42514/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом" Күшін жойған Бұйрық ·№ 555 ·22.10.2008
28.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 555 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к условиям перевозки организованных детских коллективов железнодорожным транспортом"
Атауы (қаз.)
"Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
555
Қабылданған күні
22.10.2008
Көрсетілген редакция
28.07.2010 AI42514_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005374_
ЭКБ идентификаторы
42514
Редакция идентификаторы
AI42514_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:43

0 "Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 6) тармақшасына , 17 бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін: "Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар".

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малгаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
Министрі
_____________С. Ахметов
2008 жылғы 3 қараша

0 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 22 қазандағы
N 555 бұйрығымен бекітілген

7 "Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы "Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау кезінде жолаушылар вагондарына, вагон-мейрамханаларға және вокзалдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.

2 2. Осы санитарлық ережеде келесі терминдер және анықтамалар пайдаланылды:

1 1) ұйымдастырылған балалар ұжымы – ересектер және медициналық қызметкерлердің алып жүруімен, бір вагонда, поезда бір бағыт бойынша темір жол көлігімен жүретін, жасы 6-дан бастап 18-ге дейінгі құрамы кемінде 10 баладан тұратын ұжым;

2 2) балалар тасымалдауды ұйымдастырушылар – заңды және жеке адамдар.

2 2. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

3

3. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3812 болып тіркелген "Темір жол көлігі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 358 бұйрығымен (бұдан әрі - N 358 бұйрық) бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларға сәйкес жолаушылар вагоны бөлінеді.

4

4. Бір тәуліктен артық жол жүру ұзақтығы кезінде жолаушы поезының схемасына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2987 болып тіркелген "Темір жол көлігі объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 24 шілдегі бекітілген N 496 бұйрыққа (бұдан әрі - N 496) сәйкес вагон-мейрамхана енеді.

5 5. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары жоғары орындарға арналған қауіпсіздік белбеулерімен жабдықталады.

6 6. Кіру есіктерінде төмендегі платформаға түсу үшін жеткілікті мөлшерде басқыштары бар аяқ қойғыш болуы тиіс.

7 7. Жолаушы вагонын, вагон-мейрамхананы жабдықтау, ішкі кеңістіктің техникалық параметрлері, вагондарды құрастыру, құрастыру және әрлеу материалдары N 358, N 496 бұйрықтар талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

8 8. Жолаушы вагон осы санитарлық ережеге 1-қосымшаға сәйкес індетке қарсы жиынмен, сондай-ақ жол бойында карантиндік және аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын науқас, күдіктілер анықталған жағдайға медициналық зембілдермен жабдықталады.

9 9. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдау үшін жолаушы вагоны осы санитарлық ережеге 2-қосымшаға сәйкес педикулезға қарсы жиынмен қосымша толықтырылады.

10 10. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының топтары: 7-ден 9 жасқа дейін – 24 бала, 10-нан 12 жасқа дейін – 30 бала, 13 жастан бастап және одан үлкен жаста – 34 бала, әртүрлі жастағы – 30 баладан артық емес санмен құралады.

11 11. Балалардың жол жүруін ұйымдастырушылар осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес жөнелтуге дейінгі кемінде 5 тәулік ішінде жоспарланған мерзім және балалар саны туралы ақпаратты аумақтағы және темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жібереді.

12

12. Сапарға дайындалған жолаушы поезы құрамында темір жол көлігі қызметінің өкілдері, балаларды жөнелтетін ұйымдастырушы және темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдері бар комиссиямен қабылданады. Қарау нәтижелері осы санитарлық ережеге 4-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.

13 13. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тәрбиешілер, оқытушылар немесе ата-аналар, сондай-ақ медициналық қызметкерлер бірге алып жүреді.

14

14. Медициналық қызметкер аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы) нұсқаулықтан өтеді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3358 болып тіркелген " Халыққа кезек күттірмес медициналық көмек көрсетуге арналған бастапқы жәрдем қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 бұйрығы талаптарына сәйкес барлық жол бойында медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі.
15 . Жолсеріктер және алып жүретін адамдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2556 болып тіркелген "Халық тың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 766 бұйрығына сәйкес медициналық қараудан, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2531 болып тіркелген " Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқудан өтеді.

16 16. Жолаушы поезында бір мезетте бірнеше ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдауға рұқсат етіледі.

17 17. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын отырғызу кезінде бірінші кезекте кіші жастағы топтың балалары орналасады. Мүгедек балалар жеке купеге орналасады. Барлық балалар тәулігіне кемінде 3 рет шәймен қамтамасыз етіледі.

18 18. Балаларға арналған вагонға балалар мен ересек жолаушыларды бірге орналастырған кезде жеке дәретхана бөлінеді.

19 19. Жол жиынтығына енетін азық-түлік ассортиментін ("құрғақ ас") балаларды тасымалдауды ұйымдастырушы көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі. "Құрғақ асқа" мынадай азық-түлікті енгізуге рұқсат етіледі:

1 1) бұқтырылған, туралған, ет консервілері, құс етінің паштеті, ет-өсімдік паштеттері (күріш, бұршақ, макарон өнімдері және еті бар көкөніс), ет қосылған консервіленген түскі тамақ;

2 2) көкөніс консервілері, балық және май қосылған теңіз өнімінен жасалған консервілер (шпроттар), табиғи (скумбрия);

3 3) "суға пісірілген" қайнатылған тауық жұмыртқалары;

4 4) печенье, галеттер, крекерлер, пряниктер, жұмсақ конфеттер, нан және бөлке өнімдері;

5 5) жеміс шырыны, жеміс және жидек сусындары, ыдысқа құйылған ауыз су.

20 20. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының бір тәуліктен асатын жол жүру ұзақтығы кезінде ыстық тамақтандыру және ішу тәртібі қамтамасыз етіледі.

21

21. Жолаушы вагоны және вагон-мейрамханалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 болып тіркелген " Шаруашылық - ауызсумен жабдықтау және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығы талаптарына сәйкес сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

22

22. Вагон-мейрамхана жеткілікті мөлшердегі азық-түлік шикізатымен, оралған күйдегі жартылай фабрикаттармен және ыдысқа құйылған ауыз сумен жабдықталады. Азық-түлік шикізаты, жартылай фабрикаттар, дайын өнімдер және ыдысқа құйылған ауыз су тамақ өнімінің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен бірге жүреді.

23

23. Ұйымдастырылған балалар ұжымы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3608 болып тіркелген "Ыдысқа құйылған ауыз суын, минералды табиғи және жасанды минералдандырылған суларды өндіруге, сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 147 бұйрығы талаптарына сәйкес ыдысқа құйылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

24 24. Жол жүруді ұйымдастырушылар ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тамақтандыруға арналған вагон-мейрамханаларындағы тамақ және өнімдердің ассортиментін құрастыру пункттерінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі.

25 25. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын мақсатты жерге жөнелту және келу станциялары вокзалдарында темір жол қызметінің лауазымды адамдары балаларды күту залына орналастыруды, сондай-ақ балаларды вагонға отырғызуда және түсіруде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

26 26. Поездың жөнелтілуі немесе келуі кешіккен жағдайда балалар вокзалдың демалыс бөлмесіне орналасады. Балалар үшін ыстық тамақ және ішу тәртібі ұйымдастырылады.

27 27. Демалысқа және сауықтыру ұйымдарына бару кезінде балалар медициналық қараудан өтеді.

28 28. Жолаушы құрамына науқас (қызуы көтерілген, іш өту, құсу, іштің түйнеп ауру белгілері бар) балаларды отырғызуға рұқсат етілмейді. Жол бойында аурудың жіті түрінің белгілері бар бала анықталған кезде, ол бала жеке купеге оқшауланады.

29 29. Ұйымдастырылған б алалар ұжымын алып жүретін медициналық қызметкер науқастанған бала туралы поез бастығына хабарлайды және одан әрі жүру мүмкіндігін немесе науқастанғанды жол бойындағы жақын станцияға ауруханаға жатқызу қажеттігін анықтайды.

30

30. Жол бойы балалардың науқастануы мен жарақаттануының барлық жағдайларында поездың педиатриялық медициналық бригадамен немесе жедел медициналық көмектің мамандандырылған бригадасымен кездесуін ұйымдастыру үшін темір жол станцияларының және вокзалдарының медициналық пункттері қызметкерлеріне хабарлау тәртібі қамтамасыз етіледі.

31 31. Жарақат алған немесе науқастанған баланы стационарға арнайыланбаған көлікпен тасымалдау қажеттілігі кезінде медициналық бірге алып жүру қамтамасыз етіледі.

32

32. Жол бойында шұғыл медициналық көмек талап етілген ұйымдастырылған балалар ұжымы бар жолаушы поезының бастығы медициналық қызметкерлер бригадаларын отырғызуды қамтамасыз етеді және ерікті нысандағы актіні ресімдейді. Акт поезд бастығының, балалар тобын алып жүретін адамның және медициналық қызметкерлер бригадасы басшысының қол қоюларымен расталады. Актіде отырғызылған және түсірілген темір жол станциясының атауы, медициналық қызметкерлердің бригадасының отырғызу себептері көрсетіледі. Актінің көшірмесі медициналық мекеменің орнын ауыстыру орнына қайта жіберуде жүру үшін бірге алып жүретін медициналық қызметкерге беріледі.

33 33. Науқас балалар анықталған жағдайда мақсатты станцияға дейін жол бағыты бойынша медициналық қызмет және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы арасында медициналық және індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу кезіндегі сабақтастық қамтамасыз етіледі.

34

34. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының жол бойында және жөнелту, келу станцияларында науқастардың анықталуы туралы, сондай-ақ поездарда ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдау жағдайына қойылатын талаптардың анықталатын бұзылушылық фактілері туралы ақпарат жол бағыты бойынша жақын вокзалдың медициналық пунктіне және көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына беріледі.

3 3. Ұйымдастырылған балалар ұжымын темір жол көлігімен тасымалдау кезіндегі індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар

35 35. Ұйымдастырылған балалар ұжымын тасымалдау кезінде медициналық қызметкер:

1 1) жол бойында балалардың денсаулық жағдайын бақылайды;

2 2) науқастанған балаларға медициналық көмек көрсетеді;

3 3) науқастарды ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады, вагондарда балалардың жеке гигиена ережесін сақтауын бақылайды.

36 36. Сапар уақытында медициналық қызметкер өзінің әрекеттерін поезд бастығымен, темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының лауазымды адамдарымен келіседі.

37 37. Сапарға жөнелткенге дейін медициналық қызметкер:

1 1) балалардың және оларды алып жүретін адамдардың денсаулық жағдайы туралы анықтамалардың болуын тексереді;

2 2) бекітіліп берілген медициналық дәрі қобдишасының тізбеге сәйкес дәрі-дәрмектермен толықтырылуын, уақтылы толығуын және дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімдерін тексереді;

3 3) балалардың медициналық көмекке қаралуын тіркеуге арналған дәптердің болуын тексереді;

4 4) поезға отырғызу алдында ұйымдастырылған топтарда денсаулығы жарамайтын балаларды анықтау мақсатында денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізеді;

5 5) балаларға арналған барлық орындардың төсек орын қажеттіліктерімен және төсек жаймаларымен қамтамасыз етілуін тексереді.

38 38. Сапар уақытында медициналық қызметкер:

1 1) қажет болғанда термометр жүргізеді;

2 2) балалар пайдаланатын вагондардың, санитарлық тораптардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына, вагондардағы тазалыққа, желдеткішке және температураға, ауыз судың тұрақты болуына, төсек қажеттіліктерінің жағдайына, балалардың жеке азық-түлікті сақтауына көңіл бөледі;

3 3) санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде медициналық қызметкерге жол жүруде балаларды алып жүретін ересектер көмектеседі;

4

4) балаларда жұқпалы ауру белгілеріне немесе тамақтан улануға күдік болған кезде немесе осындай науқас анықталған кезде медициналық қызметкер жолсерікпен бірге күдіктілерді және науқастанғандарды оқшаулайды, ол туралы жол бағыты бойынша жақын вокзалдың медициналық пунктіне және көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына дереу хабарлайды;

5 5) жолсеріктің және балаларды алып жүруші ересектердің көмегімен ауруға күдіктілермен немесе науқастармен байланыста болып, араласқан балалардың тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, тұрғылықты жерін және оқу орнын, вагон нөмірін көрсету арқылы тізім жасайды;

6 6) ұйымдастырылған балалар ұжымдарын вагон-мейрамханада тамақтандыру кезінде залдың санитарлық жағдайын, ыдыс жуу сапасын тексереді, вагон-мейрамхана жұмыскерлерінен және балалардан жеке гигиена ережесін сақтауды талап етеді;

7 7) мәзір жасауға және ыстық тамақ орнына балаларға берілетін азық-түлік ассортиментін таңдауға қатысады;

8 8) әрбір тамақ ішуді бастар алдында дайын тамақтың бракеражын жүргізеді. Нәтижелері өндіріс меңгерушісі және вагон-мейрамханасының директорымен бірге вагон-мейрамханасының бракераж журналына жазылуы тиіс;

9 9) жол жүру уақытында балаларға бастапқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер береді.

39

39. Мақсатты станцияға келгенде медициналық қызметкер балалар сауықтыру ұйымының лауазымды тұлғасына баланың тегін, атын, әкесінің атын, мекен-жайын, емдеу ұйымының атауын және мекен-жайын, ауруханаға жатқызылған уақытын және диагнозын көрсету арқылы жол бойында ауруханаға жатқызылған адамдар (немесе ауруханаға жатқызылғандардың болмағаны) туралы анықтама береді.

1 Карантиндік жұқпамен ауыратын науқас немесе күдікті анықталған кезде санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізуге арналған жиын

"Ұйымдастырылған балалар
ұжымын темір жол көлігімен
тасымалдау жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережесі мен нормаларына
1-қосымша
Карантиндік жұқпамен ауыратын науқас немесе күдікті анықталған кезде санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізуге арналған жиын
Ата­уы
Са­ны
1.
Эмал­дан­ған ше­лек
3 да­на
2.
Дез­ин­фек­ци­я­лық құ­рал 100 грам­нан
4 да­на
3.
Ве­тошь
3 да­на
4.
Бай­ла­ны­ста болған­дар­ды сан­ақ­қа алу­ға ар­нал­ған дәп­тер
5 да­на
5.
Қа­рын­даш
1 да­на
6.
Бет пер­де
20 да­на
7.
Пай­да­ла­ны­л­ған бет пер­де­лер­ге ар­нал­ған по­ли­эти­лен­ді па­кет­тер
2 да­на

2 Педикулезға қарсы өңдеу жүргізуге арналған жиын

"Ұйымдастырылған балалар
ұжымын темір жол көлігімен
тасымалдау жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық
ережесі мен нормаларына
2-қосымша
Педикулезға қарсы өңдеу жүргізуге арналған жиын
Ата­уы
1.
На­у­қа­стың ки­ім-ке­ше­гін жи­на­у­ға ар­нал­ған кле­ен­ка­лы неме­се қа­ғаз мақ­та­лы қап­шық
2.
Ша­штар­ды жа­ғу­ға неме­се за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ло­ток
3.
Кле­ен­ка­лы пе­ле­рин
4.
Ре­зең­ке қол­ғап
5.
Қай­шы
6.
Май­да ті­сті та­рақ (ме­талл)
7.
Спирт
8.
Бас ки­ім
9.
Мақ­та
10.
Ас сі­л­ті­сі неме­се 5-10%-дық сі­л­ті қыш­қы­лы
11.
"Пе­ди­лин" неме­се "Пе­дикс" шам­пу­ньы, "Ни­ти­фор" неме­се "Ан­ти­бит" лосьо­ны

3 Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол көлігімен жолға шығару туралы ақпарат

"Ұйымдастырылған балалар
ұжымын темір жол көлігімен
тасымалдау жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық
ережесі мен нормаларына
3-қосымша
Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол көлігімен жолға шығару туралы ақпарат
N
Ба­стап­қы де­ректер
Тол­ты­ру­ға жа­та­ды
1.
Жол жү­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру­шы (заң­ды және же­ке тұл­ға)
2.
Ба­ла­лар­дың жол жү­ру­ін ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның заң­ды ме­кен-жайы
3.
Жол­ға шы­ғу кү­ні
4.
Жө­нел­ту стан­ци­я­сы
5.
по­ез­дың N
6.
Ва­гон­ның тү­рі (обл­са­ра­лық жа­тын, ку­пе­лі, жұм­сақ)
7.
Ба­ла­лар са­ны
8.
Алып жү­ру­ші­лер са­ны
9.
Ме­ди­ци­на­лық алып жү­ру­ші­лер­дің бо­луы (дә­рі­гер, ор­та ме­ди­ци­на­лық жұ­мыс­кер­лер са­ны)
10.
Мақ­сат­ты стан­ция
11.
Ба­ла­лар са­уық­ты­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы және ме­кен-жайы
12.
Жол бой­ын­да та­мақ­тан­ды­ру­дың жос­пар­лан­ған тү­рі (ва­гон-мей­рам­ха­на, "құр­ғақ ас")
Басшы (жол жүруді ұйымдастырушы)
Қолы ______________________
Мөр орны

4 Жалпы нысан актісі

"Ұйымдастырылған балалар
ұжымын темір жол көлігімен
тасымалдау жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық
ережесі мен нормаларына
4-қосымша
Жалпы нысан актісі
__________________________________________________темір жол станциясы
_____________________________________ озып өтудегі N___________ поезд
200___ ж. "_____" ______________
Осы акті мына адамдардың қатысуымен жасалды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жөнелту станциясы
Мақсатты станция
200__ж. "____"__________ N ________жөнелту
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
N ____ вагон багаждың немесе жүкбагаждың атауы_______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Акт жасауға себеп болған жағдайларды сипаттау:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолы:

Қолданыстағы