О создании акционерного общества "Центр развития и защиты конкурентной политики"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании акционерного общества "Центр развития и защиты конкурентной политики"
- Атауы (қаз.)
- "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1127
- Қабылданған күні
- 02.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI42555_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080001127_
- ЭКБ идентификаторы
- 42555
- Редакция идентификаторы
- AI42555_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:29
0 "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
1 1) бәсекелестік саясат саласында талдамалық және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
2 2) бәсекелестік саясаттағы әлемдік үрдістерді және олардың
Қазақстанның тауар нарықтарына әсерін зерделеу;
3 3) өңірлердегі және экономика салаларындағы бәсекелестік деңгейінің оңтайлы моделін айқындау;
4 4) тауар нарықтарын монополияландырудан және экономикалық шоғырландырудан, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеуден туындайтын экономикалық салдарларды болжау болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігімен (Монополияға қарсы агенттік) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) 2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 90 000 000 (тоқсан миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2 2) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) беруді;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1127 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-111-жолмен толықтырылсын:
"21-111. "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ.
2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 305-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік)
305. "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
1 "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1127 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 141 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
"Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" акционерлік қоғамы 100%".