"О предоставлении единовременной социальной помощи врачам, прибывающим на постоянную работу в район имени Габита Мусрепова"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "О предоставлении единовременной социальной помощи врачам, прибывающим на постоянную работу в район имени Габита Мусрепова"
- Атауы (қаз.)
- "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға тұрақты жұмыс орнына келген дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету"
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 319
- Қабылданған күні
- 14.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2021 42562_510368.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SE000085
- ЭКБ идентификаторы
- 42562
- Редакция идентификаторы
- 42562_510368
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:36
0 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға тұрақты жұмыс орнына келген дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету"
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға тұрақты жұмыс орнына келген жоғарғы медициналық білімі бар дәрігерлерге 200 000 (екі жүз мың) теңгеден, 451-007-000 бағдарлама бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті алу үшін дәрігерлер «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекттік мекемесіне (одан әрі - өкілетті орган) тұрғылықты жері бойынша келесі құжаттарды тапсырады:
1 1) бекітілген түрдегі өтініш;
2 2) жеке бас құжатының көшірмесі;
3 3) білімі туралы құжатының көшірмесі;
4 4) келісім-шарттың көшірмесі;
5 5) медициналық жоғары оқу орындарын бітірушілер үшін жолдаманың көшірмесі;
6 6) жұмыс орнынан анықтама;
7 7) тұратын жерінен анықтама.
Бір жолғы әлеуметтік көмекті алу үшін керекті құжаттар түпнұсқасында және көшірмесі түрінде салыстыру үшін тапсырылады, соңында түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өкілетті органның қызметшілері құжаттардың көшірмелерін бекітеді, тіркеу журналына өтінішті қосылған құжаттармен тіркейді.
Өкілетті орган іс қағазын қалыптастырады және біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік көмек бір рет, басқа көмектерге қарамай, тағайындалады.
Өкілетті орган бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін ведомость-тізімді 2 данада қалыптастырады.
Бір жолғы әлеуметтік көмектің төленуі Қазақстан Республикасы Халық Банкісінің лицензиясы бар екінші дәрежедегі банк бөлімшелері, Қазақстан Республикасы қаржы рыногын қадағалау және реттеу Агентствосының лицензиясы бар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық пошта байланыс торабы «Қазпошта» акционерлік қоғамы және қаржы ұйымдарының азаматтардың жеке шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Екінші дәрежедегі банктер немесе Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық пошта байланыс торабы «Қазпошта» акционерлік қоғам шарт негізінде алушылардың жеке шотына аударылады.
Біржолғы әлеуметтік көмек «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке дәрежедегі қажет ететін азаматтарға» 451-007-000 бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізіледі.