Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по оказанию материальной помощи участникам Курской битвы

Қаулы · № 1994 · қабылданған 10.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42569/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по оказанию материальной помощи участникам Курской битвы Күшін жойған Қаулы ·№ 1994 ·10.11.2008
10.11.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по оказанию материальной помощи участникам Курской битвы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1994 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по оказанию материальной помощи участникам Курской битвы
Атауы (қаз.)
Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1994
Қабылданған күні
10.11.2008
Көрсетілген редакция
10.11.2008 42569_185519.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VA000095
ЭКБ идентификаторы
42569
Редакция идентификаторы
42569_185519
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:38

0 Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына , "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабына сәйкес және Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 16 қазандағы № 10/5 "2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4/3 "2008 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімін ескере отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-93 нөмірмен тіркелген, Кеңес жауынгерлерінің Курск шайқасындағы (1943 жыл 12 шілде – 23 тамыз) жеңісінің 65 жылдығына байланысты, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланған күннен кейін енгізіледі.

3 Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету бойынша Нұсқаулық

Қалалық әкімдіктің
2008 жылғы 10 қарашадағы
№ 1994 қаулысымен
бекітілген
Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету бойынша
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқаулық Курск шайқасына қатысушыларға материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – материалдық көмек) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнамаларды қолдануды нақтылайды.

2 2. Материалдық көмек Өскемен қаласында тұрақты тұратын, "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Өскемен қалалық филиалы ұсынған тізім бойынша Курск шайқасына қатысушыларға (бұдан әрі – қатысушылар) бір рет төленеді.

3 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі және мөлшері

3. Материалдық көмек төлеу 451.007.000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша қалалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі және мөлшері

4 4. Қатысушылар "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) материалдық көмек көрсету туралы өтініш;

2 2) жеке тұлғаны растайтын құжат;

3 3) мәртебесін растайтын құжат (Курск доғасы шайқасына қатысушы);

4 4) тұрғылықты мекенжайын растайтын құжат;

5 5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

5 5. Материалдық көмек алу үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, салыстырғаннан кейін түпнұсқа құжаттар өтініш иесіне қайтарылып беріледі.

6 3. Төлеу тәртібі

6. Материалдық көмек мөлшері 2000 теңгені құрайды және отбасының кірісінен тыс тағайындалады.
3. Төлеу тәртібі

7 7. Материалдық көмек "Қазпочта" акционерлік қоғамымен өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу арқылы төленеді.

Қолданыстағы