Ұзынкөл ауылдық округінің аумағына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы
ҚАЗҰзынкөл ауылдық округінің аумағына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ұзынкөл ауылдық округінің аумағына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ұзынкөл ауылдық округінің аумағына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 319
- Қабылданған күні
- 03.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2008 · қолданыстағы 42635_318758.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZF000078
- ЭКБ идентификаторы
- 42635
- Редакция идентификаторы
- 42635_318758
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:29
0 Ұзынкөл ауылдық округінің аумағына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2008 жылғы 3 желтоқсандағы №590 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ірі қара малдары арасына қарасан ауруының тіркелуіне байланысты Ұзынкөл ауылдық округінің аумағына карантиндік режим енгізілсін.
2 2. Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының ұсынысы бойынша Ұзынкөл ауылдық округінде тіркелген ірі қара малдары арасында қарасан ауруының ошағын жою жөнінде шектеу іс-шаралары №1 қосымшаға сай бекітілсін.
3 3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ұзынкөл ауылдық округінде тіркелген ірі қара малдары арасында қарасан ауруының ошағын жою жөнінде шектеу іс-шаралары
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 319 қаулысына
№1 қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы №319 қаулысымен
бекітілді
Ұзынкөл ауылдық округінде тіркелген ірі қара малдары арасында қарасан ауруының ошағын жою жөнінде шектеу іс-шаралары
р/с
Іс-шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Жауаптылар
1. Ұйымдастыру-шаруашылық шаралар
1
Жәнібек-Ұзынкөл бағытындағы автожолына күзет қою.
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімшілік аумағынан шығар жерде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру.
Шұғыл түрде карантин мерзімі алынғанша
Аудандық ішкі істер бөлімі,
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі, ҚР АШМ Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
2
Ауылдық округінің аумағынан мал және мал өнімдерімен мал азығын, малдарды орын ауыстыру, кіргізіп, шығару жұмыстарына тыйым салу.
Карантин
кезеңінде
Аудандық ішкі істер бөлімі,
ҚР АШМ Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
3
Малдарды етке союға, өлген малды жарып қарауға және терісін алуға, ветеринарлық хирургиялық жұмыстарды жүргізуге тыйым салу.
Карантин
кезеңінде
ҚР АШМ Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
4
Ауырған малдың және вакцинделген малдардың сүтін пайдалануға тыйым салу.
Карантин кезеңінде
II. Ветеринарлық-санитарлық шаралар.
1
Карантинделген аумақтың
мал қораларын, қолданылған
құралдарды тазартып және
өлген малдардың орнын бұқырлау
Карантин кезеңінде
Ұзынкөл ауылдық
округінің әкімі,
ҚР АТІІМ Жәнібек
аудандық аумақтық инспекциясы
2
Қарасан ауруынан өлген мал өлекселерін, ауру малдан алынған өнімдерді (сойылған жағдайда) арнайы жабдықталған мал молаларында өртеу жолымен залалсыздандыру.
Карантин кезеңінде
Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі, ҚР АШМ Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
III. Арнайы ветеринарлық шаралар
1
Қолайсыз малдарға күн сайын клиникалық байқау жүргізу.
Карантин кезеңінде
ҚР АШМ Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі
2
Ауру және күдікті малдарды бөліктеп, антибиотиктермен емдеу
Карантин кезеңінде
3
Қолайсыз аумақта малдар арасында соңғы шығын шыққан кезден 14 күн ішінде мал шығыны тіркелмеген жағдайда карантинді алу жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру
ҚР АШМ Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы