Қолданыстағы ред. 29.10.2008 (Редакция 42673_351437.kaz)

Махамбет ауданы бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы от 29.10.2008 г. № 429 (Махамбет ауданы бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы)

0

Махамбет ауданы бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №48 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Махамбет ауданы бойынша елді мекеннің қоғамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртбін жүргізу, жер уаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру, ережесі бекітілсін.

2

2. Селолық округ әкімдері осы Ереженің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Арыстановқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

Аудандық әкімиятының 2008
жылғы «29» қазан № 429
қаулысымен бекітілген
Махамбет ауданы бойынша елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргіз, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру, ережесін бекіту туралы
Көшелерге, даңғылдарға атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру, көрсеткілерді орнату және пайдалану ережесі (бұдан әрі-Ереже) алаңдарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, қысқа көшелерге, саябақтарға, шағынгүлбақтарға, көпірлерге атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану талаптарын анықтауды бірыңғай тәртіпке келтіру мақсатында берілген.

1. 1-бөлім. Негізгі ережелер.

1-бөлім. Негізгі ережелер.

1. 1. Тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

1. Тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

1

1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: мекен-жай Махамбет ауданының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, құрылыстың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің құрылымдық сипаттамасы;
саяжол-негізгі және қосарлас жаяу жүргіншілер көшесі немесе еңбек орындарымен, қызмет көрсету мекемелерімен және кәсіпорындарымен жаяу жүргіншілер байланысын қамтамасыз ететін, оның ішінде қоғамдық орталықтар, демалыс орындары және қоғамдық аялдама пункттері шегіндегі жол;
желекжол-жергілікті маңызы бар көше немесе жол, орман-саябақ желектерімен, жаяу жүргіншілер жолдарымен бөлінген қарсы көліктік ағындар;
қосып салынған объектілер-ғимараттар мен құрылыстарды ғимараттардың қасиетін қайта жаңартпай және жеке кіру жасамай ұйымдастырылған объектілер, ғимараттың (құрылыстың) қайта құрылған бөлігінің функционалдық маңызы өзгеруі мүмкін.
ғимарат-функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы да басқаларды орналастыруға және сақтауға пайдаланатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жер орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
инвестор-кәсіпорынның бейнесі жарнамасы (өнім) бір уақытта орналастыруы арқылы өз есебімен көше атауларының көрсеткілерін және ғимараттардың (құрылыстың) реттік нөмірлерін әзірлеуге және орнатуға ниет білдірген тұлға;
Қала құрылысы элементінің санаты-функционалдық қала құрылысы нысанын және объектінің (шағын аудан, ғимарат, құрылыс, көпір, көлік айырымы (айналым), фонта, тас жол, даңғыл, көше, желекжол, саяжол, өту жолы, тұйық және басқалар) сипаттайтын қала құрылысы элементінің бөлінбес бөлігі;
орам-магистральды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыстың құрылымдық бөлшегі;
Көшелермен және жолдармен тәртіп бойынша бір деңгейде қиылысады;
Жалпы қалалық маңызы бар магистральды көшелер;
үзіліссіз қозғалыстар-тұрғын, өндірістік селолық округтер мен аудан орталығы, сондай-ақ басқа да магистральды көшелермен, селолық және сыртқы автокөліктік жолдар арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар. Көліктердің қозғалысын түрлі деңгейдегі бағыттар негізінде қамтамасыз етеді;
реттелген қозғалыс-тұрғын, өндірістік аудандар мен қаланың орталығы, жоспарланған селолық округтер арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар; магистральды көшелермен жолдарға және сыртқы автокөлік жолдарына шығу. Магистральды көшелермен және жолдармен тәртіп бойынша бір деңгейде қиылысады.
шағын аудан-қаланы қалыптастыратын, магистральды көшелермен бөлінген, белгіленген шекарада, не болмаса қоныстану, немесе өндірістік не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі;
атау-шағын аудандарға, көшелерге, аландарға берілген, оларды бөлу және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
ономастикалық комиссия-географиялық объектілер атауларының бір жүйеге келуін қалыптастыру, атауларды пайдалану мен есептеуді реттеу, тарихи атауларды Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени ономастикалық комиссия-географиялық объектілер атауларының бір жүйеге келуін қалыптастыру, атауларды пайдалану мен есептеуді реттеу, тарихи атауларды Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұраларының құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыру және сақтау мақсатында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін құрылатын консультативті-кеңістік орган;
сәулет органы-сәулет және қала құрылысы саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
Тілдер жөніндегі орган-тілдер дамыту саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
саябақ-қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы кемінде он гектар халықтың жаппай демалуына арналған жалпы қоныстағы селолық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекараларымен анықталған;
өту жолы-көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және екі көше арасындағы (екі «т» тәрізді қысқа көшелер құрайды) көлікті байланысты қамтамасыз ететін ауданішілік, шағын ауданішілік, орамшілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
объектінің реттік нөмірі-объект мекен-жайының құрылымдық элементі әріп және (немесе) бөлшек қосылуы мүмкін цифрлар тізбегінен тұратын, қандай да бір құрылымдық бөлшекке тән белгісінің негізінде (көшеге, шағын ауданға және т.б) берілетін объектінің қарапайым бөлшегі;
жапсарлас бөлшектер-ғимаратқа және құрылыстарға жапсаржай салу жолымен ғимараттарда, құрылыстарда ұйымдастырылған объектілер, бұл жағдайда, дербес функционалдық мақсатта пайдаланылады;
түбегейлі жоспарлау жобасы (ТЖЖ)-бас жоспары негізінде орындалған аумақ құрылысының функционалдық-қала құрылысы аймақтандыруды; қызыл сызықтарды және құрылысты реттеу сызықтарын; тұрғындарға әлеуметтік мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервілеуді; көше-жол торабын және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, инженерлік коммуникациялардың транссировкасын; көшелердің тік пішіндерін; аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды, бұқаралық қала құрылысы сервитуттарын және өзге де талаптарды анықтап, аумақты ұйымдастыруды жоспарлаудың негізгі бағыттарын және өзге де талаптарды анықтап, аумақты ұйымдастыруды жоспарлаудың негізгі бағыттарын белгілейтін аумақ құрылысын жоспарлау жобасы;
өндірістік аумақ – өнеркәсіптік кәсіпорындарды және солармен байланысты объектілерді орналастыруға арналған аумақ, тәжірибелік өндірістермен бірге ғылыми мекемелердің, коммуналдық – қоймалық объектілердің, сыртқы көліктер құрылыстарының кешені;
Селолық округтер – әкімшілік-аумақтық құрылымдар туралы заңнамаларға сәйкес белгіленген Махамбет ауданның құрамындағы әкімшілік – аумақтық бірлік;
тұрғын – жай ауданның бағы - саябақ – селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы үштен он гектарға дейінгі халықтың жаппай демалуына арналған жалпы қолданыстағы селолық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекаралармен анықталған;
санитарлық – қорғаныш аймағы – арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай – ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй – азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
қоныстану аумағы – тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және оңалту аймақтарын, сондай – ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымының жекелеген бөліктерін, орналасуы мен қызметі арнаулы санитарлық қорғаныш аймақтарын талап етуге әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
шағынгүлбақ – селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы кемінде үш гектар халықтың жаппай демалуына арналған жалпы қолданыстағы селолық аумақтық көгалдандыруға негізделген тұйық шекаралармен анықталған;
құрылыс – табиғи және жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үрдістерді орындауға, сондай – ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай – ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті су беті және немесе жер асты, су асты) объект. Құрылыс көркемдік – эстетикалық, әшекейлі – қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
трасса, тас жол – магистральды жол немесе халықаралық көлік байланыстарын қамтамасыз ететін село шегіндегі магистральды көше;
тұйық – көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы (бір «т» тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты құрмайтын селоішілік, шағын ауданішілік, орамішілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
көше – магистральды көше, жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар;
саябақ жолдары – жеңіл автокөліктердің қозғалысы үшін қолайлы саябақтар мен орман саябақтары аумақтары шегінде көліктік байланысты қамтамасыз етуші жолдар;
жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдары – еңбек, қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының орындары, қоғамдық көліктердің демалу және аялдау орындары арасында жаяу байланыстарды қамтамасыз етуші жолдар;
өткелдер – тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және аудандардың, шағын аудандарының, орамдардың ішіндегі қалалық құрылыстардың өзге объектілеріне көлік құралдарымен жол жүруді қамтамасыз етуші жолдар;
ғылыми – өндірістік, өнеркәсіптік және коммуналдық – қоймалық аймақтардағы (аудандар) көшелер мен жолдар – аймақтар (аудандар) шегінде жеңіл және жүк көліктеріне қолайлы көліктік байланысты, магистральды қалалық жолдарға шығуды қамтамасыз етуші жолдар. Көшелермен және жолдармен қиылыс бір деңгейде белгіленеді;
көрсеткі – жарық түсіретін, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектілерді, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе құрылыстың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін белгіленген түсіндірме жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгіленген түрлі – түсті бейне;
қаланың бөлігі желекжолдар, көшелер, қысқа көшелер, саябақтар, шағынгүлбақтар басқа да құрамдас бөліктері. Осы Ережеде селоның бөліктері деп әлеуметтік маңызы бар объектілер (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және т.б.) айтылуы мүмкін.

2. 2-тарау. Көрсеткілерді орналастыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу

2-тарау. Көрсеткілерді орналастыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу

2

2. Көшелерге, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру, көрсеткілерді орнату және пайдалану, оларды ретке келтіруді мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады:

1

1) сәулет органдары;

2

2) тілдер жөніндегі орган;

3

3. Сәулет органының мынандай өкілеттіктері бар:
реттік нөмірі жоқ ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді анықтап, оларға өз бұйрығымен реттік нөмір береді;
атауы жоқ көшелер тізімін; атаулары ұқсас көшелер тізімін; жылжымайтын мүліктің бұзылуына байланысты атаулары жойылған көше тізімін қалыптастырады және оларды қайта атау беру жөніндегіұсыныстарын білдіреді;
атау беру кезінде пайдаланатын жолдар мен көшелер санатын қоса алғанда, атау беруге немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын анықтайды;
тапсырысшының жобалау құжаттамасының құрамына әзірлеуге және жобаланған ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттеріне, жобаланған көшелердің қиылыстарында ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерін орнатуға арналған шығындардың енгізілуін бақылау;
көшелер мен шағын аудандар көрсеткілерінің, ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің нобайын келіседі;
көшелер мен шағын аудандар көрсеткілерінің, ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің тапсырысшы әзірлейтін жобалық құжаттама құрамына енгізілген басқа да көрсеткілердің нобайын келіседі;
жылжымайтын мүлікпен мәмілені, село бөлігіне атау беру және (немесе) өзгерту туралы ақпаратты, жекелеген объектілерге реттік нөмір беру және (немесе) өзгерту туралы бұйрықтар көшірмелерін тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсыну;
объектілердің реттік нөмірлері мен көрсеткілерін дайындау және орнату құқығын беру жөнінде конкурс өткізу.

4

4. Тілдер жөніндегі органның мынадай өкілеттіктері бар:
Көшелердің және т.б белгіленген атауларының бейнелеу дұрыстығын, олардың нормалармен сәйкестігін, сондай – ақ көрсеткілерде белгіленген атауларының транскрипциясының бейнелену дұрыстығын бақылайды;
Көшелер мен шағын аудандар көрсеткілерінің ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің, тапсырысшы әзірлейтін жобалау құжаттамасының құрамына енгізілген басқа да көрсеткілерінің белгіленген атауларының көрсеткілерінде ақпараттың жазылу сәйкестігін және олардың транскрипциясының дұрыстығын келіседі.

5

5. Осы тарауда аталған мемлекеттік органдар ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерін, көшелер мен шағын аудандар атауларын көрсеткілерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткілерін орнату және пайдалану саласындағы өзге де қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүзеге асыра алады.

3. 3-тарау. Көшелерге атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі

3-тарау. Көшелерге атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі

6

6. Атаулар оларды бөлуге және оларды кеңістікте таңуды қамтамасыз ету үшін беріледі.

7

7. Атау беру мынандай кезеңдермен жүргізіледі:

1

1) сәулет органы тілдер жөніндегі органға қаланың атаулары жоқ, не болмаса атаулары бірдей бөліктерінің тізбесін жібереді. Аталған тізбемен бірге сәулет органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (олар бар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады;

2

2) тілдер жөніндегі орган қала құрылыс объектісіне атау беру немесе қайта атау мәселесі бойынша өтініштер түскен сәттен бастап 15 күн ішінде қала бөліктеріне атау беру (қайта атау) мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссия мәжілісін (мәжілістерін) ұйымдастырады;

3

3) ономастикалық комиссия тілдер жөніндегі органға материалдар ұсынған сәттен бастап 30 күн ішінде әкімиятқа және мәслихатқа қала құрылысы элементтері бойынша атау беру (қайта атау) жөнінде ұсыныс жасауға шешім қабылдайды;

4

4) Әкімият ономастикалық комиссия қалақұрылысы элементтеріне атау беру жөніндегі ұсыныстармен келіседі және мәслихаттың қарауына атауларды бекіту туралы ұсыныстар енгізеді, не болмаса ұсынылған ұсынымдармен келіспейді және тілдер жөніндегі органға материалды (толық немесе бөлшектеп) қайтарады;

5

5) Маслихат әкімияттың атау беру жөніндегі шешімімен келіседі және атауларды бекітеді, не болмаса әкімияттың шешімімен келіспейді және материалды (толық немесе бөлшектеп) әкімиятқа қайтарады.

6

6) әкімият пен мәслихаттың атау беру (қайта атау) туралы шешімдері қала құрылысы бөліктерінің кеңістік ережесі құбылысының міндетті қосымшасы мен оның шекараларын нақты анықтай отырып мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға жеткізіледі.
Әкімияттың және мәслихаттың білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да мекемелеріне атау беру туралы бірлескен шешім атау беру туралы өтініммен бірге, Махамбет аудандық әкімияты жанындағы аудандық ономастикалық комиссияға жіберіледі.

8

8. Елді мекеннің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді.

9

9. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар және т.б.) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол берілмейді.

10

10. Елді мекендер аумақтарын кезең – кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементіне оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген учаскелерге бөлуге жол беріледі.

4. 4-тарау. Ономастикалық комиссия.

4-тарау. Ономастикалық комиссия.
1. Ономастикалық комиссияның құрамы, оның жұмысын ұйымдастыру.

11

11. Әкімият ономастикалық комиссияны бестен тоғыз адамға дейінгі так сандармен құрады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды және оның шешім қабылдайтын кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Ономастикалық комиссиясының жұмыс органы тілдер жөніндегі орган болып табылады.

12

12. Ономастикалық комиссияның мәжілісі қажет болған кезде жүргізіледі және жұмыс органымен шақырылады.

13. 2. Ономастикалық комиссияның өкілеттігі, шешім қабылдаудың тәртібі

13. Ономастикалық комиссияның хатшысы болып жұмыс органының қызметі тағайындалады. Ономастикалық комиссияның хатшысы ономастикалық комиссия мүшелерін шақыруды қамтамасыз етеді, ономастикалық комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, өзге де мәселелерді шешеді.
2. Ономастикалық комиссияның өкілеттігі, шешім қабылдаудың тәртібі

14

14. Ономастикалық комиссия мынандай өкілеттіліктерді жүзеге асырады:

1

1) елді мекендердің бөліктеріне атау беруге (қайта атау) қатысты заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарау;

2

2) Әкімият пен мәслихатқа елді мекендердің бөліктеріне атау беруді (қайта атау) ұсыну;

3

3) Әкімият пен мәслихатқа елді мекендердің бөлігі атауының транскрипциясын нақтылауды ұсыну.

15

15. Ономастикалық комиссия сондай-ақ карталар, атластар, құру, анықтамалық әдебиеттер шығару барысында туындаған мәселелерді шешуде өтеусіз негізгі мүдделі ұйымдарға консультациялық көмек беруге құқылы.

16

16. Комиссияның шешімдері жай дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

17

17. Комиссияның шешімдері дауыс беру кезінде оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса құқықты болып саналады. Ономастикалық комиссия мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқылары жоқ.

2. 2-бөлім. Махамбет ауданы елді мекендерінің жер учаскелеріне, ғимараттарына және құрылыстарына реттік нөмір беру және көрсеткілер орнату және пайдалану

2-бөлім. Махамбет ауданы елді мекендерінің жер учаскелеріне, ғимараттарына және құрылыстарына реттік нөмір беру және көрсеткілер орнату және пайдалану

18

18. Жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлеу беру, көрсеткілері орнату және пайдалану Махамбет ауданының аумақтарында шағын аудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да объектілердің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесі қалыптастыруға арналған.

19

19. Махамбет ауданының аумағында орналасқан әрбір жер учаскесі, ғимараттар мен құрылыстардың өзінің бірегей мекен-жайы болуы керек.

20

20. Осы Ережеге сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүліктің объектілері:

1

1) жер учаскелері (игерілмеген және құрылыс салынған);

2

2) ғимараттар;

3

3) құрылыстар болып табылады.

21

21. үйлерді, ғимараттары мен құрылыстар қасбеттерінде, даңғылдардың, көшелердің қысқа көшелердің қиылыстарындағы алаңдардың периметрлерімен бойынша көрсеткілердің мынадай үлгілері орналасады:
көше атауларының көрсеткіштері (1,2,3 санаттар);
шағын аудандар атауларының көрсеткіштері (1,2 санаттар);
тікелей қиылыстарда (қиылысу орны) орналасқан көше атауларының бұрыштамалық көрсеткіштері;
ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері (1,2,3 санаттар).

22

22. Ғимараттардың құрылыстардың реттік нөмірлерінің көрсеткілері, Махамбет ауданының елді мекендерінде орналасқан көшелердің шағын аудандардың, көше атауларының бұрыштық көрсеткілері міндетті тәртіпте осы Ережемен және белгіленген тәртіпте бекітілген үлгілік тұрпатпен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

5. 5-тарау. Реттік нөмірлер берудегі талаптар

5-тарау. Реттік нөмірлер берудегі талаптар

23

23. Ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, құрылыстардың, жер учаскелерінің реттік нөмірлері-цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А, Б, В, Г, және т.б. есімдік болатын әріптерді, мысалы «Я» әріпі) алфавиттердің қазақ әріптері (Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, h) және айтылуы қиын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әріптерді қосылуы мүмкін (Ң, З, Й, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қоспағанда, немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы белгіленетін объектілер мекен-жайларының деректемелері.

24

24. Әріптер ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, құрылыстардың, реттік нөмірлеріне егер бір жер учаскесіне екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімі бар немесе бір сәулеттік құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, құрылыстар орналасқан (бар болса) болса, әріптер қосылады.

25

25. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе ғимарат орамның ішінде орналасып, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың бірде бір қасбеті қалалық магистральға шықпаса, онда ғимараттардың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі бөлек белгісі арқылы қосымша толық сандармен толықтырылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі қабылданады.

26

26. Ғимараттардың, орын-жайлардың және өзге де жасанды құрылымдардың мекен-жайларына мынадай міндетті деректемелер: көше атауларының, ғимараттардың реттік нөмірлері кіреді.

27

27. Жер учаскелеріне мынадай міндетті беректемелер: көше атау немесе шағын атаулардың жер учаскесінің реттік нөмірі кіретін шартты мекен-жай беріледі.

28

28. Объект мекен-жайының құрылымы объектісінің түрімен және ғимараттардың жер учаскесінің жергілікті жердегі географиялық жағдайымен анықталады.

29

29. Реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасу аты объектінің мекен-жайына қосылуы мүмкін.

30

30. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, ғимараттардың реттік нөмірі сәулет органының мәліметтеріне сәйкес объектінің реттік нөмірі алдын-алв келісу бойынша жобалауға, ие болмаса құрылыс салуға жер учаскесін бөлу туралы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді.
Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, құрылыстың реттік нөмірі сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланың бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.

31

31. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстікке қарай жүргізіледі.

32

32. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша так сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.

33

33. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша нөмірі беріледі.

34

34. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың бас қасбеті шығатын көше бойынша реттік нөмірі беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі қасбеті шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмірі беріледі. Егер ғимараттың басты касбеті ауланың ішінде орналасқан болса, ғимараттың бойына жанасқан көшеге реттік нөмір беріледі.
35.Алаң приметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір беру орталық жақтан бас магистральдан бастап сағат тілі бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимарат бас қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуір болған жағдайда оны нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүзеге асырылады.

36

36. Қала аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы Ереженің 36,37-тармақтарын орындау мүмкін болмаған кезде, осы аумақтарға ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.

37

37. Жер учаскесінің аумағында негізгі көшелер анықталады, оған сәйкес осы аумақта орналасқан ғимараттар, құрылыстар нөмірленеді. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген топталымымен анықталады.

38

38. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, құрылыстарға, негізгі ғимараттың нөмірі және Ережеге сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. «Корпус» немесе «құрылым» көрсеткілері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жері учаскесі аумағының функционалдық пайдалануын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.

39

39. Ғимараттарды нөмірлеу бас ғимараттардың орналасуын ескеріп, жер учаскемінің аумағына бас кіреберісінен басталады.

40

40. Жеке және заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін салған жағдайда әр объектіге корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса, сол реттік нөмір беріледі.

41

41. Тізбектегі нөмірмен нөмірленген екі ғимараттың, құрылымдардың арасында орналасқан ғимараттарды нөмірлеуді тиісті объектінің төменгі нөмірін осы Ережелере сәйкес әріп немесе бөлшек қосып жүргізу керек.

42

42. Дербес объектілердің (ғимараттар, құрылыстар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір беріледі.

43

43. Қоршауларды, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәріздес объектілерді есептемегенде, құрылыстардың (негізгі ғимарат болмаған жағдайда) реттік нөмірі «құр» көрсеткі мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.

44

44. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне аталған жер учаскесінің шегінде салынған ғимаратқа, имаратқа нөмір беріледі.

45

45. Бір жерт учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, құрылыстар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, құрылыстыннөмірі беріледі.
Игерілмеген жер учаскесіне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы қажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскесінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, алаңдар және т.б.) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.

46

46. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағынан жаңа ғимарат, орын-жай салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмірі беріледі.

47

47. Жаңадан тұрғызылған ғимараттың (құрылыстың) реттік нөмірі және қолданыстағы объектілердің реттік нөміріне өзгерістер енгізу ТЖЖ және ҚАЖ деректері негізінде сәулет органымен жүзеге асырылады.

48

48. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен құрылыстар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол берілмейді.

6. 6-тарау. Мекен-жай құрылымының стандарты

6-тарау. Мекен-жай құрылымының стандарты

49

49. Объектінің мекен-жай құрылымы мына талаптарға сай келуі тиіс:
мекен-жай деректемелері жазудың қатаң белгіленген тізбектелуі немесе дедуктивті тәсілмен көрсетіледі (жалпыдан жекеге);
«мекен-жай» терминінен соң «:» (қос нүкте) бөлушіден кейін көрсетілген деректемелерден құралған мәтін бөлігі объектінің мекен-жайы болып табылады;
объектінің мекен-жайы мемлекеттік,орыс тілдерінде және басқа тілдерде жазылады;
объектінің мекен-жайын жазған кезде қала құрылысы бөлшегінің санатын қысқартып жазуға болады:
аудан – (ауд)
шағын аудан – (ш.ауд);
алаң – (ал.)
тас жол – (тас.ж);
трасса – (тр);
даңғыл –(даңғ.);
көше – (к-сі);
желекжол – (жел.ж.);
саяжол – (сая.ж.);
өту жолы – (өту.ж);
қысқа көше – (қыс.к);
тұйық көше – (тұй.к);
объектінің мекен-жайы жазылған кезде қала және әкімшілік ауданның атауы көрсетілген мекен-жайды толық мазмұндауға жол беріледі, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ), аудан (ауд) жазуға жол беріледі:
мекен-жайды жазу кезінде қала құрылысы бөлшегінің (шағын ауданы, алаңы, көшесі және тағы басқалар) бекітілген атауы толық көрсетілуі тиіс.

50

50. Қаланың бірнеше бөліктеріне қатысты бір объектіге бірнеше мекен-жайлар беруге жол берілмейді.

7. 7-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмір көрсеткілерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткілерін орнатуға қойылатын талаптар.

7-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмір көрсеткілерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткілерін орнатуға қойылатын талаптар.

1. 1. Жалпы талаптар

1. Жалпы талаптар

51

51. Ғимараттар мен құрылыстардың нөмірлерінің көрсеткілері, үй қасбеттеріндегі көшелер мен шағын аудандардың атаулары мына тәртіппен орнатылады.

1

1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде:
тапсырысшы беруші ҚАЖ негізінде ғимаратқа (құрылысқа) реттік нөмір беретін сәулет органына өтініш білдіреді және мекен-жай беруге жататын объекті географиялық бекітілген (ғимарат, құрылыс) даңғылдық, желек-жолдың, көшенің дұрыс атауын анықтайды;
сәулет органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырысшы өз қаражаты есебінен алдын ала келісім бойынша сәулет органымен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына шағын ауданның және (немесе) көше көрсеткісін, ғимараттың (құрылыстың) реттік нөмірінің көрсеткіші ғимараттың реттік нөмірінің көрсеткісін осы Ережеге талаптарына сәйкес көше, шағын аудандар атауларының көрсеткілерін дайындайды және орнатады;

2

2) ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің, көшелер мен шағын аудандардың атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, құрылыстардың реттік нөмірлерінің тиісті көрсеткілерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін және өзге де көрсеткілерін айырбастауды және орнатуды ҚАЖ мәліметтері негізінде сыртқы жарнама және безендіру жөніндегі орган жүзеге асырады.

52

52. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін орнату мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ және инвесторлар қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

53

53. Ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерінің, салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың қасбетіндегі көшелер мен шағын аудандар атаулары көрсеткілернің орнатылуына және дұрыс салынуына тапсырысшылар жауапкершілік алады.

54

54. Қасбеттерінде көрсеткілер орнатылған ғимараттарды (құрылыстарды) бұзғанда көрсеткінің құны ғимаратты (құрылысты) бұзу жөніндегі шығындар құрамына енгізіледі және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат (құрылыс) белгіленген тәртіппен меншік иесіне (пайдаланушыға және баланс ұстаушыға т.б.) қайтарылады.

55

55. Бірнеше бұзылған ғимараттардың орындарына салынған ғимараттар (құрылыс) қасбеттерінде көрсеткілер осы Ереженің шарттарына сәйкес сәулет органының келісім бойынша орнатылады.

56

56. Көрсеткілер жол белгілері, сыртқы жарнама құралдары және бар бір тіреуішке тіреке құрылысқа орнатылмауы тиіс. Көрсеткілерді бағдаршам тіреуішіне орнатуға жол берілмейді.

57

57. Көрсеткілер тәулік уақытынан тәуелсіз ажыратылуы тиіс.

2. 2. Көше атауларының көрсеткілері

2. Көше атауларының көрсеткілері

58

58. Көше атауларының көрсеткілері қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылады.

59

59. Көше атауларының көрсеткілері жерден 2,5 – тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте қиылысқа шығатын ғимарат немесе құрылыс бұрышынан 25-30 см қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде бес жүз метрді құраса, айрықша болып табылады – көше атауларының екі көрсеткінің арасындағы ара қашықтық айтылған мөлшерден аспауы қажет.

60

60. 1 санаттағы көше атауларының көрсеткілері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы көше атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.

61

61. 2 санаттағы көше атауларының көрсеткіштері 2 санаттағы көше атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті аудандық маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстар қасбеттерінде орнатылады.

62

62. 3 санаттағы көше атауларының көрсеткілері 3 санаттағы көше атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне жататын барлық ғимараттар мен құрылыстар қасбеттерінде орнатылады.

4. 4. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткілері

4. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткілері

63

63. Ғимараттың, құрылыстың реттік нөмір көрсеткісі әрбір ғимараттың және құрылыстардың қасбетінде көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен, ал көшенің оң жағы бойынша жұп сандармен, жерден 2,5 – тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 қашықтықта орналастырылады.

64

64. егер ғимарат, құрылыстың қасбетінде көше немесе шағын аудан атауының көрсеткісі, ғимарат, құрылыстың реттік нөмірінің көрсеткісі көше немесе шағын аудан атауының көрсеткісінен кейін көлденең осы бойынша орнатылады.

65

65. 1 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпы қалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.

66

66. 2 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілері 2 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.

67

67. 2 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірінің көрсеткілері 2 санаттағы ғимараттар немесе құрылыстардың реттік нөмірі көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне жататын барлық ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
Шағын аудандар мен орамдар ішінде 3 санаттағы ғимараттар мен құрылыстар реттік нөмірін көрсеткілері 3 санаттағы ғимараттар, құрылыстар реттік нөмірі көрсеткісінің үлгілік нобайына сәйкес жерден 2,5 – тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 см қашықтықьа, орамішілік жолға шығатын ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орналастырылады.

5. 5. Көше атауларынан бұрыштық көрсеткілері

5. Көше атауларынан бұрыштық көрсеткілері

68

68. Көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан көшелер (аншлагтар) атауларының бұрыштық көрсеткілері көше қиылыстарында (қиылыстарында) орналастырылады және биіктігі 4 метрден аспайтын металл тіректерде орналастырылады.

3. 3. Елді мекендер атауларының көрсеткілерін және реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу тәртібі

3. Елді мекендер атауларының көрсеткілерін және реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу тәртібі

69

69. Елді мекендер атауларының көрсеткілерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу үшін сәулет органы тілдер жөніндегі органның қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрады.

70

70. Комиссия мынадай өкілеттерге ие:

1

1) конкурс өткізу туралы хабарлама мәтінін бекітеді.

2

2) конкурсқа қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдайды;

3

3) қала бөліктері атауларының көрсеткілерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс жеңімпазын анықтайды.

71

71. Конкурс өткізілгенге дейін он күн бұрын жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламада мынадай ақпараттар мазмұндалуы тиіс.

1

1) көрсеткілер орнатылуы тиіс объектілерде қала құрылыс элементінің атауы және дәл орналасқан жері;

2

2) орналасуы тиіс елді мекен атауының және реттік нөмірлері көрсеткіштерінің саны;

3

3) қатысушылардың өтініштерін қабылдау орны және нақты уақыты (конверттерді ашқанға дейін бір сағат уақыт қалғанда);

4

4) конкурсқа қатысушының өтініштері бар конвертті ашу орны, күні және уақыты;

5

5) конкурсқа қатысу үшін кеңес алуға болатын орын және байланыс телефондарын (нобайларға талаптар және т.б.).

72

72. Елді мекендер атауларының көрсеткілерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс қатысушысының өтінішіне мынадай құжаттар мен мәліметтері болуы тиіс.

1

1) конкурсқа қатысушының – заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

2

2) үлгілік нобайларға сәйкес келетін елді мекен атауының көрсеткілерін және реттік нөмірлерінің атауын орналастыруға ұсынылатын нобайлар;

3

3) өзге де ақпараттар.

73

73. Конкурс қорытындысын комиссия конкурс қатысушыларының ұсыныстары бар конверттерді ашқан сәттен бастап жеті күннен кешіктірмей жүргізеді.
Конкурстың бір қатысушысы болған жағдайда өтті деп саналады.

74

74. Конкурс қорытындысын туралы хаттама негізінде сәулет органы елдімекен бөлігі атауларының объектілердің реттік нөмірлерінің көрсеткілерін дайындауға және орнатуға рұқсат береді.

75

75. Жеке және заңды тұлғаның құқығына тиесілі жылжымайтын мүлік объектілерінде бедел жарнамасы мазмұндалған көрсеткілерді орнату оның рұқсаты бойынша жүргізіледі.

76

76. елді мекен бөлігі атауларының көрсеткілерін орнатуға рұқсат инвестордың осы Ереженің талаптарын орындамаған жағдайда сәулет органымен күшін жоюы мүмкін.

9. 9-тарау. Қосымша талаптар

9-тарау. Қосымша талаптар

77

77. Жер учаскелеріне, ғимараттарға және орынжайларға реттік нөмір беру жөніндегі мәліметтер ҚАЖ ақпараттық мәліметтер базасында міндетті тіркелуге жатады.

78

78. Реттік нөмірлер уақытша тұрғыдағы объектілерге, жеке тұлғаның меншігіндегі және (немесе) гараж кооперативінің, қоғамдарды, қаланың инженерлік инфрақұрылым объетілерінің, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берілмейді.

79

79. Уақытша тұрғыдағы объектілердің жеке реттік нөмірі жоқ, бірақ анықтамамен жақын орналасқан объектінің тұрақты реттік нөмірімен олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.

80

80. Гараж кооперативінің, қоғамдардың, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін, тиісті бақ қоғамын құрайтын гараждардың орналасқан жерін анықтау осы кооперативтерді басқару органының шешімімен белгіленеді, бұл әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмірлерді беруді сәулет органдары жүзеге асырады.

81

81. Әзірлейтін және шығаратын ұйымдардың құжаттарда объектілердің реттік нөмірлері туралы мәліметтерді толықтырғанда жер учаскесінің, ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлерін өз еркімен жазуына тыйым салынады.

82

82. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде осы Ереженің талаптары бұзылып, орнатылған көрсеткілер ғимарат иесімен (баланс ұстаушымен) немесе оған қызмет көрсететін тұлғамен, ол болмаған жағдайда – сыртқы жарнама және безендіру органымен бөлшектеуге жатады.

83

83. Ғимараттар мен құрылыстар иелері (баланс ұстаушылары) ғимараттар мен орын – жайлардың реттік нөмірі көрсеткілерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілері түзетілген жағдайда ұстауға міндетті.

84

84. Көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілері, ғимараттар мен орын – жайлардың реттік нөмірі көрсеткілері қатардан шыққан, жоғалған, зақым келген, ескірген жағдайда меншік иелері (баланс ұстаушылар) ауыстыруы қажет.

85

85. Ғимараттар мен орын – жайлар иелері (баланс ұстаушылары) көрсеткіштер орнатылған қызметкерлеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етуі қажет.

3. 3-бөлім. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілерінің реттік нөмірлері өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі

3-бөлім. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілерінің реттік нөмірлері өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі

86

86. Астана қала мәслихаты мен әкімдігінің белгіленген тәртіпте белгіленген қала құрылысы элементтерін (көшелер, шағын аудандар және т.б.) қайта атау туралы бірлескен шешімі, сондай-ақ объектілердің реттік нөмірлерін өзгерту туралы сәулет органның шешімі, сондай-ақ объектілердің реттік нөмірлерін өзгерту туралы сәулет органның шешімі жеке және заңды тұлғалардың оған тиесілі меншікке (шаруашылық жүргізу, жедел басқару) құқығын куәландыратын құжаттарға, белгіленген тәртіпте өзге де құжаттарға өзгерістер енгізуге ынтагерлік білдіруіне негіз болып табылады.

87

87. Құжаттарға аталған өзгерістерді енгізу тіркеу органында мүлікке қатысты қандай да мәлімдемелерді тіркелген сәтте жеке және заңды тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

4. 4-бөлім. Қорытынды ережелер

4-бөлім. Қорытынды ережелер

88

88. Осы Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалардын орындауы үшін міндетті.

89

89. Осы Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.