Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу в Уштобинском, Самаркандском сельских округах

Қаулы · № 30/1 · қабылданған 18.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42699/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу в Уштобинском, Самаркандском сельских округах Күшін жойған Қаулы ·№ 30/1 ·18.11.2008
15.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу в Уштобинском, Самаркандском сельских округах

Күшін жойған Қаулы ·№ 30/1 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу в Уштобинском, Самаркандском сельских округах
Атауы (қаз.)
Үштөбе, Самарқанд селолық округтарында бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/1
Қабылданған күні
18.11.2008
Көрсетілген редакция
15.01.2010 AI42699_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KK000064
ЭКБ идентификаторы
42699
Редакция идентификаторы
AI42699_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:35

0 Үштөбе, Самарқанд селолық округтарында бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының, 10 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 9, 11 бабтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, Бұқар жырау ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының шаруашылықтары мен аулаларында ірі қара және ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының аулаларында ірі қара және ұсақ малдар арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:

1 1) округ аумағына сау малдарды тасымалдауға (әкелуге), тек оларды союға жіберген жағдайдан басқа;

2 2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумақтарға әкету үшін шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сонымен қатар мал және адамдардың топталуына байланысты шаралар өткізуге;

3 3) бруцеллезбен ауырған малдарды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға, көрсетілген малдар тез арада басқа малдардан оқшаулансын және олардың асыл тұқымдығына және өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан, бордақыламай 5 күн мерзім ішінде союға өткізілсін;

3 3. Бруцеллезге бейім малды (оның ішінде асыл тұқымды) сатып алған жағдайда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталынсын және екі рет диагностикалық зерттеулер жүргізілсін.

4 4. Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының әкімдері мемлекеттік ветеринариялық инспекторларға шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға ықпал жасасын.

5 5. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) шектеу іс-шараларын белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз етсін. Ауыл шаруашылығы малдары бруцелімен күресудің және алдын алудың іс-шаралар жоспары әзірленсін.

6 6. Аудандық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясымен (келісім бойынша) бірлесіп, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейтсін.

7

7. Бұқар жырау ауданы бойынша облыстық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық филиалы (келісім бойынша) Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының тұрғындары арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейтсін, бруцеллезбен ауырған, сонымен қатар олармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алсын.

8

8. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 19/2 "Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе селолық округтарында және Ботақара кентінде бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-38, N 27 аудандық "Сарыарқа" газетінде 2007 жылдың 7 шілдесінде жарияланған), 2007 жылғы 23 қыркүйектегі N 30/6 "Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 19/2 "Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе селолық округтарында және Ботақара кентінде бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-46, N 43 аудандық "Сарыарқа" газетінде 2007 жылдың 27 қазанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Манат Сәлімұлы Құрманғалиевқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан бастап күшіне енеді.

Келісілген
Аудандық ішкі істер
басқармасының бастығы
С. Алиев
14.11.2008 ж.
Бұқар жырау ауданы бойынша
Қарағанды облысы мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының
бөлім бастығы
С. Сембаев
14.11.2008 ж.
Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министрлігінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Е. Кусаев
14.11.2008 ж.

Қолданыстағы