О мерах по организации погашения кредиторской задолженности Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Несиелік берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. «1999 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджетіндегі өзгерістер туралы» облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шешімінің 6-1 тармағына сәйкес несиелік берешекті өтеу мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 1999 жылға арналған жергілікті бюджеттегі несиелік берешекті өтеу тәртібі туралы қосылып беріліп отырған ережелер бекітілсін және олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімін алуға енгізілсін.
Тармақ 2
2. Несиелік берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі комиссия) мына құрамда құрылсын: Серік Алтайұлы Құланбаев - облыс әкімінің орынбасары, төраға Мария Александровна Щеглова - облыстық қаржы басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Дулат Телғараұлы Әбенов - Қостанай облыстық өнеркәсіп және сауда департаментінің директоры Мұрат Алтынбайұлы Алтынбаев - Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Ілияс Жақыпбекұлы Бахтыбаев - Қостанай облысының прокуроры (келісім бойынша) Татьяна Дмитриевна Ильина - Қазақстан Республикасының облыстық Қазына басқармасының бастығы (келісім бойынша) Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - облыстық қаржы басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Сақыпжан Жәркенқызы Новикова - облыстық әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Жанжігітұлы Шоланов - облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы
Тармақ 3
3. Осы шешімнің  орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің 1999 жылғы 21 мамырдағы № 134 шешіміне қосымша 1999 жылға жергілікті бюджетке несиелік берешекті өтеу ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы Ереже «Облыстық бюджетке өзгерістер енгізу» 1999 ж. 7 сәуірінен Қостанай облыстық мәслихат кезектен тыс сессиясының шешіміне сәйкес бекітіліп жергілікті бюджеттен қаржыландырып келген мемлекеттік ұйымдарына және кәсіпорындарына таратылады.
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Бұл Ережелер республикалық бюджеттің несиелік берешектерін өтеу үшін бекітілген және жергілікті бюджетке төлем төлеу жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешегін өтеу есебінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдардың несиелік берешегін өтеу тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Өтеу бюджеттік ұйымдардың 1998 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайда қалыптасқан несиелік берешектері және тауарлар мен (жұмыстар, қызметтер) жабдықтаушылардың есеп беру кезеңіне өтелмеген жергілікті бюджеттерде осы мақсаттағы 1999 жылғы қарастырылған сома шегінде 1999 жылдық 31 желтоқсанындағы жағдайына қалыптасқан жергілікті бюджетке төлем жөніндегі негізгі берешекті, өсім және айыппұлды қосқандағы жергілікті бюджетке төлемдер бойынша ғана жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджетке төлем жөніндегі несиелік берешекті өтеуді мынадай жағдайда жүзеге асыру мүмкіндігі бар шаруашылық жүргізуші субъектілер атқара алады: - бюджеттік ұйымдарды тікелей тауарлармен (жұмыспен, қызмет көрсетулермен) жабдықтаушылар; - бюджеттік ұйымдарды тікелей тауарлармен (жұмыспен, қызмет көрсетулермен) жабдықтаушыларды одан әрі жабдықтаушылардың бірі (бұдан әрі жабдықтаушы).
Тармақ 4
4. Облыс әкімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген ұйымдардың несиелік берешегі өтеуге байланысты мәселелерді ретке келтіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатындағы мәселелерді қарастыру жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады. Ұсыныстардың жобалары облыс әкімінің қарауына енгізіледі. Комиссияның ұсыныстары хаттамалармен ресімделеді, оларға комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тарау 2. 2. БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТЕРІН ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
2. БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТЕРІН ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
Тармақ 5
5. Бюджеттік ұйым әрбір тікелей жабдықтаушымен 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайымен өзінің несиелік берешегіне тексеру актісін жасайды. Берген тексеру актісі бойынша несиелік берешектің жалпы сомасы бюджеттік ұйымның 1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайына жылдық.
Тармақ 6
6. Акті бойынша бюджеттік ұйымның несиелік берешегінің көрсетілген сомасының анықтылығына жауапкершілік бюджеттік ұйымның басшысына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Аумақтың қазынашы органдары тексеру актілері мәліметтерінің негізінде әрбір бюджеттік ұйым бойынша 1998 жылдың 31 желтоқсанына несиелік берешектің барлығы туралы № 1 нысанмен анықтамалар құрастырады. Әрбір бюджеттік ұйымның барлық актілеріне бір анықтама жасалады, ол жылдық бухгалтерлік баланстық немесе алғашқы есеп жүргізудің мәліметтерімен салыстырылғаннан кейін аумақтың қазынашы органының, бюджеттік ұйымның басшылары қол қояды және мөрлері басылады. Анықтамалардың үш данасы № 2 нысандағы несиелік берешекті тіркеу журналында бір нөмірмен тіркеледі, журнал нөмірленуге, тігілуге және мастикалық мөрмен мөрленуге тиіс. Журналдағы парақтар саны аумақтың қазынашы органы басшысының қолымен расталады. Анықтаманың нөмірі журналдағы реттік нөмірге сәйкес қойылады. Оның сыртында, анықтамада салық органдарының анықтамасы бойынша ауданның екі таңбалы салықтық коды, бюджеттік ұйымдардың анықтамасы бойынша бюджеттік ұйымның жеті таңбалы коды, тікелей жабдықтаушының реттік нөмірі қойылады. Бұл кодтар тіркеудің арнаулы кодын (тоғыз таңбалы код), тікелей жабдықтаушының реттік нөмірін қалыптастырады.
Тармақ 8
8. Тексеру актілерінің бір данасы қосылған несиелік берешектің сомасын растайтын анықтаманың бір данасы аумақтың қазынашы органында қалады және әрбір бюджеттік ұйымның арнаулы ашылған ісінде сақталады. Аумақтың қазынашы органының жауапты орындаушысы бюджеттік ұйымға несиелік берешектің тіркелгенін растайтын анықтаманың екі данасын және тексеру актілерін бір данадан, актілерге алдын ала қазынашылықтың мөр табанын қоя отырып, қайтарып береді.
Тарау 3. 3. БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТЕРІН ӨТЕУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БЕРУ
3. БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТЕРІН ӨТЕУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БЕРУ
Тармақ 9
9. Бюджеттік ұйым тікелей жабдықтаушылардың жергілікті бюджетке төлем бойынша несиелік берешектері жайында ақпарат сұратады.
Тармақ 10
10. Жергілікті бюджетке төлем бойынша несиелік берешегі бар тікелей жабдықтаушы тіркелген жеріндегі аумақтық салық органынан төлемнің әр түрі бойынша негізгі берешегі, өсімі мен айыппұл көрсетілген несиелік берешегі барлығы туралы анықтама сұратады және оны бюджеттік ұйымға жібереді.
Тармақ 11
11. Салық органы берілген анықтамаларды есепке алу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және мастикалық мөрмен мөрленуге тиіс. Журналдағы парақтар саны салық органы басшысының қолымен расталады. Анықтамада міндетті түрде бюджеттік ұйымның атауы көрсетілген «Бюджеттік ұйымның несиелік берешегін өтеу үшін» белгісі соғылады. Егер тікелей жабдықтаушыдан жергілікті бюджетке төлемдер жөнінен берешектің барлығы туралы бір мезгілде бірнеше бюджеттік ұйым анықтама сұратқан болса, салық органы әрбір бюджеттік ұйым үшін әр түрлі нөмірлермен береді. Мұндай жағдайда бір тікелей жабдықтаушыға берілген анықтамада көрсетілген берешектің жалпы сомасы оның жергілікті бюджетке төлемдер бойынша несиелік берешегінен аспауға тиіс.
Тармақ 12
12. Тікелей жабдықтаушының жергілікті бюджетке төлемдер бойынша несиелік берешегі болмаған жағдайда, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың несиелік берешегі тікелей жабдықтаушының жергілікті бюджетке төлемдерінің сомасынан асып кеткенде, тікелей жабдықтаушы олардың алдында несиелік берешегі бар жабдықтаушылардан, келесі жабдықтаушылардан жергілікті бюджетке несиелік берешектері барлығы туралы ақпарат сұратады. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша несиелік берешектері бар жабдықтаушылар тікелей жабдықтаушыға аумақтың салық органдарының осы Ереженің 11-тармағына сәйкес анықтамаларын береді.
Тармақ 13
13. Тікелей жабдықтаушы салық органының анықтамасында көрсетілген берешек сомасын өзінің анықтама берген жабдықтаушының алдындағы несиелік берешегімен және бюджеттік ұйыммен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешектің сомасымен салыстыра тексереді, жабдықтаушымен несиелік берешегінің салық органының анықтамасында көрсетілген, бірақ бюджеттік ұйымның берген тауарлары (қызметтері, қажет көрсетулері) үшін несиелік берешегі сомасынан аспайтын сомаға тән мөлшерде тікелей жабдықтаушының басшылары қол қойған тексеру актісін 4 дана етіп жасайды. Әрбір тексеру актісі мен салық органдары анықтамасының екі данасы бюджеттік ұйымдарға жіберіледі.
Тармақ 14
14. Бюджеттік ұйым тікелей жабдықтаушы және жабдықтаушының несиелік берешегі барлығы туралы олардың тіркелген жеріндегі салық органдарының анықтамаларында көрсетілген сомаларды тексеру актілерінде сомалармен және өзінің несиелік берешек сомасымен салыстыра отырып тексереді де № 4 нысан бойынша несиелік берешекті өтеудің схемасын осы Ереженің 4 тарауына сәйкес тәртіппен 4 дана етіп жасайды. Тікелей жабдықтаушы және жабдықтаушының тіркелген орнындағы салық органының анықтамасымен расталған берешегінің жалпы сомасы бюджеттік ұйымның несиелік берешегінен аспауға тиіс.
Тармақ 15
15. Бюджеттік ұйым несиелік берешекті өтеу схемасының бір данасын тікелей жабдықтаушы және оның жабдықтаушыларының арасындағы несиелік берешекті тексеру актілерінің қосылып берілген түпнұсқаларымен, жабдықтаушылардың жергілікті бюджетке төлемдері бойынша несиелік берешектерінің барлығы туралы салық органдарының анықтамаларының бір-бір данасымен қосып тіркеуге алу үшін, аумақтың салық органына жібереді. Бюджеттік ұйым тікелей жабдықтаушыға құжаттарды алғаны және оны жабдықтаушыларды өтеу схемасына енгізгені туралы ресми түрде хабарлайды. Тікелей жабдықтаушы бюджеттік ұйымның хабарламасын өтеу схемасына қатысушы өзі тіркелген және жабдықтаушылар тіркелген жердегі салық органдарына жібереді.
Тармақ 16
16. Несиелік берешекті тексеру актісі бюджеттік ұйымға қызмет көрсететін аумақтың қазынашылық органындағы жабдықтаушылардың несиелік берешегін тексеру актісін тіркеу журналында № 4 нысан бойынша тіркеудің арнаулы кодтарымен тіркеледі. Аумақтың қазынашылық органы несиелік берешекті өтеу схемасына қосылып берілетін қажетті құжаттардың барлығын тексереді. Несиелік берешекті өтеу схемасы несиелік берешекті тіркеу журналында № 2 нысан бойынша тіркеледі. Несиелік берешекті өтеудің тіркелген схемасының көшірмесін бюджеттік органға қызмет көрсететін қазынашылық органы есеп айырысуға қатысушы барлық аумақтың қазынашылық органдарына жеткізіледі.
Тармақ 17
17. Есеп айырысуларды жүргізу үшін қазынашылық органдар мынадай шоттар ашады: - қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары жоқ бюджеттік ұйымдарға олардың орналасқан жерлерінде № 2, 2-а нысаны бойынша басқармасының (бағдарламалар-әкімшісі) рұқсатының негізіндегі бюджеттік шоттар; - несиелік берешекті өтеу схемасы негізінде тікелей жабдықтаушы мен жабдықтаушылардың тұрған жерлері бойынша аумақтың қазынашылық органдарындағы несиелік берешекті өтеу схемасына енгізілген тікелей жабдықтаушы және жабдықтаушыларға жұмсау құқынсыз ашылатын ағымдағы шоттар. Ағымдағы шоттар (уақытша) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі Басқармасының 1997 жылдың 4 наурызындағы № 61 қаулысымен «Екінші деңгейдегі банкілерде клиенттердің банкілік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес ресімделген қол қою үлгілерін міндетті түрде қоса берген жағдайда ашылады. Ағымдағы шоттар ашатын қазынашылық органдары осы шоттардың ашылуы жайына бюджеттік ұйымға қызмет көрсетілетін аумақтың қазынашылық органдарына хабарлайды.
Тармақ 18
18. Бюджеттік ұйым жоғары тұрған басқармаға (бағдарламалар-әкімшісіне) белгіленген тәртіппен толтырылған және тіркелген несиелік берешекті өтеу схемасының екі данасын тапсырады. Қажет болған жағдайда басқарманың бюджеттік ұйымнан қосымша құжаттар талап етуіне құқы бар.
Тармақ 19
19. Басқарма алынған схемалар негізінде № 5 нысан бойынша несиелік берешекті өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың тіркелімін жасайды және оны схемалармен бірге қарау үшін облыстық қаржы басқармасына жібереді.
Тарау 4. 4. НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУ СХЕМАСЫН ҚҰРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
4. НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУ СХЕМАСЫН ҚҰРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 20
20. Салық органдарының жабдықтаушылардан жергілікті бюджетке төлемдер бойынша несиелік берешегі барлығы туралы анықтамасын және жабдықтаушылардың несиелік берешегін тексеру актілерін алғаннан кейін, бюджеттік ұйым өзінің тікелей жабдықтаушының алдындағы несиелік берешегімен салыстыра орын тексереді және схемаға кіргізу үшін берешек сомасын анықтайды. Схема жабдықтаушының және жабдықтаушылардың жергілікті бюджетке төлемдер бойынша берешегі саласына, бірақ бюджеттік ұйымның тікелей жабдықтаушы алдындағы несиелік берешегінен аспайтын сомаға жасалады.
Тармақ 21
21. Схема әрбір тікелей жабдықтаушыға жасалады. Тікелей жабдықтаушының жергілікті бюджетке төлемдер бойынша несиелік берешегі болмаған жаздайда схемада есеп айырысуға қатысушы барлық жабдықтаушылар көрсетіледі.
Тармақ 22
22. № 3 нысанның 1 бағанасында тікелей жабдықтаушы алдында несиелік берешек бар экономикалық классификацияның ерекшеліктері, 2 бағанада - әр ерекшелік бойынша несиелік берешектің сомасы көрсетіледі. Тікелей жабдықтаушының жергілікті бюджет алдындағы берешегі 9 бағанада атауы, орналасқан жері және 7 бағанада тікелей жабдықтаушының РНН мен 8 бағанада жергілікті бюджет алдында олар бойынша несиелік берешегі бар кіріс кодтары көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Тікелей жабдықтаушының жергілікті бюджетке төлемдер бойынша несиелік берешегі болмаған және оның басқа жабдықтаушыда болған жағдайында, тікелей жабдықтаушының көрсетілген жабдықтаушы (2 жабдықтаушы) өтеу сомасына сәйкесті несиелік берешегі 4 көрсетіледі. 3 бағанада тікелей жабдықтаушының атауы, орналасқан жері және РНН көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 2 жабдықтаушының өз кезегінде жергілікті бюджет алдында несиелік берешегі болмағанда, бірақ өз кезегінде жергілікті бюджет алдында несиелік берешегі бар 3 жабдықтаушы алдында несиелік берешегі болса, 2 жабдықтаушының 3 жабдықтаушы алдындағы өтеу сомасына сәйкес несиелік берешегі 6 бағанада көрсетіледі. 5 бағанада 2 жабдықтаушының атауы, орналасқан жері және РНН көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Жабдықтаушылардың саны өскен жағдайда республикалық бюджет алдында несиелік берешектері жоқ 2 жабдықтаушыдан басталатын барлық жабдықтаушылар 6 бағанада өтеу сомасын көрсете отырып жол-жолымен 5 бағанада беріледі.
Тармақ 26
26. Жабдықтаушылардың жергілікті бюджет алдындағы несиелік берешегі 7 бағанада атауы, орналасқан жері және салық төлеушінің РНН мен 8 бағанада жергілікті бюджет алдындағы несиелік берешегі бар кірістер коды 9 бағанада көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 2 және 9 бағаналардың сомалары тең болуға және бюджеттік ұйымның қазынашылық органда тіркелген тікелей жабдықтаушының және соңғы жабдықтаушының салық органының анықтамасында көрсетілген жергілікті бюджет алдындағы несиелік берешегі сомасын аспауға тиіс.
Тармақ 28
28. Схемаға олардың негізінде акт жасалатын барлық құжаттар қоса беріледі: - жабдықтаушылардың жергілікті бюджет алдындағы несиелік берешегі барлығы туралы нөмірімен берілген күні көрсетілген салық органдарының анықтамалары; - бюджеттік ұйымдардың тікелей жабдықтаушы алдындағы несиелік берешегі барлығы туралы нөмірі мен берілген күні көрсетілген қазынашылық органдарының анықтамалары; - жабдықтаушылардың несиелік берешегінің нөмірі, қол қойған күні, тіркелген күні және қазынашылықтың тіркеу нөмірі көрсетілген тексеру актілері.
Тармақ 29
29. Кредиттік берешекті өтеу схемасына бюджеттік ұйымдар мен тікелей жабдықтаушының есеп айырысуға енгізілген басқа жабдықтаушылардың басшылары қол қояды, бюджеттік ұйымның несиелік берешегі тіркелген аумақтың қазынашылық органы тіркеуге алады.
Тармақ 30
30. Аумақтың қазынашылық органы схемаға несиелік берешекті тіркеудің арнаулы кодына (тоғыз таңбалы код, жабдықтаушының реттік нөмірі) сәйкес нөмір береді және есеп айырысуға қатысушы барлық жабдықтаушылардың орналасқан жерлеріндегі аумақтың қазынашылық органдарына жібереді.
Тарау 5. 5. НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
5. НЕСИЕЛІК БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП АЙЫРЫСУЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Тармақ 31
31. Облыстық қаржы басқармасы түскен құжаттарды қарайды, қажет болған жағдайда басқармалар мен басқа ұйымдардан қосымша ақпарат сұратады, негіз жеткілікті болғанда, несиелік берешекті өтеу туралы облыс әкімі өкілінің жобасын даярлайды және оны комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 32
32. Комиссия өкімінің ұсынылған жобасын қарайды, осы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлейді және өкімінің жобасын облыс әкіміне қарауға ұсынады.
Тармақ 33
33. Несиелік берешекті өтеу туралы облыс әкімінің өкімі негізінде облыстық қаржы басқармасы қаржылық рұқсат берулер даярлайды. Қаржылық рұқсат берулерге несиелік берешекті өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың реестрлері қоса беріледі.
Тармақ 34
34. Облыстық қаржы басқармасы басқармаға (бағдарламалар, әкімшісіне) реестрді қоса отырып қаржылық рұқсат беруді жазып береді. Басқарма ұйымға бюджеттік ұйымның реестріне сәйкес бюджеттік рұқсат беру туралы жазып береді.
Тармақ 35
35. Бюджеттік ұйымның шоты ашылған аумақтың қазынашылық органы қаржыландыру лимиті түскенде салық төлеушінің тіркелген жеріндегі тиісті салық органына 1998 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайына растау күніне өтелмеген бюджетке төлем жөніндегі несиелік берешектің барлығын растау үшін электрондық поштамен № 6 нысан бойынша сұрату-растау жібереді.
Тармақ 36
36. Салық органы салық төлеушінің бұрындағы тиісті анықтамада бір рет қана көрсетілген берешегін растайды, одан кейін салық төлеушінің жергілікті бюджетке несиелік берешегі барлығы расталған кезден бастап сұрату-растауда көрсетілген несиелік берешекті өтеу есебіне төлем қабылдауды қазынашылықтың тиісті органда ашылған салық төлеушінің ағымдағы шотына төлем тапсырмасы түскенге дейін төлем қабылдауды тоқтата тұрады.
Тармақ 37
37. Бюджеттік ұйым тікелей жабдықтаушы, екінші деңгейдегі банкінің ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазып береді және оны төлем төлеу үшін қазынашы органына береді.
Тармақ 38
38. Қаржыландыру лимиті түскен аумақтың қазынашылық органы салықтық орган растаған соманы немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің төлем тапсырмасында көрсетілген соманы несиелік берешекті өтеу схемасымен және бюджеттік ұйымның, ұйымның төлем тапсырмасымен салыстыра отырып тексереді. Олар бір-біріне сәйкес келген жағдайда тиесілі орнына жіберіледі. Егер салық органы растаған берешек сомасы немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің төлем тапсырмасында көрсетілген сома схемада көрсетілген сомадан кем болғанда бюджеттік ұйымның төлем тапсырмасы салық органының растауында немесе шаруашылық жүргізуші субъектісінің төлем тапсырмасында көрсетілген сомаға толтырылады. Сұратуды салық органы растамаған немесе шаруашылық жүргізуші субъектісінің төлем тапсырмасы болмаған жағдайда төлем тапсырмасын аумақтың қазынашылық органы қабылдамайды.
Тармақ 39
39. Тікелей жабдықтаушы ағымдағы шоттан «Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер» 080 шотына «Берешектің түсуі» 107101 кірісінің коды бойынша бюджетке төлем жөніндегі расталған берешек сомасына салық төлеушінің тіркелген жеріндегі салық органының РНН көрсете отырып төлем тапсырмасын жазып береді. Бұлай болғанда төлем тапсырмасында міндетті түрде төмендегідей реквизиттер көрсетілуге тиіс: МФО, шоттың нөмірі, жабдықтаушының (салық төлеушінің) атауы, тіркеудің реттік нөмірі бар тоғыз таңбалы коды және төлемнің арналуындағы мәтіндік кеңістігіндегі «Несиелік берешекті өтеу» сөзі, төлемнің атау коды (107101), шығыстардың тоғыз таңбалы коды (бюджеттік ұйымдар үшін), төлем сомасы.
Тармақ 40
40. Тікелей жабдықтаушыда жергілікті бюджетке төлем бойынша несиелік берешек болмаған жағдайда тікелей жабдықтаушы 2 жабдықтаушының орналасқан жерінде аумақтың қазынашылық органы ашқан ағымдағы шотына расталған берешек сомасына төлем тапсырмасын жазады. 2 жабдықтаушы, өз кезегінде, осы ереженің 39 тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің кірісіне төлем тапсырмасын жазады. Схемаға сәйкес бірнеше жабдықтаушы қатысқан жағдайда төлем тапсырмасы бір жабдықтаушының ағымдағы шотынан келесі жабдықтаушының ағымдағы шотына жазылады.
Тармақ 41
41. Жергілікті бюджеттің кірісіне соңғы төлем өткізілгеннен кейін аумақтың қазынашылық органы өтеу схемасына электрондық поштамен төлем жүргізілген тиісті қазынашылық органдарға төлем тапсырмасын жібереді. Жауапты орындаушы төлем тапсырмасын арнаулы ашылған іске тігеді және несиелік берешекті өтеу схемасына, несиелік берешекті тіркеу журналы мен жабдықтаушылардың несиелік берешегін тексеру актілерін тіркеу журналына белгі соғады. Оның сыртына, салық төлеушінің ағымдағы шоты ашылған аумақтың қазынашылық органы салық төлеуші тіркелген салық органына бұрындағы осы салық органы растаған оның жергілікті бюджетке төлемдері бойынша несиелік берешегін өтегені туралы № 6 нысан бойынша растау жібереді.
Тарау 6. 6. ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
6. ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
Тармақ 42
42. Төлем тапсырмасының көшірмесі негізінде бюджеттік ұйым бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп беруде тікелей жабдықтаушының алдындағы несиелік берешектің өтелуін көрсетеді. Мемлекеттік мекеме болып табылмайтын бюджеттік ұйымдар несиелік берешекті өтеу сомасына аумақтың қазынашылық органдарына несиелік берешекті өтеу жүргізілген бюджеттік классификациясы бағдарламасы бойынша «Ұйымның шығыстар сметасын орындау жайындағы есеп» (0603008 код) № 2 нысанымен есеп береді. Берілген есептер тексерілгеннен кейін қазынашылықтың жауапты орындаушысы жоғары оң жақ бұрыштан бақылау визасы мен бұрыштама соғады. Қазынашылықтың визасы мен бұрыштамасы соғылған есеп беру бюджеттік ұйымға қайтарылады, ол оны белгіленген мерзімде басқармаға (әкімші бағдарламаға) жібереді. Мемлекеттік мекеме болып табылатын бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүргізудегі берешектерін өтеуді көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген, жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп беру «Бухгалтерлік ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есеп берулерінің көлемі мен нысаны туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықта көрсетілген тәртіп пен мерзімде беріледі.
Тармақ 43
43. Аумақтың салық органы төлем тапсырмасын және осы ереженің 41 тармағында қарастырылған тәртіпте берілген аумақтың қазынашылық органының растамасын алғаннан кейін салық төлеушінің аумақтық салық органының растамасында немесе салық органының анықтамасындағы төлем түрлері бойынша төлем тапсырмасында көрсетілген сомаға тең жалпы сомаға несиелік берешекті есептен шығарады. Түсімдер туралы есеп беруде бұл төлемдер 107101 «Берешекті өтеу» бойынша көрсетіледі.
Тармақ 44
44. Есеп беруде бір жабдықтаушының келесі жабдықтаушы алдындағы несиелік берешегін есептен шығаруға ағымдағы шоттан жазып алынған көшірме және аумақтың қазынашылық органы куәландырған төлем тапсырмасының көшірмесі негіз болып табылады.
Тарау 7. 7. ЖАУАПКЕРШІЛІК
7. ЖАУАПКЕРШІЛІК
Тармақ 45
45. Басқармалар (әкімші - бағдарламалар), бюджеттік ұйымдар, тікелей жабдықтаушылар, жабдықтаушылар, аумақтың қазынашылық органдары, салық органдары және басқа ұйымдар дұрыс емес және көре тұра жалған мәліметтер бергендері үшін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап береді.