Қолданыстағы ред. 01.06.2017 (Редакция 42740_192372.kaz)

Бесқоспа ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы от 24.11.2008 г. № 34 (Бесқоспа ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы)

0

Бесқоспа ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Алға ауданының Бесқоспа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бесқоспа ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, төмендегідей елді-мекендерге көше атаулары берілсін:

1.1

1.1. Темрей елді-мекеніне–Диханшылар көшесі. Көшеге елді-мекендегі барлық үйлер жатқызылады.

1.2

1.2. Қызыл-Ту елді-мекеніне-Тәуелсіздік көшесі. Көшеге елді-мекендегі барлық үйлер жатқызылады.

1.3

1.3 Табантал елді-мекеніне–Құрылысшылар көшесі. Көшеге елді-мекендегі барлық үйлер жатқызылады.

2

2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды жетекші маманның міндетін атқарушы Б.О. Хайтбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы шешім қол қойылып, аудандық әділет басқармасынан тіркелуден өткеннен кейін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді.