Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О государственном предприятии"

Заң · № 469 · қабылданған 03.10.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4278/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О государственном предприятии" Қолданыста 03.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О государственном предприятии"

Қолданыста Заң № 469 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О государственном предприятии"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
469
Қабылданған күні
03.10.1999
Көрсетілген редакция
03.10.1999 AI4278_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000469_
ЭКБ идентификаторы
4278
Редакция идентификаторы
AI4278_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:53
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Құрылтайшының (уәкілетті органның) мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруіне жол берілмейді.";

2) 40-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Қазыналық кәсіпорындар монополиялық жолмен өндіретін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) бағаларды көтеруге жол бермеу мақсатында оларды мемлекеттік реттеуді бағалар мен тарифтерді реттеу жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып уәкілетті орган жүргізеді.".