Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты шектеу қою туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты шектеу қою туралы
- Атауы (қаз.)
- Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 250
- Қабылданған күні
- 13.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2010 · қолданыстағы AI42789_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08LC000127
- ЭКБ идентификаторы
- 42789
- Редакция идентификаторы
- AI42789_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:36
0 Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты шектеу қою туралы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды Арал аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 2008 жылғы 28 қазандағы N 556 санды ұсынысына сәйкес адам мен жануарларды сарып ауруынан қорғау және аурудың алдын алу мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сарып ауруының індетті ошағын жою және сауықтыру мақсатында
Қарақұм ауылдық округінің Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде сарып ауруына байланысты шектеу қойылсын.
2 2. Қарақұм ауылдық округінің әкіміне (Б.Шәненов) шектеуге байланысты Абай және Ерімбетжаға елді мекендерінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың толық, өз мәнінде жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Арал аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. Әбішевтен (келісімі бойынша) шектеуге байланысты атқарылатын ветеринариялық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету сұралсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Дабыловқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Мұсабаев