Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Межрегиональный профессиональный центр по подготовке и переподготовке кадров технического и обслуживающего труда для машиностроительной отрасли" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қаулы · № 1196 · қабылданған 22.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42837/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Межрегиональный профессиональный центр по подготовке и переподготовке кадров технического и обслуживающего труда для машиностроительной отрасли" Министерства образования и науки Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1196 ·22.12.2008
31.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Межрегиональный профессиональный центр по подготовке и переподготовке кадров технического и обслуживающего труда для машиностроительной отрасли" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1196 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Межрегиональный профессиональный центр по подготовке и переподготовке кадров технического и обслуживающего труда для машиностроительной отрасли" Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1196
Қабылданған күні
22.12.2008
Көрсетілген редакция
31.01.2020 42837_446940.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080001196_
ЭКБ идентификаторы
42837
Редакция идентификаторы
42837_446940
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:20

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

"Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3 3) Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығын салуды;

4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-11-жолмен толықтырылсын:
"77-11. "Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық".

6 6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы