Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства на возвратной основе

Өзге акт · № 763 · қабылданған 03.10.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4287/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства на возвратной основе Күшін жойған 03.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства на возвратной основе

Күшін жойған Өзге акт № 763 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по финансовой поддержке субъектов малого предпринимательства на возвратной основе
Атауы (қаз.)
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қайтарып беру негізінде қаржылық қолдау жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
763
Қабылданған күні
03.10.1999
Көрсетілген редакция
03.10.1999 4287_261337.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99V0000240
ЭКБ идентификаторы
4287
Редакция идентификаторы
4287_261337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қайтарып

беру негізінде қаржылық қолдау жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңын орындау үшін және "1999
жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихатының ХIХ
сессиясының 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 19/2 шешiмiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы" облыстық мәслихаттың ХХI сессиясының 1999
жылғы 13 мамырдағы N 21/6 шешiмiне сәйкес
ШЕШIМ қабылдаймын:

1. "Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет қаражаттарынан

кредиттеу тәртiбi мен шарттары туралы" Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).

2. Облыстық бюджет қаражаттарынан кредиттеу үшін шағын бизнес

субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамы
бекiтiлсiн (N 2 қосымша).

3. "Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет қаражаттарынан

кредиттеу тәртiбi мен шарттары туралы" Ереженi жүзеге асыру жөнiндегi
уәкiлдiк органдар болып шағын бизнестi қолдау жөнiндегi облыстық
департамент, облыстық қаржы басқармасы, "Кәсiпкерлiктi дамыту мен
қолдаудың Шығыс Қазақстан облыстық Орталығы" мемлекеттiк коммуналдық
кәсiпорны және облыстық екiншi деңгейдегi банктерi белгiленсiн.

4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi

орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.

5 Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет қаражаттарынан кредиттеудiң тәртiбi мен шарттары туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1999 жылғы "04" қазандағы N 763
шешiмiне N 1 қосымша
Шағын бизнес субъектiлерiн облыстық бюджет
қаражаттарынан кредиттеудiң тәртiбi мен шарттары туралы
Е Р Е Ж Е

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1. Осы Ереже "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы"

Қазақстан Республикасының Заңы, шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың
1999-2000 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
негiзiнде әзiрлендi.

2. Осы Ереже облыстық бюджетте "Жергiлiктi деңгейде шағын

кәсіпкерлiктi қолдау" бюджеттiк сыныптау коды бойынша тиiстi жылға
көзделген қаражаттарды пайдалану тәртiбiн және негiзгi шарттарын
белгiлейдi.

3. Ереженiң мақсаты мен мiндеттерi: Шығыс Қазақстан облысында шағын

бизнестi дамытуды мемлекеттiк қолдау мен көтермелеу, шағын кәсіпкерлiктi
дамытудың басымдық бағыттарын қамтамасыз ету, импортты ауыстыратын өндiрiс
құру, шағын бизнес субъектiлерiнiң облыста әлеуметтiк-экономикалық
жағдайды тұрақтандыруға қатысуы, халықты жұмыспен қамту проблемасын шешу.

4. Кредиттеудiң көздерi тиiстi жылға бекiтiлген облыстық бюджет

қаражаттары, екiншi деңгейдегi өкiлеттi банктiң (бұдан әрi- Банк) әрбiр
кредиттiк шарт бойынша тең үлестерiмен өз қаражаттары болып табылады.

5. Бюджеттен қаражаттар облыс әкiмiнiң өкiмi бойынша қайтарып беру

негiзiнде бөлiнедi және банкке пайызсыз депозит шотына орналастырылады.

6. Кредиттер алушылар шағын бизнестiң субъектiлерi болып табылатын

заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып
табылады.

7. Кредиттеуге ұсынылатын жобаларды iрiктеу конкурстық негiзде

жүргiзiледi. Конкурсты өткiзу үшін облыстық өкiлеттi және атқарушы өкiмет
органдарының, "Кәсіпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Шығыс Қазақстан облыстық
Орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорны өкiлдерiнiң құрамында
конкурстык комиссия құрылады.
Комиссия:

1) конкурстар өткiзу мерзiмдерiн белгiлейдi;

2) жобаларды қарау мен iрiктеудi өткiзедi;

3) жобаларды кредиттеуге ұсынады.

Басымдық бағыттар мыналар болып табылады:

1) ауылшаруашылығы өнiмдерiн өңдеу;

2) тағам өнiмдерiн өндiру;

3) құрылыс және өңдеу материалдарын өндiру;

4) ғылыми кеңiстi өндiрiстi дамыту, жаңа технологияны енгiзу;

5) ыдыстар және орау материалдарын өндiру;

6) жиЅаздар және оларды дайындау үшін материалдар өндiру;

7) қызмет көрсету саласын және халықты тұрмыстық қамтуды дамыту.

II. ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖәНЕ ҚАРАУ ТәРТIБI

1. Қарыз берушi тапсырыс пен құжаттарды кәсіпкерлiктi дамыту мен

қолдаудың Шығыс Қазақстан облыстық Орталығына (бұдан әрi -Орталық) бередi.

2. Тiзбеге және құжаттарды ресiмдеуге талаптарды Банк, оның кредиттiк

саясатына сәйкес, және кәсіпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Орталығы қояды.

3. Орталық Банкпен бiрге жобаны экономикалық және заңдылық сараптауды

жүргiзедi, қорытындысын комиссияға жiбередi (бизнес-жоспарды талдау,
кәсіпорынмен танысу және басқалары).

4. Комиссияның және Банк өкiлiнiң отырысында берiлген құжаттар

зерттеледi және оңды шешiлген жағдайда жоба кредиттеуге ұсынылады.
Комиссия шешiмi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер ол үшін
комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлгенде қабылданды
деп саналады.

Ш. КРЕДИТТЕУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI

5. Кредиттеуге қабылданбаған жобалар бас тарту себептерiн хабарлаумен
бiрге қайтарып беруге жатады.
Ш. КРЕДИТТЕУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI

1. Кредиттеу қаражаттар бөлу туралы облыс әкiмiнiң өкiмiне сәйкес

және әкiм аппараты мен Банк арасында осы Ереженi және Қазақстан
Республикасының жақтардың өзара мiндеттемелерi мен экономикалық
жауапкершiлiгiн белгiлейтiн басқа да нормативтiк құқылық актiлерiн ескерiп
жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Бюджеттiк қаражаттарды депозиттiк шотта орналастыру үшін қажеттi

шарт Банктiң оларды қайтарып беру жөнiнде кепiлдiктер беруi болып табылады.

3. Банк Заемщиктерге кредиттер берудi Банк пен Заемщик арасында

жасалған шарт негiзiнде жүргiзедi.

4. Кредит алу үшін Заемщик Банкке кредиттi қайтарып беру жөнiнде өз

мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ететiн құжаттарды: кепiлдiктер,
мүлiктiк кепiлдеме бередi.

5. Заемщик кредиттiк қаражаттарды жалақы жөнiндегi берешектердi,

бюджетке және бюджеттiк емес қорға төлемдердi өтеу үшін пайдалана алмайды.

6. Кредиттiк қаражаттар Заемщикке 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мерзiмге

берiледi.

7. Заемщикке қаражаттар сыйлық ставкасымен қоса Қазақстан

Республикасының Ұлттық банкiнiң керi қаржыландыру ставкасының жартысынан
асырмай берiледi. Бюджет қаражаттары пайыссыз негiзде берiледi.

8. Жоба бойынша кредиттiк соманын ең көп мөлшерi бес миллион теңге

құрайды.

9. Банк қайтарып беретiн қаражаттар облыстық бюджетке тиiстi

бюджеттiк сыныптау коды бойынша Қазақстан Республикасының қаржы
министрлiгi бекiткен сыныптауға сәйкес қосылады.

IV. КРЕДИТТI МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШIН БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

1. Заемщиктерге берiлген қаражаттарды мақсатты пайдалану үшін бақылау

жасауды Банк, қалалар мен аудандардың әкiмдерi жүзеге асырады.

2. Бюджеттiк қаражаттарды мақсатты пайдалану және дер кезiнде

қайтарып беру үшін бақылау жасауды облыстық қаржы басқармасы жүзеге
асырады.

3. Облыстық қаржы басқармасы және Банк қаржыландырудың, пайдаланудың,

өтеудiң және кредиттi қамтудың барысы, сондай-ақ кредиттiк шарттардың
жағдайларын бұзушылық туралы ақпаратты шағын бизнестi қолдау
департаментiне ай сайын бередi.
Шығыс Қазақстан облысы әкiмi
аппаратының басшысы
Т.ИБРАЕВ

43 Облыстық бюджеттiк қаражаттарынан кредиттеу үшін шағын бизнес субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссияның

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1999 жылғы " 04 " қазандағы N 763
шешiмiне N 2 қосымша
Облыстық бюджеттiк қаражаттарынан кредиттеу үшін шағын
бизнес субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi
конкурстық комиссияның
Қ Ұ Р А М Ы
Шығыс Қазақстан облысы
аппаратының басшысы
Т.ИБРАЕВ