Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Ереже · № С-9/3 · қабылданған 13.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42890/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Ереже ·№ С-9/3 ·13.11.2008
13.11.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Ереже ·№ С-9/3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-9/3
Қабылданған күні
13.11.2008
Көрсетілген редакция
13.11.2008 42890_300022.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BS000141
ЭКБ идентификаторы
42890
Редакция идентификаторы
42890_300022
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:37

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің» 53 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

3 Щучье аудандық маслихаттың

2008 жылғы 13 қарашадағы
№ С-9/3 шешімімен
бекітілген
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері

1 1. Жалпы ережелер.

1 1. Осы ережелер 007-000 «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша көмекті қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.

2 2. Осы ережелерді қабылдауға құқықтық негіз болып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасы табылады.

3 3. Әлеуметтік көмек көрсету уәкілетті органы «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып саналады.

2 2. Әлеуметтік көмек алу құқығы.

4 4. Нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар тоқсан сайын әлеуметтік көмек алуға құқықты.

5 5. Отбасы (азаматтар) кірістері есептелмей бір жолғы материалдық көмек беріледі:

1 1) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезіндегі қосымша тамақтануға;

2 2) қайтыс болған азаматтардың жекелеген санаттарын жерлеуге:

қайтыс болған балаға;
қайтыс болған жұмыссыз азаматтарға:
егер қайтыс болған адам сол күнге дейін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз есебінде тіркелген болса;

3 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі.

6 6. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі өтініш, оны алуға құкығы бар тұлғамен, сәйкесті құжаттарды қоса беріледі.

7 7. Нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек, өтініш берілген күнге байланысты емес, тоқсанға төленеді.

8 8. Әлеуметтік көмек тағайындау, қажетті кұжаттар тапсырылғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде қарастырылады.

9 9. Өтініш беруші, өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дүрыстығына заңнамаға сәйкес жауап береді.

4 4. Қажетті құжаттардың тізбесі.

10 10. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау құқығын куәләндіретін құжаттар:

1 1) өтініш;

2 2) жеке куәлік; балалар үшін - тууы туралы куәлік және ата-анасының (қамқоршының) жеке куәліктері;

Туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтандыру үшін:

3 3) тұратын жерін куәләндірәтін құжат;

4 4) «Щучье аймақтық туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік мекемесімен берілген анықтама;

Қайтыс болған азаматтардың жеке санаттарын жерлеуге:

5 5) қайтыс болғаны туралы анықтама (сақтандыру кассасына ұсыну үшін);

6 6) қайтыс болғаны туралы куәлік;

7 7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның анықтамасы;

8 8) қайтыс болғанның тұрған жерін куәләндірәтін құжат.

11 11. Нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек, өтініш негізінде тағайындалады.

12 12. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар, салыстыру үшін, түпнұсқа және көшірме түрінде тапсырылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

5 5. Әлеуметтік көмектің көлемі және төлеу.

13 13. Азаматтардың жеке санаттарына келесі әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1 1) нан және негізгі азық-түлік тағамдарының бағасының өсуіне байланысты әрбір отбасы мүшесіне 0,5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде;

2 2) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезеңінде қосымша тамаққа 5000 теңге мөлшерінде;

3 3) қайтыс болған азаматтардың жеке санатын жерлеуге көмек, қайтыс болған күннен алты айдан кешіктірілмей арыз берілген жағдайда, осы жылға арналған Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заныңда белгіленген он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде.

14 14. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру, қаржымен қамтамасыз етілуіне байланысты, жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Қолданыстағы