Құжат мәтініне өту

О создании акционерного общества "Фонд духовного развития народа Казахстан"

Қаулы · № 1226 · қабылданған 23.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-42907/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О создании акционерного общества "Фонд духовного развития народа Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 1226 ·23.12.2008
24.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании акционерного общества "Фонд духовного развития народа Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1226 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании акционерного общества "Фонд духовного развития народа Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1226
Қабылданған күні
23.12.2008
Көрсетілген редакция
24.02.2017 AI42907_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080001226_
ЭКБ идентификаторы
42907
Редакция идентификаторы
AI42907_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:18

0 "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын құру туралы

"Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамын құру және қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 703 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:

1 1) Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлерінің дамуына тұрақты мониторинг жүргізу және оны қолдау;

2 2) қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке кірігуін дамыту және тереңдету жөніндегі серпінді жобаларды іске асыру;

3 3) Қазақстан Республикасын әлемдік мәдени кеңістікке сәйкестендіру жөніндегі зерттеу мен негіздеме;

4 4) мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды талдау және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

5 5) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін рухани байытуға және

олардың халықаралық мәдени алмасуға қатысуына жәрдемдесу;

6 6) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жыл сайынғы байқау-конкурстар, фестивальдар, семинарлар, мұражай және кітап көрмелерін ұйымдастыруға және өткізуге ықпал ету болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2 2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беруді;

4 4) қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды 58400000 (елу сегіз миллион терт жүз мың) теңге мөлшерінде 019 "Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен көзделген қаражат есебінен жүзеге асыруды;

5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1394 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2008 жы­л­ғы 23 жел­тоқ­сан­да­ғы
N 1226 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншік түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-95-жолмен толықтырылсын:
"21-95. "Қазақстан халқының рухани даму қоры" АҚ".

2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетілген қаулыға қосымшада :
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы 224-33-бөліммен толықтырылсын:
"224-33. "Қазақстан халқының рухани даму қоры" АҚ".

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

4 4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 31, 316-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде :
"Өзге ұйымдар" деген бөлімнің реттік нөмірі 34-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"34. "Қазақстан халқының рухани даму қоры" акционерлік қоғамы".

Қолданыстағы