Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 08.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2014 AI42936_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VL000068
- ЭКБ идентификаторы
- 42936
- Редакция идентификаторы
- AI42936_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:08
0 Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес анықталсын.
2 2. Тізбе келісуге Зырян ауданының мәслихатына ұсынылсын.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға қолданылады.
4 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі селолық округтері, кент әкімдері аппараттарының ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
Зырян ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 08 шілдедегі
№ 410 қаулысына
1 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі селолық округтері,
кент әкімдері аппараттарының ауылдық (селолық) жердегі жұмысы
үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік
қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі
1 1. Әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарлама бөлімінің бастығы
Р. Оспанова
6 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Зырян ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім мамандары лауазымдарының тізбесі
Зырян ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 08 шілдедегі
№ 410 қаулысына
2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Зырян ауданының білім
беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық)
жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген білім мамандары лауазымдарының
тізбесі
1 1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, меңгерушісі, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана меңгерушілері.
2
2. Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандықтар мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, көркемдік жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогі, педагог-психолог.
3 3. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: кітапханашы, жолбасшы, хореограф, медицина жұмысшысы.
Білім бөлімінің бастығы
С. Винивитин
10 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Зырян ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Зырян ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 08 шілдедегі
№ 410 қаулысына
3 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Зырян ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық
(селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының
тізбесі
1 1. Ауылдық мәдениет мекемелерінің директорлары мен меңгерушілері.
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары (бас, аға), соның ішінде: кітапханашы, музыкалық жетекші, халық ұжымдарының жетекшісі, халық ансамблінің жетекшісі, көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшісі, хор жетекшісі, студия жетекшісі, үйірме жетекшісі, топ жетекшісі, хореограф, бос уақытты ұйымдастырушы, концертмейстер, бұқаралық іс–шаралар режиссері.
3. Техникалық орындаушылар, соның ішінде дыбыс операторы.
Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бастығы
Р. Шульмина