О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1227
- Қабылданған күні
- 23.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2016 AI42940_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080001227_
- ЭКБ идентификаторы
- 42940
- Редакция идентификаторы
- AI42940_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:16
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 887 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2) "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағанындағы "1720151,0" деген сандар "1434671,0" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолда:
2-бағандағы "бағдарламалық өнімдерді" деген сөздерден кейін ", автокөлік құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағандағы "519333,0" деген сандар "804813,0" деген сандармен ауыстырылсын;
3 3) "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысында :
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
осы қаулыға 384-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Облыстық департаменттер құрамындағы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың статистика бөлімдері үшін автокөлік құралдарын сатып алу".